Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Серуен әдістемелік жинақ

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Серуен әдістемелік жинақ
Көктем

1. Ауа райына бақылау жасау
Бақылау
Көктемгі ауа райы өте құбылмалы, бірақ күннен - күнге күн жылына бастайды. Ауа қысымы көтаріледі. Ашық күндер көп болып, күн сәулесін мол шашады. Аспан сұрғылт түсін ашық көк түске алмастырады. Көктемнің алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білуге үйрету. Ауа райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалардың байқампаздығын, табиғат пен қарым - қатынасын дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ
Күн ұзарып
Қар еріп,
Су сайларға толады
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады? (көктемде)
Мақал - мәтел
Таудан су ақса, көктем келеді.
Болжам
Жерден әлі қар кеткен жоқ, ал жанға көктем секілді.
Тақпақ
Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты
Жылғалардан су ақты
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті.
Қимылды ойын
«Қасқыр мен лақтар»
Белгі бойынша ұзындыққа секіруді жалғастыру(лақтар алаңда жүгіреді); жүргізуші қасқырдың көзіне түспей, алаңда жүреді. Ойын шартын бұзбау, ұсталғандары шетке шығады. Шапшаңдық пен бейімділікті дамыту.
Еңбек іс - әрекеті
Топырақты тұқым салуға дайындау.
Еңбектенуге деген қабілетін дамыту, бастаған ісін аяқтау, үлкендерге көмектесу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама
«Ауа райын сипатта!»
Балалардың ауа райына байланысты сөзді таңдап алуды үйрету. (жылы, ашық, суық, құрғақ, желді, жаңбырлы, тұманды)
Өзіндік іс - әрекет
Ойын барысында балалардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауын қадағалау, олардың іс - әрекеті мен қылықтарын білдіру, өз ойын іске асыру.

2. Күнге бақылау жасау
Бақылау
Күннің аңыздылығы адам өмірінде өсімдік пен жануарлар әлеміндегі алатын орны жайында түсінік қалыптастыру. Күн көзінің көктем кезіндегі белсенді өзгерісін көруге үйрету(жоғары көтеріледі, шуақтары жылу шашқанда, қарай алмайсын). Тақырып бойынша белсенді сөздікті дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ Мақал
Туған жердің күні де ыстық, Жұрттың бәрі оны сүйеді, Түні де ыстық
Бірақ қарай алмайды (күн)
Болжам
Егер күн көзі қыста тұманға батса - боранға,

Ал күн астынан қабатталған бұлт көрінсе - ауа райының бұзылуына.
Тақпақ
Күлімде, күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Қимылды ойын
«Күн мен бұлт»
Шеңбер бойында жұппен тұруды жалғастыру, ойын ережесін сақтау. «Күн» деген сөзді естігенде қыдырып жүреді, ойнайды, «түн» сөзінде тығылады.
Еңбек әрекеті
Гүл тұқымын топыраққа егу.
Балаларға жұмыстың қарапайым, оңай түрін үйрету. Құрал - саймандарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама
Тапсырма 1. Ауладан күнге қызған затты табу. Оның неден жасалғанын айту.
Қорытынды. Алдымен темір заттар қызады.
Тапсырма 2. Қай зат тез ысиды?
Қорытынды. Ақшылға қарағанда қара заттар тез ысиды.
Тапсырма 3. Ағаштың көлеңке жағымен күн түсетін тұсын ұстап көру.
Қорытынды. Күн түскен жақ жылы, ал көлеңке жағы суық.
Өзіндік іс - әрекет
Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға жағдай туғызу.

3. Желге бақылау жасау.
Бақылау
Көктемгі жел құбылмалы. Егер солтүстіктен соқса өткір және суық болады. Мұндай желді көктемгі дауыл әкеледі, ағаштарды сықырлатып шайқалтады, терезеге қар соқтырады. Оңтүстік жел жылы леппен және ауа райын өзгертіп, жаңбыр жаудырады. Балалардың көктем мезгіліндегі құбылыстар жайында білімдерін кеңейту, желдің аспандағы бұлттарға олардың қозғалысына әсерін тигізетінін айту.
Көркем сөз
Жұмбақ Мақал - мәтел
Келсе де әні құлаққа, Көшерімді жел білсін
Өзін ешкім көрмейді Қонарымды сай білсін
Жусан, қамыс, құраққа
Тіптен маза бермейді.
Болжам
Наурыз айының жылы желі - жаздың жылы, жаңбырлы болуына әкеледі.
Тақпақ
Желдет, желдет!
Жеті қара дауылдат!
Өрісін құлат, баласын жылат
Тайтерісін қалтырат
Науа - астауын жалтырат!
Қимылды ойын
«Қақпақ пен таяқ».
Еңбек іс - әрекеті
Қажеттілік бойынша жұмыс
Балаларға топыраққа су құю барысында мұқият болуды, өз еңбегінің қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
Өсімдікті күту барысында тыңғылықты жұмыс атқара білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
«Жақсы, жаман»
Табиғатта болып жатқан құбылыстардың жақсы және қарама - қайшы тұстарын көре білуге үйрету.
Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бір - бірімен байланысын; ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.(Балаларға желдің әсерінен болған жағымды - жағымсыз жағдайды айта білуді ұсыну).
Тапсырма. «Бұлттардың қозғалысына байланысты жел күшін анықтау».
Өзіндік іс - әрекет
Көңілді тыныш сәтті қолдауды қарастырып, өзіндік жұмысты мадақтау

4. Аспанға бақылау жасау.
Бақылау
Балалардың көктемгі аспанға назар аударуларын талап ету. Аспанның қыста қандай болатынын, қазіргі кезі қандай екенін нақтылау. (Қыста аспан - сұр, ал қазір - көкшіл) Бақылау барысында көркем сөзді қолдануды үйрету.
Көркем сөз
Жұмбақ
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем (аспан мен жер)
Болжам
Егер көктемде ауа райының қалыптылығында таңертең дөңгеленген қабатты бұлттар көрінсе, ал кешке жоғалып кетсе - онда ауа райы жақсы, тұрақты болады.
Тақпақ
Қ. Аманжолов «Көктем»
Сансыз көкек сұңқылдап
Көктем келді ертерек
Нәзік үнмен сыңқылдап
Бұйра бұлақ еркелеп
Қимылды ойын
«Қазым, қазым қаңқылда!»
Ойын шартына сай түрлі қимылдар жасауға үйрету. Балалардың ойында қырағылық, шапшаңдық таныта білдіруіне назар аудару.
Еңбек іс - әрекеті
Тұқымды қарашірікке отырғызу.
Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға деген ұқыптылықты тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама
«Көктемге арнап бояу табайық»
Балалардың жыл мезгілі туралы білімін тиянақтау - көктем табиғаттағы өзгеріс. Өсімдіктер мен жануарлардың көктемде бояуы қанық болатынын түсіндіру. Байланыстыра сөйлеуді дамыту.
Өзіндік іс - әрекет
Дәлізде ойынға, оқу іс - әрекетіне қолайлы жағдай туғызу. Ауа райының жағымды тәртіп дағдыларын қалыптастыру.

5. Шоғырланған бұлтқа бақылау жасау.
Бақылау
Наурыз айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез болса, бұлттар да сонша көбейе түседі. Олар қысты күндегідей аспанды толық баспайды. Тек шоғырланып жүреді. Осы бұлттар ұлпа мақтадай түрлі пішінде тегіс негізде болады. Шоғырланған бұлтты аспаннан көріп, қайталанбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Шығармашылық қабылдауын дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ Тақпақ
Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ Суырды көкте қылышын
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ Нөсерлі қара бұлт төнді
Күніне талай жерге кетер кезіп Тарылтып жердің тынысын
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ (бұлт) Тапа - тал түс болды ымырт

Қимылды ойын
«Кілттер»
Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасауға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орындарын ауыстырады. Бастаушы бос шеңберді жылдам алып қою керек. Шеңберсіз бос қалған бала бастаушы орнына болады. Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Еңбек іс - әрекеті
Ауладағы қарды тазалау.
Күрекпен жұмыс істей білу, қарды үю. Оны анықталған орынға апару. Еңбекті ынтамен жасауларын қалыптастыру.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
«Бұлт неге ұқсайды?»
Түрлі заттар мен жануарлардың келбетін таба білуге үйрету. Қиялын, шығармашылық қабылдауын дамыту.
Өзіндік іс - әрекет
Балалардың бірлескен мықты нәтижелі еңбегіне баға беріп, құптау.

6. Қардың алғашқы еруін бақылау
Бақылау
Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар кетпейді.(ең алдымен жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерге күн көзі мол түседі.) Күн сәулесі мен жарық жердің тұстары тез еритіндігі туралы балалардың түйсігіне түю. Байқампаздықты дамыту.
Көркем сөз
Болжам
Егер қар күрт еріген тұстарда көктемнің алғашқы гүлдері және өгейшөп өссе - онда наурыз айы мен көкек айының басы жылы болады.
Тақпақ
Көктем
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
Қимылды ойын
«Жүгір - отыр - жүгір!»
Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»- балалар алаңда жүгіреді, «Отыр!»- отырады); жылдамдықты(бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.
Еңбек іс - әрекеті
Терезе алдындағы бақша (суару)
Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту, су бүрку. Ұқыптылық пен еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама.
«Көктем ерекшеліктерін кім көп атайды?»
Ерте түскен көктемнің ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Сөздік қорын молайту.
Тәжірибе. «Қай жердің қары тез ериді?»
Табиғат құбылысының себеп - салдарын түсіндіру.
Өзіндік іс - әрекет
Ойын барысында бірігіп 2 - 3 рөлден тұратын ойындарды құрдастарымен бірігіп ойнау. Ойын әрекетін орындау.
Серуен әдістемелік жинақ. жүктеу
4 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Серуен картотекасы - Жаз
Серуен картотекасы - Жаз
Балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа - райының өзгешелігі т. б.).
Жеті лақ
Жеті лақ
Жеті лақ Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады: - Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Жеті лақ ертегісі
Жеті лақ ертегісі
Балалар, ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма? Балалар: Ия, дайынбыз. Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар. Төрт аяғы бар Адам деуге болмайды Сақалы тағы бар (ешкі)
Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, көктемнің әртүрлі кезеңдері туралы ұғымдары мен әсерлерін өз бетінше сипаттауға, осы белгілерді өз бетінше таба білуге үйрету.
Серуен. Бұлттарды бақылау
Серуен. Бұлттарды бақылау
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×