Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларға спорт залындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқау

14 тамыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқушыларға спорт залындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқау
I. Жалпы қауіпсіздік ережелері
1. Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2. Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3. Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4. Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5. Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6. Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7. Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
- электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );
- ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
- бұзық немесе дайындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8. Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II. Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1. Спорт киімнің киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3. Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4. Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5. Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6. Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7. Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III. Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2. Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3. Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4. Жаттығуларды орындау кезінде бір - біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5. Доптарды бір - біріне қарма - қарсы лақтыруға болмайды, жұп - жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6. Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7. Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8. Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқушының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV. Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1. Өз - өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2. Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3. Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде, жылдам, абыржымай, спорт залын тастап шығыңдар.

V. Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1. Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып - үсікпей, сабырмен шығыңдар.
2. Беті - қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3. Спорт киімдеріңді, аяқ-киімдеріңді шешіңдер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланыңдар.
4. Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңдар.
15 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар
Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар
Спорт жайлы мақал - мәтелдер 1. Денсаулық – зор байлық. 2. Айналдырған ауру алмай қоймас. 3. Ауру атанды да шөктірер.
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
ЕТ - мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, оны білу. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
Қысқа мерзімді жоспалар
Қысқа мерзімді жоспалар
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×