Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - 4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау, зейін және қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар

22 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 - 4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау, зейін және қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар.

Түзету - дамыту жұмыстарына арналған

Бағдарламадағы құрастырылып, жинақталған жаттығулар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған Түзету - дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға көмек ретінде жалпы білім саласындағы педагог - психологтарына арналған.
Кіріспе.
Адамға ең бірінші білім емес,
рухани тәрбие берілу керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
(Әл - Фараби)
Балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан - жақты зерттеу - мектеп психологының басты міндеті болып табылады. Бастауыш сынып сатысындағы балалар арасында қарым - қатынас дағдылары қалыптаспаған, оқшауланған, гиперактивті, зейіні тұрақсыз, есте сақтау қабілеті нашар оқушылар өте жиі кездеседі. Осы аталған мәселелер Қазақстанда теориялық тұрғыдан зерттелгенімен практикалық тұрғыда назардан тыс қалып отыр.
Көптеген, жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды мемлекеттік тілде қолайлы бағдарламалар болмауы кедергі тудырады.
Қарым - қатынас - балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден – бір фактор болып табылады. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлауын, есте сақтауын, зейінін жетілдіруі - осының бәрі аталған еңбекте қарастырылып психологтың баламен бірлескен іс - әрекетіне құрылған.
Берілген тапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлануына ықпал ететін болса, екінші кезеңде ойын, жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс - әрекетті тікелей орындау арқылы аталған психикалық процестердің дамуын анықтайды. жаттығулардың бәрі баланың мектепте табысты оқуына ықпал жасайтыны сөзсіз.
Бағдарламаның ерекшелігі: әр сабақтың соңында үйге тапсырмалар беріліп, баланың ата - анасымен бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.
Тапсырмаларды орындау барысында баланың іс - әрекетті орындауы қатесіз дұрыс болса төменгі мақтау сөздерімен ұштасады:
- Тамаша!
- Жарайсың!
- Жақсы!
- Өте жақсы!
Есті сақтауды дамытуға арналған сабақтар.

Сабақ 1.
Мақсаты: Баланың өз бетімен іс - әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабілетімен есте сақтауын дамыту.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: қарындаш, ақ парақ, түрлі - түсті бояу қарындаш, фломастер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу. Балалар бір - бірімен сәлемдесіп болған соң оларға ойын ұсынылады. «Сәнді қимыл» ойыны. Әрқайсысы өз ойынан қимыл ойлап, бөлме ішінде ары - бері қимылды көрсетіп 2 - 3 минут жүреді. Кімнің қимылы сәнді? Назар аударғандары ұнаған қимылдарын салып, ойынды жалғастырады.
Сабақтың мазмұны.
1 жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту».
Мақсаты: Баланың бейнелі ойлауын жетілдіру.
Жүргізуші: «Мен сендерге мысалдар айтамын, ал сендер әр айтылған мысал сайын көздеріңді жұмып, суреттен көріп отырғандай елестетіңдер».
*Елікке шабуыл жасаған арыстан.
*Құйрығын бұлғаңдатып тұрған ит.
*Көжеге түскен шыбын.
*Қараңғыда түскен найзағай.
*Сүйікті көйлегіне түскен дақ.
*Күн көзінде жалтылдаған тамшылар.
*Сүйікті ойыншығыңды ұрлап бара жатқан досың.
Енді жоғарыда айтылған мысалдарды естеріңе түсіріп, ақ параққа жазып көрсетіңдер. Бұл жаттығуды қолдану арқылы баланың көру есін дамытуға болады.
Сергіту сәті. Көрініс: «Сорғыш және доп»
Мақсаты: жекелей бұлшық ет топтарын жаттықтыруға арналған. Ойынға екеу қатысады. Біреуі үлкен үрленген доп, екіншісі допты сорғышпен үрлейді. Денесі желге толған «доп» аяқтары бүгіліп, қолы, мойыны босап, өзін еркін сезінеді. Басы төмен салбырап, доп ауамен толық толтырылмаған. «Сорғыш» допты үрлей бастайды. Қолдың әр үрлеген қимылы сайын «с» деген дыбыс шығады. Ауа толған сайын қолдары денесінен алшақтап, басын жоғары көтереді. Доп дөп - дөңгелек болып үрленеді, шлангасын ағытып жібергенде күшпен «ш» деген дыбысы шығады.
Денесі қайта босаңсып, бастапқы қалпына келеді. Соңында ойыншылар орындарын ауыстырады.

Сабақ 2.
Мақсаты: Баланың қарым - қатынас дағдысын қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауын дамытумен қатар зейінін, көру арқылы есте сақтауын дамыту.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар мен таяқшалар, бояулар мен фломастер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу: сәлемдесу аяқталған соң баланың жігерлілік, табандылық сияқты қасиеттерін дамытуға байланысты ойын ұсынылады. Балалар шеңбер жасап турады. Олардың арасынан уақытша ойыннан шыға тұратын баланы өздері таңдайды. Ұйымдастырушыны баланың рөлі – ортаға шығып, әртүрлі қимыл көрсетіп, қалғандары сол қимылды айнытпай қайталауы керек. Уақытша ойыннан шыққан бала қайтып келіп, шеңбер бойыны тұрып, ұйымдастырушы баланың кім екенін анықтауға күш салады. Егер ол дұрыс танып, атаған жағдайда ойын аяқталады немесе балалардың қалауымен ойын жалғастырылады.
Сергіту сәті. Ойын: «Мен қайдамын?».
Мақсаты: кеңістікте бағдарлауын, есту арқылы қабылдауы мен көру есін дамыту, зейінін аудару.
Жүргізуші: Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнамақпын. Сендердің араларыңнан біреу ізкесуші болып сайланады. Біз оның көзін байлаймыз. Ол бөлменің бұрышында тұрады, ал қалғандарын бөлменің әр жерінен орын аласыңдар. Балалар өз орындарын тауып болған соң ізкесуші балалардың біреуінің атын айтады. Сол бала тұрған орынан қозғалмастан маңайындағы кез - келген затты тоқылдатады. Ізкесуші дыбыстың шығуына байланысты өзі атын атаған баланың қай жақта тұрғандығын атайды. Дұрыс танып, атаса басқа бала ізкесуші болып сайланып, ойын ары қарай жалғастырылады.
2 жаттығу:
Мақсаты: көру есін дамытуға бағытталған.
Баланың алдына таяқшалар ұсынылады. Бұл таяқшалардан қандай да қарапайым денелер (үй, шаршы, үшбұрыш) жасауға болады. Бала назарын осы денелерге аударып, кейін құрастырылған денелерді жауып қойып, еске түсіруін сұраймыз. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады (түрлі - түсті таяқшаларды қолдану арқылы). Бала түс бойынша таяқшалардың орналасу ретін еске сақтап, өз еркімен құрастыра алуы керек.
Келесі нұсқа: құрастырылған дене таяқшаларын санау арқылы баланың көру есі ғана емес, санау іскерлігі де жетіледі.

Сабақ 3.
Мақсаты: Баланың қарым - қатынас дағдысын қалыптастыру, көпшілік ортада өз - өзін ұстауын, өзіне - өзі сенімділігін арттыру және қорқынышын сейілту. Ес процестерін дамыту.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар, бояулар мен фломастер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу. Балалар бір - бірімен сәлемдесіп болған соң ойын ойналады «Серіктер». Балалар бөлме ішінде еркін қозғалып жүріп, қай елге сапар шегетіндерін айтады. Бір – бірін естіген балалар қолдарынан ұстап, бірге жолаушылайық, деп бір мәмілеге келіп, өзара келіседі. Ойынның басты мақсаты да жол - жөнекей өзіне серік табу болатын.
Сабақ мазмұны.
Ойын: «Жазылмай қалған сөздерді орнына қой».
Мақсаты: еске сақтау ауқымын кеңейту.
Мысалы: қант, оқ, жәшік, балық, би, алмұрт. Кейін қатардан бір сөз алынып, сөздер қатары оқылады. Балалар қатардан түсірілген сөзді тауып айтуы керек және реттік санын сақтауы керек. 3 рет қатардан басқа сөз алынып тасталады. Ал 4 рет қатардағы барлық сөздер алынып қалады.
Сергіту сәті. Ойын: «Тығылмақ».
Мақсаты: Бір - біріне жағымды әсер қалдыру, өзін - өзі сенімділігін арттыру, қорқынышын сейілдіру.
Ойынның барысы: Балалар өз арасынан бір баланың көзін мықтап байлап, өздері бірінің қолдарынан бірі ұстасып өлең айтады. Соңғы сөзді айтып үлгерместен жан - жаққа бытырап қаша жөнеледі. Ортадағы көзі байланған бала оларды ұсауға кіріседі. Ұстап алға жағдайда көзін шешіп, ойынды басқа бала жалғастырады.
Ойын: «Бейнесіне қарай тану».
Мақсаты: Баланың байқағыштығын, еске сақтауын дамыту. Балалардың қалауымен топтан 5 бала таңдалынады. Біреуі жүргізуші болады. Қалғандары «көрермендер» болып, орындықтарға жайғасады. Олар жүргізушіге өздерінің сыртқы бейнелерін көрсетеді. Жүргізуші мұқият қарап, есіне сақтауға тырысады. Кейін жүргізуші олардың әрқайсысының бейнесін көргені бойынша салып береді.
Үйге тапсырма: Ата - аналарға баламен жұмыс жасау қажет. Есте сақтаудың әдістерін үйрету, мысалдар келтіру, әңгіме оқытып, мазмұндау сияқты тәсілдерді пайдалану.

Сабақ 4
Мақсаты: Баланың байқампаздығын, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, жаңалыққа ұмтылу сияқты қасиеттерін дамытумен қатар бейнелік есін, бұлшық еттерін жетілдіруге бағытталған.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: ақ парақ, қарындаштар, бояулар, түрлі - түсті қарындаштар, фломастерлер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу. Ойын: «Айна»
Мақсаты. Қарым – қатынасын, байқағыштығын дамыту. Топ ішінен бір бала жүргізуші болады. Ол көз алдына көп айнасы бар дүкенді елестетеді. Жүргізуші бала шеңбер ортасында тұрады, ал балалар шеңбер бойында тұрады. Ол әртүрлі қимылдар көрсетеді., ал «айналар» сол қимылды қайталайды.
Ескерту: Жүргізушінің рөлін барлық бала ойнауға болады.

1 - 4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау, зейін және қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар. жүктеу
21 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттер
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттер
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Бастауыш сынып оқушыларына арналған портфолиосының мұқаба суреттері
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×