Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт (білім сайысы)

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО. Аягөз қаласы
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Бастауыш класс мұғалімі
Аязбекова Дария Сериковна

«Жұлдызды сәт» білім сайысы

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:
• Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, шапшаңдығын, таным белсенділігін арттыру.
• Сұрақтарға математикалық тілмен мәдени түрде жауап беру, қарым - қатынасты дамыту.
Көрнекілігі:
Сызбалар, слайдтар, ойынға қажетті заттар

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартымен таныстыру.
• Жребьие тастау арқылы оқушылардың тұру ретін анықтау.
• Сайыстың шарты:
1. Ойыншылар жауапты параққа жазып тақтаға ілу керек.
2. Әр тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға жұлдыз беріледі.
3. Әр бөлім соңында ойыншылар жұлдызы саналып, аз жұлдыз жинаған ойыншы шығарылып отырады.
4. Жеңімпаз жұлдыз анықталып, марапатталады.

2. Бөлімдер:
І. Бой сергіту. «Кім жылдам?»ойыны
ІІ. «Байқағыштық» бөлімі
ІІІ. «Ойшылдар» бөлімі.
ІV. «Ғажайып үштік» бөлімі.
V. «Баспалдақ» бөлімі
VІ. «Бәйге» бөлімі

Барысы:
1 оқушы:
Математика ғылым патшасы,
Тең келмейді оған басқасы.
Елімнің егеменді өркендеуі,
Елбасы есебінің арқасы.
2 оқушы:
Қиын есеп оңай - ақ шығар,
Миды егер шынықтырсаң.
Жеңімпаздар алға озар
Математик болса егер.

4 оқушы:
Біреуінің жүрегінің түбі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

Ортаға «Жұлдызды сәт» сайысына қатысушы жас математиктерді шақырамыз.
5 оқушы:
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса білімдеріңді толтырамыз.

Сайысқа қатысушылар өз реттерін анықтау үшін жеребе алсын.
(оқушылар өзіне сәйкес орынға турады)

І. Бой сергіту.
Ойыншылар тапсырманы оқи отырып, дұрыс жауабын табу керек. (уақыт саналады)
«Кім жылдам?» Есепте!
1. 14 + 30 – 4 – 40 + 39 – 15 + 10 = 34
2. 23 + 51 – 4 + 10 – 40 + 26 – 2 = 64
3. 85 – 5 – 26 + 6 – 30 + 13 + 7 = 50
4. 8 + 6 – 12 + 39 – 37 + 9 + 20 = 33
5. 4 + 8 – 2 + 51 – 5 + 14 – 30 = 40
6. 87 – 8 + 11 – 50 + 16 – 7 + 1 = 50

ІІ. «Байқағыштық» бөлімі
Ойыншылардың тез және бірінші жауап беруі ескеріледі.

1. Суретте неше үшбұрыш бар? (10)
2. Алғашқы сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?
ІІІ. «Ойшылдар» бөлімі
1. Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп? /бірдей /
2. 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады?
3. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
4. Егер 1 килограмм алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? (50теңге)
5. Егер шаршының периметрі 80см болса, қабырғалары қанша сантиметр болғаны?
Сергіту сәті
Математикалық санамақ айту.
4 - дегенім жақсы баға,
1 - дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 - дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 - дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
5 - дегенім - өте жақсы
Ол мен алатын баға.

ІV. «Ғажайып үштік» бөлімі: Әр ойыншыға 3 тапсырма тест түрінде беріледі.
1. Амалды орында: 1. Амалды орында:

27 + 42
а) 69
ә) 47
б) 29
28 + 32
а) 60
ә) 61
б) 6
2. 1 жылда қанша ай бар?
а) 12
ә) 18
б) 36
1 аптада қанша күн бар?
а) 7
ә) 14
б) 21
3. Сатылғаны - 10 л
Қалғаны – 30 л
Болғаны -?
а) 10
ә) 33
б) 40
Кесе – 70 теңге
Қасық – 30 теңге
Барлығы -?
а) 40 теңге
ә) 90 теңге
б) 100 теңге
1. Амалды орында:
28 + 62
а) 89
ә) 90
б) 69
1. Амалдарды орында:
26 + 14
а) 47
ә) 40
б) 42
2. 1 айда неше апта бар?
а) 5
ә) 4
б) 3
1сағатта неше минут бар?
а) 24
ә) 70
б) 60
3. Болғаны - 40 шар
Алғаны – 20 л
Қалғаны -?
а) 10
ә) 20
б) 40
Сәбіз – 40 теңге
Пияз – 50 теңге
Барлығы -?
а) 40 теңге
ә) 90 теңге
б) 100 теңге
Жанкүйерлер сайысы:
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он.
Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4 - еуі қайтып кетті. Неше бала қалды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, үш аяқты велосипед) дөңгелектерінің саны - 10 болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

V. «Баспалдақ» ойыны
24+7=31-------- 35+2=37------- 45 – 9 = 36
38 - 8=30 -------45 - 10=35------ 25 + 41 = 66
72+8=80-------- 24+3=27 -------67 – 20 = 47
25+32=57------- 80 - 50=30 ------80 – 30 = 50
40 - 20=20------ 56+5=61 --------54 – 13 = 41

VІ. «Бәйге» бөлімі /1минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру, әр дұрыс жауап 1ұпай /
1. Ең кіші екі таңбалы санды ата
2. 3онд. 4бірл. тұратын сан
3. Қыс пен көктемде неше ай бар?
4. Шаршының қабырғасы 2см, периметрі қанша?
5. Сенің жасың 8 - де, бауырың сенен 3 жас кіші. Бауырың нешеде?
6. 1дециметрде неше сантиметр бар?
7. Ағаштың басында 2 торғай отыр. Оған 2 ұшақ келіп қонды. Олар нешеу болды?
8. 120 минутта неше сағат?
9. 2 аптада неше тәулік бар?
10. Қарындаш 20 теңге, дәптер 5 теңге қымбат. Дәптер неше теңге тұрады?

1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата
2. 4онд. 5бірл. туратын сан
3. Жаз бен күзде неше ай бар?
4. Шаршының периметрі 4сантиметр, қабырғалары қанша сантиметр?
5. Сенің жасың 8 - де, ағаң 3 жас үлкен. Ағаң нешеде?
6. 5дециметрде неше сантиметр бар?
7. Ағашта 6 балық қонып отырды, оның 3 - еуі ұшып кетті. Ағашта неше балық қалды?
8. 85 минутта неше сағат, неше минут бар?
9. 1 аптада неше тәулік бар?
10. Дәптер 20 теңге, қарындаш 10 теңге арзан. Қарындаш неше теңге тұрады?

Жанкүйерлер сайысы:
1) 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй)
2) Жиырма төрт батыр
Бірін - бірі жеп жатыр. (Дойбы)
3) Екі қатар тал шарбақ
Күндіз алыспайды, қабыспайды
Түнде қабысады (Кірпік)
4) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізі
Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)

Қорытынды бөлім:
Сайыстың жеңімпазын марапаттау қазылар алқасына беріледі.

- Осымен «Жұлдызды сәт» білім сайысы аяқталды. Қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет.
12 401
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Еркін сөйлеу қабілеттерін ашу.
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
«Көңілді мәре» спорттық ойыны
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбын бекіту (ойын сабақ)
Аралас сандарды қосу және азайту тақырыбын бекіту (ойын сабақ)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×