Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 санымен таныстыру.

03 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 3 санымен таныстыру.
Білімділік: 3 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 3 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Халық педагогикасын ұштастырып жұмбақ, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту, күнделікті қолданбалы бұйымдарды пайдалану арқылы ұлттық сана сезімін ояту. Ептілікке, бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс - әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан - жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Ойлау, қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: Сан таңбалары, бағдаршам, суреттер, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң балалар!

Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше болғалы тұр өйткені бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр.
Балалар бүгінгі математика сабағында баршамызға ортақ ережені естен шығармайық. Бір - бірімізге бөгет жасамаймыз

1. Өткен сабақты қайталау.
Пішіндерді қайталау.
2. Кестені пішіндерге толтыр
3. Ойын: Ойлан тап
1. Пішіндерді ата
2. Қызыл түсті пішіндерді сана
3. Сары түсті санды ата
4. Артық пішінді тап
5. Қызыл түсті санды ата
6. Шеңберге ұқсайтын заттарды ата
7. Сопақшаға ұқсайтын заттарды ата
Жарайсыңдар.

4. Балалар біз сендермен нешеге дейін санап үйрендік?
Иа, дұрыс айтасыңдар Кім маған 0-дан 2 - ге дейін тура және кері санап береді
0, 1, 2 2, 1, 0
- Мынау ненің суреті?
- Онда нешеу тұр?
- Мынау қандай сурет?
- Онда қандай сан тұр?
Сергіту сәті:
5. Жаңа сабақ:
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр сендер шешуін тауып көріндер
Жұмбақ
Күндіз - түні жанамын.
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жас пен кәріге
- Иа, дұрыс айтасыңдар шешуі бағдаршам
- Бағдаршамның неше көзі бар екен?
- Ендеше бүгін біз сендермен 3 деген санмен танысамыз
- 3 саны ол үш бірліктен тұрады
Балалар барлығымыз 0-ден бастап 3-ке дейін санап көрейікші. Ал енді керісінше санап көрейікші
0 1 2 3 тура
3 2 1 0 кері

6. Суретке қарап сандарды жабыстыр
Ал енді балалар Мына суретке назар аударайық. Бұл суретте әр түрлі заттар бейнеленген Сендерге мынандай тапсырма Қай суретте 1 зат қана бейнеленген сол суретті тауып сол суретке келетін санды алып жабыстырайық Келесі тапсырма енді 2 зат тұрған суреттерді тауып сол санды жабыстырайық. Келесі 3 зат тұрған суретті тауып сол санға келетін санды алып жабыстырамыз.
7. Ойын: Адасқан сандар
8. Ал енді балалар алдарымызда жатқан сандарды ретімен тізіп шығайық
Ойын: Мен қазір партаны неше рет тарсылдатам сендер соны іштеріңнен санап сол санды алдарындағы сандардың ішінен көтересіңдер.
9. Келесі тапсырма Гүлдерді боя

Сергіту сәті.
Аспанға қарайық
Күнге қолды созайық
Құстар қалай ұшады
Қанаттарын қағады
Құстар қонады
Құстар су ішеді
Жем жиді
1 - 2 - 3, 1 - 2 - 3 құс аспанға ұш
1 - 2 - 3 құс аспаннан түс.
10. Дәптермен жұмыс
Ал балалар дәптерімізді көлбеу қоямыз тік қаламымызды алайық. Ең бірінші 3 санының элементтерін жазамыз
Тор көздің жоғарғы шетіне жарты дөңгелек қып сызамыз. Қане ауада жазып көрейікші.
Келесісін тор көздің астыңғы шетінен жарты дөңгелек сызамыз. Оны да ауада жазып көрейік.
Ал енді з санын қолды үзбей жазамыз. Қанеки 3 санын ауада жазып көрейікші. Өте жақсы балара енді орнымызда отырып жазамыз.

Қорытындылау.
Балала бүгін біз сендермен өте көп тапсырмалар орындадық.
Қандай санмен таныстық?
Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Барлықтарын да сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Өткізген: Шугаипова А. К.
3 санымен таныстыру. жүктеу
2 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 санымен таныстыру, құрамын анықтай отырып, 7 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыра отырып, логикалық ойындар арқылы есептер шығартып, білім - біліктілігін арттыру, тура және кері санауға үйрету.
4 санымен танысу, құрамын анықтау
4 санымен танысу, құрамын анықтау
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №3 Хромтау орта мектебінің мектепалды даярлық мұғалімі Жаконова Динагүл Байеділқызы
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
4 санымен танысу, құрамын анықтау
4 санымен танысу, құрамын анықтау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Садуахасова Найла
3 санымен таныстыру
3 санымен таныстыру
Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Абдинова Үміт Даутқызы Сабақтың тақырыбы: 3 санымен таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×