Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 4 «а» класс оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш класс оқушылары.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1. Ақмурзин Есенжол Жұмағалейұлы
2. Алпамысов Досхан Қайратұлы

2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Таңсықбаева Ақөрік Сағырбайқызы
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шамакова Динара Уразбаевна
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Дюсембаев Бекболат Есенжолұлы

1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау.

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

1 – кеспе қағаз.
1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? )барлық қабырғаларын қосамыз немесе ені мен ұзындығын қосып, 2-ге көбейтеміз)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар. Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
3. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
2– кеспе қағаз.
1. 3 санының кубы нешеге тең?( 27)
4. Кітапқа, оқушыға сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Барыс септік)
5. Түйе пірі? (Ойсылқара)
3– кеспе қағаз.
1. 8 санының квадраты нешеге тең?( 64)
2. Кітаптан, оқушыдан сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Шығыс септік)
3. Қой пірі? (Шопан ата)
4– кеспе қағаз.
1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін қосып екіге көбейтеміз немесе барлық қабырғаларын қосамыз )
2. Кітаппен, оқушымен сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Көмектес септік)
3. Сиыр пірі? (Зеңгібаба)
5– кеспе қағаз.
1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады.
2. Кітаптың, оқушының сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы? (Ілік септік)
3. Жылқы пірі? (Қамбарата)
6– кеспе қағаз.
1. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
2. 2 санының квадраты нешеге тең? (8)
3. Мен, сен, сіз, ол, біз қандай сөз табына жатады? (есімдік)
7– кеспе қағаз.
1. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады? (Диалог)
2. Мәтін түрлерін ата? (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау)
3. Кез келген санға 0 – ді қосқанда ...шығады. (сол санның өзі)
8– кеспе қағаз.
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай Құнанбаев)
2. Сөйлем түрлерін ата? (лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем)
3. 3 * 4 көбейтіндінің мәні нешеге тең? (12)

2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.

1 – жүргізуші.
Мықты болсаң тығырықтан шыға біл
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын тамашалайық.

2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, класымыздың аруы Мұхит Әсемнің орындауында «Қаражорға» әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

1 – кеспе қағаз.
1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Қазақтың үш биін ата?

2– кеспе қағаз.
1. 3 санының кубы нешеге тең?
2. Кітапқа, оқушыға сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?
3. Түйе пірі?

3– кеспе қағаз.
1. 9 санының квадраты нешеге тең?(
2. Кітаптан, оқушыдан сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?
3. Қой пірі?

4– кеспе қағаз.
1. 2 санынын кубы нешеге тең?
2. Кітаппен, оқушымен сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?
3. Сиыр пірі?

5– кеспе қағаз.
1. Кез келген санды 1-ге көбейткенде ...шығады.
2. Кітаптың, оқушының сөздеріндегі жалғау қай септіктің жалғауы?
3. Жылқы пірі?

6– кеспе қағаз.
1. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы?
2. 3 санының квадраты нешеге тең?
3. Мен, сен, сіз, ол, біз қандай сөз табына жатады?

7– кеспе қағаз.
1. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлеулері не деп аталады?
2. Мен, пен, бен, және қандай сөз табы?
3. Кез келген санға 0 – ді қосқанда ...шығады.

8– кеспе қағаз.
1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?
2. Бүгін, кеше, таңертең қандай сөз табы?
3. 3 * 4 көбейтіндінің мәні нешеге тең?
58 317
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны байқауы
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны тәрбиелік шара Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×