Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз келді алақай!

25 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жаз келді алақай!
Мақсаты: Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрену
Міндеттері: Ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдап, дұрыс жауап беруге баулу. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Құралдар: Жаз мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер.
Әдістер мен тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап
Сөздік жұмыс: жаз.
Билингвальды компонент: жаз - лето
Күтілетін нәтиже:
Өндіреді: жаз мезгілінің айларын.
Түсінеді: әр түрлі гүлдерді
Қолданады: Жаз мезгілі туралы жалпы түсінікті.

Кіріспе бөлім. Амандасу
(Қайырлы күн, сәлеметсіз бе?, хош келдіңіздер, төрлетіңіздер, Good morning!)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман – есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен, басынан сипалап, бетінен ұстап, құшақтап)

Негізгі бөлім - - Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Айнала қандай?
Дала қандай?
- Ал ағаштар ше?
- Ауа қандай?
- Терезеге не түсіп тұр бар?
Жаз қандай болады?
көңілді, т. б
Жазда бау - бақшада не өседі?
- Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы
Жылдың төрт мезгілі бар: …, …, …, ….
Бір жылда … ай бар.
Жаз айлары: …, …, ….
Ең ыстық жыл мезгілі: ….
Қазір жаздың алғашқы айы
Иә білемін айнала гүлденіп, жап - жасыл күйге енеді.
Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз. Саябаққа, орманға саяхаттаймыз.
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Бұл жылдың қай мезгілі?
Жазда қандай өзгерістер болады?
Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?
Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жаз айлары жайлы біз не білеміз?.
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді. Орман тоғайларға барып, жидек, саңырауқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді..
Жаз – мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сұлу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір - түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкене балақан
Үп - үлкен боп өседі.
Жаз келді алақай! жүктеу
23 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Көкөністердің бақшада өсетіндігін түсіндіру. Көкөністері сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуге үйрету.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көктем келді
Көктем келді
Балалар, көктемде күн шуағын шашады, қар ериді, жерге жасыл шөптер шығады, түрлі гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады, бұтақтарға жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды,
Күміс қыс
Күміс қыс
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады? Жерді қар басады. Өзенді мұз басады. Құстар ән салмайды. Ағаштар өспейді. Жәндіктер тығылып қалады. Адамдар қалың киінеді. Қыс айлары жайлы біз не білеміз?. Желтоқсан - жыл аяғы қыстың басы ол, суық,
Күміс қыс
Күміс қыс
Екібастұз қаласы №23 «Балауса» мектепке дейінгі мекеме Абдинова Ү. Д Тіл дамыту Ашық сабақ Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: «Күміс қыс»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×