Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем келді

18 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Көктем келді
«Балақай» 2 - кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тараулар: Экология негіздері
Мақсаты: Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру, тілдерін дамытып, ой - өрісін кеңейту, грамматикалық түрде жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге, құстарға, ағаштарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Методикалық әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету,, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Керекті құралдар: Слайд, көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер.
Билингвальді компонент: көктем - весна

Танымды – оятушылық
Шаттық шеңбері
- Балалар, барлығымыз жылулық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Шаттық шеңберіне тұрып, қимыл арқылы жасайды.
Ал, балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Слайд көрсету: Көктем мезгілінің табиғат құбылысының дыбыстары:
аққан су, жел, құстың дыбыстарын тыңдайды.
- Балалар, бұл ненің дыбыстары?
- Иә, балалар, бұл табиғат құбылыстарының дыбыстары.
- Демек, бұл жылдың қай мезгілі?
Билингвальді компонент: көктем - весна

Жаңа тақырып:
- Балалар, көктемде күн шуағын шашады, қар ериді, жерге жасыл шөптер шығады, түрлі гүлдер өседі,
ағаштар бүршік жарады, бұтақтарға жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды, адамдар жеңіл киінеді. Көктем тамаша жыл мезгілі.
(бейнелер слайдтан көрсетіледі)

Ұйымдастыру - іздестіру (Осы кезде әдемі әуен қосылады топқа орманшы қонаққа келгенін хабарлайды)
Орманшы жай келмегенін, өзімен бірге тапсырмалар әкелгенін айтады.
Дид. ойын: «Суретті жалғастыр»
Орманшының көктем мезгілі туралы әкелген суретін аяқтап беруді ұсынады.

Дид. ойын: «Жақсы - жаман»
Көктем мезгілінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтуды, жағымды қасиеттерін қызыл текшемен, жағымсыз қасиеттерін көк текшемен белгілеуді ұсынады.
Орманшыға көктем туралы тақпақ айтып беруді ұсынады.

- Балалар, көктем мезгілінде нелер тіріледі?
- Қандай құстар ұшып келеді?
- Ең бірінші ұшып келетін қай құс?
- Ұзақты қандай құс деп атайды?

Дид. ойын: «Төртінші артық»
Суретті карточкаларды таратып ішінен не артық екенін табуды ұсынады. Мысалы: құмырсқа, ара, көбелек, қоян (мұнда қоян артық, өйткені ол аң). қар, жаңбыр, жел, ағаш (мұнда ағаш артық, өйткені ол табиғат құбылыстарына жатпайды, өсімдік.

Сергіту сәті:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

Дид. ойын: «Аялы алақан»
Қиылған алақан суретіне жәндіктердің, құстардың, аңдардың суретін жапсырып, сол сурет бойынша әңгімелеуді ұсынады.

Рефлексифті - түзету
Қорытындылайды:
- Міне, балалар мынау біздің алақанымыз. Бүкіл тірі, өлі табиғат біздің қолымызда.
- Сондықтан, біз табиғатты не істеуіміз керек?

Орманшы балаларды мақтап риза болғанын айтып, әдемі гүлдер таратып, бағалайды да, қоштасып шығып кетеді.
Рефлексия:
Тақтадағы көктем мезгілінің суретіне бүгінгі оқу қызметі ұнаса қызыл түсті гүлді, ұнамаса көк түсті гүлді желімдеуді ұсынады

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көктем мезгілі, көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы.
Болу керек: Тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері, құстар, жәндіктер туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, заттарды сипаттауды.

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Саменова Мейрамгуль Ариновна
2 912
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×