Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз

03 наурыз 2024, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз»
Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу. Өзін көпшіліктің алдында ұстай білуге, жасымай өнерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Жоспары:
I бөлім «Ана - өмір шуағы» әдеби монтаж
II бөлім «Наурыз аруы» байқауы.
Құттықтау сөз:
- Құрметті апалар, аналар, қыздар сіздерді 8 наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Бұл күні ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді.
«8 наурыз - тамаша мереке, көктем - мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі, адамның бақыты мен махаббат кезеңі», - деп еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті.
Ардақты аналарға, салмақты әжелерге арналған
«Ана - өмір шуағы» бөлімін бастайық.
1 - оқушы:
Жер бусанып,
Көк шығып,
Арықтардан су ақты.
Бүрлеп өсіп көк шыбық
Жұтып жатыр шуақты.
Аналардың мерекесі
Бәрімізді қуантты.
2 - оқушы:
Сегізінші наурыз
Келген кезі көктемнің
Босап бақша-бауымыз
Мұз, қар еріп кеткен күн.
3 - оқушы:
Сегізінші наурыз
Күлімсіреп көктен күн
Елге ұсынып сары уыз
Елжіреп нұр төккен күн.
4 - оқушы:
Сегізінші наурыз
Жыл құсы ұшып жеткен күн
Тамшы жерге салып із
Жаңбыр жұпар сепкен күн.
5 - оқушы:
Арнада су тасынып
Көзге түскен беттен гүл
Үлкен - кіші асығып,
Күткен мейрам неткен бұл?
6 - оқушы:
Жоқ ешқандай дауымыз
Мереке ең жайдары
Өйткені бұл наурыз
Аналардың мейрамы.

Ерсін мен Мерхаттың орындауында «Анасы мен Бағлан» көрініс.
Ән: Құттықтаймын мама!
Әр оқушы өз анасына жылы лебізін, тілегін білдіреді.

II бөлім «Наурыз аруы» байқауы.
Байқаудың шарты: 1. «Таныс болайық...»
2. «Білімді мыңды жығар...»
3. «Қол өнер – мол өнер»
4. «Өнерлі - өрге жүзер»
5. «Дәм думан»
6. «Ерекше киім үлгісі»
(Сайысқа қатысатын қыздарды ұлдар қолынан алып класқа кіреді)

Қыздар мен ұлдарды таныстыру.
Нұртөлеуова Нұрайым Маратқызы – жауапкершілігі жоғары, белсенді оқушы. Ол ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Әдемі киінгенді, сұлулықты сүйетін кербез қыз.
Ережепов Мерхат Бекзатұлы – Сабақты жақсы оқиды. Ол тапсырылған істі баяу, бірақ тиянақты орындайды. Мерхат үйінде бауырларына қамқор аға.
Нұрланова Шұғыла Нұрланқызы - іске ширақ, әр пысық. Шұғыланың жан - жағындағыларды өз ісімен, қылығымен баурап алатын сиқырлы мінезі бар. Ол кіші болса да апайларына сырттай қамқор болып жүреді. Шұғыла шығыс билерін билегенді ұнатады.
Сапиолаев Еркінбек Қайрбекұлы - Өз ойын еркін жеткізе білетін, жан - жақты білімді бала. Ол зерттегенді, бақылағанды одан қорытынды шығарғанды ұнатады. Дүниетану пәнін ерекше жақсы көреді. Еркінбек көпшіл, досы көп бала.
Назарбекова Айгерім Мақсатқызы - өзгелерден ерекше бірбеткей мінезі бар. Жанындағы достарының қуанышына қуана білетін ерке қыз. Айгерім анасының қолқанаты, сіңлісінің қамқор апайы.
Қайрғазин Ернұр Қайрғазыұлы - өте жұлымыр, ақкөңіл бала. Ернұр айналасындағы құбылысты, өзгешелікті тез байқағыш, ширақ ойлы. Ол өлең айтқанды ұнатады. Жастайынан еңбек етуге үйренген еңбекқор бала.
Рахымбаева Айгерім Елдарқызы – достарының арасында, ата-анасының алдында өзін ерке сезінетін, қылықты қыз. Ол билегенді, әсіресе үнді биін жақсы көреді.
Айгерімнің жазуы өте тамаша.
Ахметов Айдос Айтқазыұлы - Әр шаруаға пысық, шапшаң қимылдайтын бала. Айдос сурет салғанды, дайын үлгілерді бояғанды, реп стильіндегі өлеңдерді, биді жақсы көреді. Есте сақтау қабілеті өте жақсы.
Азинова Айтолқын Талғатқызы – мақтағанды ұнататын, көп сөйлемейтін салмақты, ұяң мінезді қыз. Айтолқын үйде апайларының істегенін қайталағанды жақсы көреді. Билегенді, сіңлісінің шашын өріп, сәндегенді жақсы көреді.
Хайса Еламан Хайсаұлы – дос пейілді, басқаларға жаны ашығыш, мейірімді бала. Еламан билегенді, сурет салғанды ұнатады. Ол есеп шығарғанда алдына жан салмайды.
Нұғыманова Алуа – елгезек, іскер, қиялы өте жоғары дамыған, шығармашыл. Алуаның жүрегі жылылыққа толы, мейірімді, жаны нәзік қыз. Алуа ағасымен ойнағанды жақсы көреді. Ол мультфильм көргенді ұнатады.
Табылғазы Ернар Ермекұлы – тиянақты, тазалыққа жаны құмар бала. Мінезі өте жұмсақ, кішіпейіл. Ернар «Қара жорға» биін тамаша билейді. Математика сабағын сүйіп оқиды.
Бимұханова Айым - байсалды, салмақты қыз. Ол мақтанғанды ұнатпайтын қарапайымдылығы басымдығынан, білсе де үндемей отыратын ерекше сабырлы мінезі бар. Айым кітап оқығанды ұнатады.
Қажынұров Азат Санатұлы – дос пейілді, аңқылдаған мінезді бала. Ол ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Әңгімені жақсы мазмұндайды. Азат достарының арасында елгезектігімен ерекшеленеді.

Қыздарға жеребе алдыру арқылы шығу ретін анықтау.
Ернар Ш.
Қыз дегенің қызғалдақ,
Құлпырады жайнайды.
Тотыдайын таранып,
Бұл-бұл құстай сайрайды.

Сегізінші наурыз көктем келді,
Жарасады қыздардың киген бөркі.
Даярланған сұлуларды көптен бері,
Мерекеде бағалайтын кезі келді, - деп сыныбымыздың ару қыздарының арасында өтетін «Наурыз аруы» атты сайысты бастайық.

- Сайысты бастамас бұрын ару қыздарымызға әділ баға беретін, қазылар алқасын сайлап алайық.

«Таныс болайық...»
«Қыз - өмірдің қызғалдағы» - деген ғой,
Талай заман мойындаған ерен ой.
«Сегізінші наурыз» мерекеде,
Танысуға алдарыңа, хас сұлулар келген ғой.
Айдос
Қарсы алайық, халайық!
Аруға көз салайық.
Қошеметтеп сайыскерді,
Қанекей қол соғайық!
- Ендеше ортаға сұлу қыздарымыз келіп, өздерін таныстыруға рұқсат етейік.

Тақпақ «Құттықтаймын мама» Мерхат Е.
«Білімді мыңды жығар...»
«Мақал – сөздің мәйегі» - дер даналар,
Білмегендер мақалды артта қалар.
Мәнін ұғып жаттап алған қыздарымыз,
Бүгінгі күн алдарыңда дараланар – деп қыздарымыз өз өнерлерімен қоса білімдерін көрсететін мақал - мәтел сайысын бастайық. Ару қыздарымыздың 1 минутта қанша мақал айта алатынын байқау.

«Қол өнер – мол өнер»
Ою деген көненің көзі, ескінің сөзі,
Сыр шертіп, әңгімелер келді кезі.
Қыздардың саусақтары майысқанда,
Дейсіздер - «хас шебердің келді өзі».

Би: «Қара жорға» Ернар Ш.

«Өнерлі өрге жүзер»
Өнерлілер қанат қағар қалықтап,
Ән салады, би билейді шалықтап.
Қыздарымыз қайсы мықты екенін,
Бүгінгі күн сайысымыз анықтар.

Ал, ортаға шақырайық сендерді,
Бар өнерді салатын бір кез келді.
Талантты да, жас жұлдызды көруге,
Өнерліні сүйетіндер көп келді.

«Дәм думан»
«Ас – адамның арқауы»- бәрі білер,
Тағамның алуан түрін білесіңдер.
Бүгінде қыздарымыз әкепті асты,
Даярлаған өз қолымен, ол бір өнер – деп, қыздарымызды үйден, аналарының көмегімен даярлаған тағамымен ортаға шақырайық.

«Брейк биі» Ахметов Айдос

«Мен жасаған ерекше киім үлгісі.»
«Адам көркі - шүберек» деген екен,
Қазірде сән үлгілер керек екен.
Әр арудың өз бейнесі өзгеше,
Сыр шертеді талғамы, бөлек елден – деп, ару қыздарымыздың ешкімге ұқсамайтын, өз қиялынан туындаған киім үлгісін тамашалайық.

Ару қыздарымыздың өнерін бағалап - саралау қорытындысын таныстырып, марапаттау, құттықтау қазылар алқасына тапсырылады.

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі
Аязбекова Дария Сериковна
30 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×