Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттың жас жанашырлары

15 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Аудандық семинарға арналған
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың жас жанашырлары
Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын дамытып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік арттыру, оны қорғау, сүюге баулу, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге, оған деген саналы көзқарасты қалыптастырып, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаш бұтақтары жапырақтар, табиғат ережелері белгісі, құс ұясы.

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қәнекей, бәріміз
Сәлем, дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Біреу есік қағып балаларға хат әкеледі. Хатта ол балалардан көмек сұрайды: Балалар, менің атым Күлқыз. Сендерге бір өтініш айтқалы отырмын. Менің өгей шешем, көп тапсырма берді. Жалғыз өзім орындай алмаймын. Егер тапсырманы орындамасам би кешіне бара алмаймын. Әдемі көйлегімді де кие алмаймын. Сондықтан мен сендерден көмектесулеріңді өтінемін.

Тәрбиеші: Балалар, біз көмекке бармас бұрын орман ережелерін білуіміз керек, кәне, еске түсіріп көрейік.
Балта”- ағаш, бұталарды шаппау керек
Рогатка” - құстар мен жануарларды атпау
Сынған бөтелке”- қоқыстарды тастамау
Магнитофон”- орманда тыныштық сақтау
От”- шырпымен ойнауға болмайды
(Балалар осы сұрақтарға жауап береді).
Ал балалар, саяхатқа автобуспен барамыз, балалармен келе жатқанда әңгімелесу табиғат туралы. Балалар, қараңдаршы қандай ғажап, құстардың дауысы естіліп жатыр, көздерімізді жауып таза ауаны жұтайық. Осы уақытта біреу жылап, алдымыздан шығады. Сәлеметсіздер ме балалар, мен сендерді күтіп жүрмін. Маған табиғат туралы көп тапсырма берді, бірақ мен ештеме білмеймін. Міне, балалар, бірінші тапсырма мынау қораптың ішінде, әр түрлі жапырақтар, бірақ мен түстерді ажырата алмаймын.
Балалар Күлқызды үйретеді, жасыл жапырақтар - жазда болады, сары - күзде, көктемде кішкентай бұтақтар, қыста ағаштын үстінде қар жатады.
Күлқыз – рақмет балалар, бірінші тапсырманы орындадық.
Енді екінші тапсырма, мында сынған бұтақтар жатыр, кім сындырды?- білмеймін. (Балалардың жауаптары).
Балалар сынған бұтақты байлап қояды. Күлқыз қуанып ризашылығын айтады.
Үшінші тапсырма: Бұзық балалар, құстардың ұясын жерге тыстап кетті, нан қоқымдарын шашып кетті, ондай балаларды кім дейді? (Балалардың жауаптары) Балалар ұясын дұрыстап орнына іледі, құстарға нан береді. Күлқызға нан туралы тақпақ айтып береді.
Нан уағын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Қимылдарын жасайды).
Төртінші тапсырма: Балалар, мұнда табиғат аясында демалған адамдар, өздерінен кейін қоқыс қалдықтарын жинамай кетіпті.
Күлқыз жүгіріп қоқыстарды жинай бастады, балалар неге маған көмектеспей тұрсыңдар? Мен бір нәрсе дұрыс істеген жоқпын ба? (Балалардың жауаптары) Қоқыстарды қолғапсыз ұстауға болмайды. Балалар қараңдаршы, мына жерде су қалай өтеміз?

Сергіту сәт: Шөп үстімен жүреміз сырт - сырт.......
Тас үстімен жүреміз тырс - тырс......
Шалшық сумен жүреміз шолп - шолп......
Жол үстімен жүреміз топ - топ......
Бесінші тапсырма: Жағдаяттарды шешу.
1. Екі бала ойнап отыр, қасындағы бала көбелектің қанатын сіріңкемен күйдіріп тұр. Дұрыс па?
Балалар жауабы:
2. Бір бала жас бұтақты ағаштан сындырып анасына сыйлады. Баланың ісі дұрыс па? (Балалар жауабы)
3. Екі ана балаларымен келе жатыр. Балалар өсіп тұрған гүлдерді жұлып аналарына сыйлады. Дұрыс па? (Балалар жауабы).

Күлқыз: Балалар, тапсырмаларды орындадық, қараңдаршы қанша көп жұмыс істедік, орманымыз жарқырап кетті. Балалар еңбек туралы тақпақ оқиды:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Балалар, көп рақмет. Сендер маған көмектестіңдер, әрі үйреттіңдер. Сендер арқылы көп нәрсені үйрендім. Ең басты тағы бір анамның тапсырмасы бар, ол менің би кешіне киетін көйлегімді жаңғақ ішіне тығып қойдым” деген. Соны табуға көмектессеңдер. (Балалар іздеп тауып береді)

Күлқыз: Менің көйлегім әдемі ғой, балалар. Мен осы көйлекпен бүгін би кешіне барам. Кәне, бәріміз би билеп, мені кешкі биге дайындаңдаршы. (Бәрі билейді). Балалар, мен сендерге өте ризамын. Мен, кешкі биге дайындалуым керек. Сендерді автобусқа отырғызып топтарына апарып тастайын. Осындай балалар тәрбиелеген апайларына алғыс айтқым келеді. (Балаларды топтарына апарады).

Өткізген: Енсебаева Л. К.
Табиғаттың жас жанашырлары. жүктеу
2 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз табиғаттың достарымыз
Біз табиғаттың достарымыз
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғаттың бір - бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу: оған қамқор болу керек, қорғау қажет,
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Табиғат әлеміне балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, Табиғатқа, туған өлкеге сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×