Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нан ел байлығы

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылы №24 мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Балалардың күздік ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау. Күзге тән негізгі белгілерін түсіндіру арқылы сол мезгілдегі еңбек түрлерімен таныстыру, әрі сөздік қорларын байыту.
2. Дамытушылық. Нан әзірлеуге жұмсалатын еңбек үрдісін бейнелейтін суретке қарай отырып балаларды әңгіме құрап айтуға үйрету. Көкөністермен жемістерді пішініне қарай түр - түсіне қарай ажырата білуге үйрету мен бірге олардың суретін салуға машықтандыру.
3. Тәрбиелік. Ел байлығы - астықтың дастарханға қалай нан болып келетінін түсіндіру арқылы үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларды өздерін қоршаған ортаны және табиғат өзгерістерін байқай білуге баулу, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік
Сабақтың көрнекілігі: «Алтын күз» суреті, көкөністер мен жемістер суреті.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Таңертеңгі жиын: Балалар айнала қол ұстасып тұрып бір – бірімен сәлемдеседі, жылы тілектер айтады.
Психологиялық дайындық:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді.
- балалар, байқадыңдар ма, осы өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Күз мезгілі
- Ал, күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
1 бала:
- Күзде күн суыта бастайды, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Олардың сары, қызыл, жасыл түстері жерде жатқан кілемшеге ұқсайды. Адамдар жылы киіне бастайды.
- Дұрыс, күз мезгілін өте тамаша сипаттап бердің. Ал, күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша. Қазір қазан айы жер жыртып, күздік егін егіп жатыр. Егін шыққан соны суарады. Күзде егін піскен кезде оны жинап алады.
- егінді немен орады?
Балалар: Егінді комбайнмен орады. Бидайды машинаға салады, содан соң қырманға әкеліп төгеді.
- Өте жақсы айтып шықтыңдар. Олай болса балалар, қазір сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Құлпыра берші кең дала
Гүліңді мен терейін
Жапырағыңмен жасыршы
Қойныңа мен енейін
- енді бәрің орындарыңа отыра қойыңдар.
- балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ал сендер шешуін тауып көріңдер.
Желі басында бес бие
Бесеуі де жас бие
Құлындары құла, ала,
Құлақтары сары ала
Қане жұмбақтың шешуі не?
Балалар: бидай
- дұрыс айтасыңдар (бидайдың суретін көрсетімін)
Енді мен сендерге нан дастарханға қалай келетінін айтып берейін, жақсылап тыңдап, түсініп алыңдар. Нан дастарханға әзір болып келу үшін көп еңбек сіңіру керек. Өздерің сабақтың бас кезінде көктемде егіс егіледі, оны суарады. Күзде егінді жинап алады, жиналған астықты тазалайды, қамбаға құяды дедіңдер. Онымен жұмысы бітпейді екен. Тазаланған бидайды диірменге тартып ұн жасап шығарады. Ұнды наубайханаға әкеледі. Онда суға тұз, май ашытқы қосып қамыр илейді, сонан соң пісіреді. Дайын нанды тиеп дүкендерге тасып әкеледі. Дүкеннен сатып алынған нан дастарханға қойылады. Көрдіңдер ме балалар, «нан» дастарханға қандай үлкен еңбекпен келеді. Олай болса, нанды қадірлей білу керек, үгітпей, шашпай жеу керек. Үлкендердің еңбегін бағалай білу керек. Ендеше балалар, сендер еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
- Жер – байлықтың көзі
- Күте білсең жер жомарт
- Жері байдың, елі бай
- Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
- Жарайсыңдар балалар, ал сендер күзде егіннен басқа жиналатын қандай өнімдерді білесіңдер?
2 бала: Жемістер, көкөністер жинауға болады.
- Қандай жемістерді білесіңдер?
- Алма, алмұрт, шие, жүзім, қауын, өрік, бүлдірген.
- Көкөністердің қандай түрін білесіңдер?
- Сәбіз, картоп, пияз, асқабақ.
- Өте жақсы балалар. Ендеше, біз қазір «не артық» деген ойын ойнайық. Ойыннан кейін тақпақтарымызды еске түсірейік.
- Бір аптада неше күн бар?
- Жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Жақсы енді осы күз мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді.
1 бала:
Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
2 бала:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам.
Дариядай шалқар күз.
3 бала:
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
- Тамаша, балалар, барлықтарың тақпақты жақсы айтып шықтыңдар. Олай болса, бәріміз мына суретке назар аударайық. Бұл суретке қарап кім маған әңгіме құрап береді.
: суретте күз мезгілі. Егіс даласы. Онда тракторлар жүр, адамдар еңбек етіп жатыр. Трактормен дән тасып жүр.
1 бала:
Мен алмұртпын, алмұртпын.
Аузындамын бар жұрттың
2 бала:
Мен жүзіммін, жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.
3 бала:
Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.

- Балалар, жемістер мен көкөністер қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.

Сабақты қорыту: Ал, балалар бәріңде сабаққа белсене қатыстыңдар. Нанның қалай дастарханға келетінін, күзде қандай жемістер мен көкөністер пісетінін білетін болдыңдар. Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
9 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Күз мезгілінде дастарханымыз жеміс пен көкөністерге толып кетеді. Олар дәрумендерге өте бай. Сондықтан, күнделікті дәрумендерді жеп тұруымыз керек. Жемістер мен көкөністерді көп жеген баланың дені сау, ақылды болып өседі. Оларды жегенде жуып,
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Күз берекесі
Күз берекесі
Табиғат құбылысын байқату, жыл мезгілдерін айыра білуге үйрету. Ел байлығы астықтың жиналуы, пісуі, оның дастарқанға келіп түсуіне дейінгі адам еңбегін дәріптеу. Көкөністер мен жемістерді айыра білуге үйрету
Егіс алқабында
Егіс алқабында
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×