Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны мен цифры

04 сәуір 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 7 санының пайда болуы.
Білімділік: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша санауда жаттықтыру. 7күн, 7 шелпек, 7 лақ ұғымдарымен танысу. Көңілді есептер шығару арқылы баланың 7 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Үй жануарлары, 7 лақ ертегісінің қойылымы, жұмбақ, есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту. Ептілікке, бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс - әрекеттерін дамыту. Жан - жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру, қабылдау ниетін дамыту, ойлау үрдісін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ой қозғау, әңгімелеу, логикалық ойын дамыту, сұрақ - жауап, көрсету, сахналау, санау, қайталау, ойын сергіту сәті, бағалау, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: 7 саны таңбалары үй жануарлары, 7 лақ ертегісі бойынша атрибуттар, шарлар.
Сергіту сәті
Қуан шаттан,!
Қуан шаттан,!
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң,
Қайырлы күн
Күліп шықты бүгінде күн

Балалар осы уақытқа дейін математикадан не үйрен - генімізді қайталай отырып, жаңа сабағымызды бастаймыз.
Мен балалар сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
1. Алғашқысы суытады өлкені,
Екіншісі жылытады жер бетін,
Үшіншісі көк теңізге бар дейді
Төртіншісі ұсынады бар дәмін.
Жылдың 4 мезгілі: Қыс, көктем, жаз, күз

2 Жеті бауыр туыспыз,
Атамыз өзге демесең
Жұмған жұдырық, уыспыз.

Апта күндері
Балалар мен сендерге өткен сабақты қайталау үшін, сұрақтар қоямын.
1. 5 санынан кейінгі сан қандай сан?
2. Қандай пішіндерден үй салуға болады?
3. Үш бұрышы, үш қабырғасы бар бұрышты ата?
4. 6 саны неге ұқсайды?
5. Күзде жаңбыр жауады, ал қыста?
6. Құстарда қанат болса, адамдарда
7. Жеті санынан тұратын ертегі
Балалар біз сабағымызды «Төлдерге қамқорлық» деген тақырыптан бастаймыз. Үй жануарлары туралы не білесіңдер? Үй жануарлары мен төлдерін атау

1. Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
2. Сиыр төлі - бұзау,
Сүйкімді әрі асау.
3. Түйе төлі - ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
4. Қой төлі - қошақан
Өрісте қашқан қорадан.
5. Ешкі төлі - лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Ал біз математика сабағынан 7 санын өтеміз.
7 саны шалғыға ұқсайды.
7 күн, 7 қазынаның бірі (ертегі).
7 шелпек, 7 лақ ертегісі ұғымдары бар.
Енді сурет бойынша 7 санын құрамын табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 738
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
3 санымен таныстыру.
3 санымен таныстыру.
3 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру.
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 санымен таныстыру, құрамын анықтай отырып, 7 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыра отырып, логикалық ойындар арқылы есептер шығартып, білім - біліктілігін арттыру, тура және кері санауға үйрету.
4 санымен танысу, құрамын анықтау
4 санымен танысу, құрамын анықтау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Садуахасова Найла
3 санымен таныстыру
3 санымен таныстыру
Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Абдинова Үміт Даутқызы Сабақтың тақырыбы: 3 санымен таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×