Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы

10 қыркүйек 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 - сынып.
Қазақ тілі. Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың зат есім және оның түрлері туралы түсініктерін жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қалыптастыру.
2. Оқушыларға түрлі тапсырмалар орындата отырып, шығармашылық
қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, шыдамдылыққа, топта өзін және өзгені тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке - дара
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, практикалық жаттығулар
Қолданатын технология: деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, үлестірмелер, мерекелік құттықтаулар, шарлар, «Тәуелсіз елім - Қазақстан» буклеті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Кіріспе. Амандасу.
ә) Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң құрбым
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
- Балалар қазір қай ай? Желтоқсан айы.
Бұл айда қандай мейрам бар? 16 - желтоқсан - Тәуелсіздік күні.(Меркемен құттықтау, Н. Назарбаевтың Тәуелсіздік туралы айтқан сөзімен бастау)
«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы – жасампаз тарихымыз, мерейлі меже, сонымен қатар, болашаққа бағдар болатын байыпты белес» Н. Ә. Назарбаев

ІІ. Өткенді пысықтау. Бүгінгі сабағымыз 1, 2, 3, 4 деңгейлік тапсырмалармен өтеді.
Балалар сендер келесі деңгейге көтерулерін үшін әр деңгейдегі тапсырманы дұрыс орындап отырыңдар. Балалар сендердің білімдеріңді бүгінгі қонаққа келген мұғалімдер бағалайды. Сондықтан да сабаққа, алғырлықпен, ұжымдық танытып, жақсы қатысайық.
І деңгей. А) Үй тапсырмасын тексеру. «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны. Қазір мен сөйлемді бастаймын сендер жалғастырасыңдар.
1. Сөйлем аяқталған ……………. (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден …………. (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер ………. (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші ………. (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……….. (нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ………... (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ………... (сұрақ белгісі қойылады).

ІІІ. Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.
Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға сурет арқылы көрсетілген мысал жазу. (аттың және құланның суреті)
Жазылуы басқа, бірақ естілуі бірдей сөздер бар ма? (атпа, ат па?)
Қай сөйлемде па бірге жазылып тұр? (Бірінші сөйлемде).
Осы сөйлем қалай аталушы еді? (Хабарлы сөйлем)
Бірінші сөйлемде па бірге жазылып тұр, онда па жұрнақ болады, атпа сөзі қимылды білдіріп тұр.
Қай сөйлемде па бөлек жазылып тұр? (Екінші сөйлемде). Бұл сөйлем сұраулы сөйлем болады. Сұраулы сөйлемде па жеке жазылады. Ол көмекші сөз болады.
Па көмекші сөзін алып тастасақ, сұраулы сөйлем бола ма? (Болмайды).
Сөйлемдерің оқылуын дауыс ырғағымен де келтіруге болады. Мысалы, сабақ басталды ма? Жауап алу мақсатында айтылып тұр.
ІІ деңгей. «Салыстыр».

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Балалар, оқулықтың 71 - бетін ашып, 189 - жаттығуға қараймыз. Ауызша орындай - мыз.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқиды. Оқушылар кезекпен орындарынан тұрып түсіндіріп айтады.
Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе?
Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалың жауды ма?
Бірінші бағандағы сөздердегі ма, пе, ме жұрнақтар болады, бірге жазылады, қимылды білдіріп тұр. Екінші бағандағы сөздердегі ма, пе, ме көмекші сөздер деп аталынады, сұраулы сөйлем жасайды, сондықтан да олар бөлек жазылады.
Ережені бір оқушыға дауыстап оқытамын: «Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады».
ІІІ деңгей. «Не қажет?» ойыны.
а) Сурет арқылы не қажет екенін табу. Тақтадағы сурет арқылы әр суретке хабарлы және сұраулы сөйлем құрау.(Суреттер көрсетіледі.)
ә) Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Жіпті үзбе. Айтқаңды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?
б) Карточкамен жұмыс. Оқушыларға сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.
Сөйлем түрлері. Пысықтау сабағы. жүктеу​​​
1 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау, еске түсіру;
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын байыту.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×