Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Сабақтың мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойларын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы: I кезең. «Мен бастаймын, сен қоста»; II кезең. «Жасырамын жұмбақ»; III кезең «Сөз тіркесі»; IV кезең. «Жаңылтпашты жаңылма»

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! 2 сыныпаралық оқушыларының қатысуымен өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтардан ерекшелеу болып өтеді. Өйткені сайыс сабақ болғаннан кейін жеңіс те, жеңілу де бар. Қатысатын сайыскерлер өздеріңнің білімділіктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдылықтарын да көрсетулері керек. Енді сайысқа қатысатын топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

І топ «Алғырлар»
ІІ топ «Ұшқырлар»
ІІІ топ «Тапқырлар»
ІV топ «Ойшылдар»
V топ «Білгірлер»

Осы бес топты бағалайтын. Әділ қазылармен таныстырайын.
Тәрбие ісінінің орынбасары Л. Өтеуова
Бастауыш бірлестік жетекшісі......................
Жүргізуші: Мақал – мәтелдер талай замандардан қалыптасқан ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра. Осы алтын мұраларымызды жоғалтып алмайық. Мақал - мәтелдердің көп түрлері бар. Атап айтсақ ерлік, батырлық туралы, достық, өнер - білім, Отан, ынтымақ бірлік, тіл, ел, халық, әдептілік, еңбек туралы т. б. Бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы осы жайлардың бәрін қамтиды. Ендеше сайысты бастайық

I кезең. «Мен бастаймын, сен қоста».
Жүргізуші:
- үлгі - өнеге ретінде айтылатын қысқа, әрі нұсқа нақыл сөзді не дейміз?
- Мақал

А) Оқу, білімге байланысты
1. Білім таппай мақтанба,
(Өнер таппай баптанба)
2. Күш - білімде,(білім - кітапта)
3. Білім( ортақ)
4. Білім ауысады,(Ырыс жұғысады)
5. Оқу – инемен( құдық қазғандай)

Б) Туған жер, отан, ел
1. Ел - елдің бәрі жақсы,(өз елің бәрінен жақсы),
2. Туған жердің жері де көрікті,(Елі де сүйікті)
3. Туған жердің қадірін шетте жүрсең,(білесің)
4. Отан - аттан да( ыстық )
5. Отансыз адам (, ормансыз бұлбұл)

В) Еңбек:
1. Еңбек етпеген( ішіп жемейді)
2. Еңбектің көзін тапқан( байлықтың өзін табады).
3. Еңбек бәрін (жеңбек)
4. Еңбегі аздың (өнбегі аз)
5. Ердің атын( еңбек шығарады)

Г) Әдептілік, әдемілік:
1 Үлкенге - құрмет,(Кішіге – ізет)
2 Әдептілік белгісі( иіліп сәлем бергені)
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
(әдепсіз бала ата - анасын қақсатар)
4. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала»
5. Әдептінің (абыройы биік)

Д) Тазалық, денсаулық туралы
1. Денсаулық (зор байлық)
2. Тазалық - (саулық негізі)
3. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса(тамағыңды тый)
4. Тәні саудың(жаны сау)
5. Аурудың (алдын ал)
6. Ас - адамның(арқауы)

(Әрбір мақалға 10 ұпай қосылып тұрады. Жауап бере алмаған топтың ұпайы кеміп отырады.)

IІ кезең. «Жасырамын жұмбақ»
Жүргізуші:
- бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылатын қысқаша өлеңді не дейміз?
- Жұмбақ
Жүргізуші жұмбақ жасырады, ойыншылар шешімін табады.

1. Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды.
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлан тап, көтерген алыпты.
(жер)
2. Жып - жылтыр, жалпақ бір
Жатыр көк айна.
Жүгіріп, жығылып,
Жұлынып, сонда ойнап,
Тек тайма
(мұзайдын)
3. Жайса - көлдей,
Жиса - жеңдей
(киіз)
4. Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің
(Кітап)
5. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды
(ағаш)
6. Қиналмай көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді
Жүкшідей кәдімгі
(құмырсқа)
7. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы
(мектеп)
8. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл
(ұстаз)
9. Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің
(аяз)
10. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
(күн)
(Әрбір жұмбаққа 10 ұпайдан қосылып отырады.)

ІІІ кезең. «Сөз тіркесі».
Жүргізуші: Келесі кезектің шарты – тұрақты тіркесін тап. Әрбір дұрыс жауапқы 10 ұпай
А) Төбе шашы тік тұру (қорқу)
Ә) Екі езуі екі құлағында (қуану)
Б) Ит өлген жер (алыс)
В) Қолды болды (із - түссіз жоғалды, ұрланды)
Г) Маңдайынан шертіп жүріп (таңдап жүріп)

ІV кезең «Жаңылтпашты жаңылма»
Жүргізуші.
- Балалардың тілін жаттықтыру үшін шапшаң айтылатын бір шумақ өлеңді не дейміз?
- Жаңылтпаш
Қазір мен жаңылтпашта оқимын балалар жаңылмай, қатесіз оқу керек

1. Алғыс алғыш - тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс

2. Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен

3. Балалар көп тентек,
Күшіміз теп - тең деп,
Күреспе тектен - тек.
Құлайсың көптен - көп,
Аяғың көктен кеп

4. Ішті,
Тісті
Ауыртқан көк өрікке
Ренжулі Берік те,
Ренжулі Серік те

5. Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ па?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!

Қорытынды:
Жүргізуші:
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер.
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер деп.
Бүгінгі жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілей отырып, сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Әділ қазылар алқасы.
І орын.......
ІІ орын.......
ІІІ орын.....

Осы сайысты мына өлең шумағымен аяқтайын.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан – бейшара.
Бейшараға не шара?
40 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы6 Жосалы кенті6 №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×