Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар қалай қыстайды?

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі; ең қажетті жағдайы және өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы қосымша мәлімет алу арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады; оқушылар құстар туралы алған білімдерін толықтырады және пысықтайды;

Дамытушылық: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту:

Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, пәнаралық байланыс (еңбек, ана тілі), сөзжұмбақ, топтық жұмыс, ойын, СТО жобасының стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: қыстап қалатын құстар туралы қосымша материал
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, компьютер, тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Қоршаған ортамен сәлемдесу.
Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
Сәлеметсіз бе, күннің көзі,
Сәлеметсіздер ме, өсімдіктер мен жануарлар!
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
ІІ. Мағынаны ажырату.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда құстар жайлы білімдерімізді толықтырамыз. Біз қандай құстарды білеміз? (Топтастыру)

ҚҰСТАР
Интерактивті тақтамен жұмыс:
Құстар жануарлардың маңызды тобы. Біз қай пән болмасын құстар туралы айтамыз. Құстар туралы білетініміз де аз емес. Ендеше, есімізге түсірейікші, үй және дала құстары болады. Бәріміз назарымызды тақтаға аударайық, құстарды суретіне қарап атап, астына аттарын жазып қояйық.
Интерактивті тақтадан құстарды көрсете отыра, қай құс екенін жазу.
ҮЙ ҚҰСТАРЫ: күркетауық, әтеш, үйрек, қаз, тауық
ДАЛА ҚҰСТАРЫ: аққу, сауысқан, қарлығаш, қараторғай, бүркіт, құр т. б.

- Осы құстардың мектепке келе жатқанда немесе мектептен үйге бара жатқанда, аулада ойнап жүргенде қайсысын кездестірдіңдер?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” (суреттерін көрсетіп, атап шығу) деп атаймыз. Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
- Ал, неге олар қайтып оралады?
- Себебі, біздің жақ олардың туған жері. Олар осы жерде пайда болды. Ол жақта өте ыстық. Жұмыртқа басатын уақытта ыстықтан жұмыртқалары шіріп кетеді, сондықтан да осы жаққа қайтып оралады.
- Ал, енді шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?
Отырықшы құстарға тоқталу:
ШЫМШЫҚ – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.
АЛА ҚАРҒА – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді.
ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
ТОҚЫЛДАҚ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.
СУЫҚТОРҒАЙ – ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
САУЫСҚАН – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.
ҚҰР – орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Негізгі қорегі - өсімдіктер. Ол алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.
КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары
сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
Ал енді құстар әңгімесіне көңіл аударайық...
Шымшық, құр, қарға, сауысқан, қаз, тауықтың әңгімесі.
- Біз қай құстардың әңгімесін тыңдадық?
- Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?
Енді құстар туралы сөзжұмбақтар шешіп көрейік

1. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты пысықтау
Көлденеңінен:
Тұмсығымен шымшып.
Құрт тереді...(шымшық)
Мықты құс бар сондай,
Суықта да тоңбай,
Іздеп жүріп, дән тапқан,
Ұшып - қонған...(торғай)

Тігінен:
Қара түсті қарқылдақ
Ұшып қонып жалпылдап
Қоқыстарды шоқиды
Жем іздейді там-тұмдап
Тамағы егер кездессе,
Екі шоқып бір қарар,
Қар үстінде жорғалар
Дейміз оны -... (қарғалар)

Ала шапан киеді
Қыпылықтап жүреді
Секектеп бір тұрмайды
Өреден құрт ұрлайды
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның... (сауысқан )

Тоқылдатып, мазаны ап
Тұмсығымен шоқып қап,
Ағаштарды емдейді
Емші атанған... (тоқылдақ )
Шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ

Топпен жұмыс: Ал, енді екі топқа бөліне қойып, мынадай тапсырманы орындап көрейік:
Мына құстардың суретін ақ қағазға түрлі түсті қағазбен жапсыру (әр топқа ақ қағаз және түрлі түсті қағаз салынған конверттер таратылады. Сол қағаздардан құрастырған өлеңдері қай құсқа арналса «сауысқан», «суықторғай»), сол құсқа арнап, өлең жолдарын жалғастыру.
Ала қанат... (сауысқан)
Қалдықты жеп... (тауысқан)
Жем іздейді... (тоңбай)
Аязда... (суықторғай)

Әр топ қыстап қалатын құстардың аттарын жазады.
Қыстап қалатын құстар: шымшық, құр, қарға, ала қарға, сауысқан, кептер, суықторғай.
Жақсы орындаған топқа құстардың суретін беремін.
Сергіту сәті.
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.

ІІІ. Ой толғаныс.
“Сәйкесін тап!” ойыны (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)
Қарға------ шиқылдайды
Сауысқан----- тоқылдайды
Шымшық------ қарқылдайды
Тоқылдақ --------шақылдайды
Құр ----------- құрқылдайды
- Құстар болмай қалса не болады?
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі білген құстарымызды “Құстар
дастарқанына шақырайық” (құр, сауысқан, қарға, тоқылдақ, ала қарға, кептер, суықторғай, шымшық).
Балалар, жыл құстары мен отырықшы құстарды салыстырып өтейікші:
Жыл құстары Отырықшы құстар

Жыл құстары ------------- Дала құстары --------- Отырықшы құстар
Суыққа төзімсіз --------- Ұшады --------------------Суыққа төзімді
Алыс жерлерге---------- Қоректенеді ------------Мамықтары қалың
ұшады ----------------------Көбейеді

Бағалау.
Қуанышты хабарлама.
Үйге тапсырма беру.
Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету, олардың бір күндік тіршілігін бақылау, дәптерге жазу. Мәтінді оқып келу.

Шымшық:
- Адам тұрағына жақын келіп қоныстанғанымыз жақсы болды! Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.
Құр:
- Бұғылар да келмеді ғой. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім!
Қарға:
- Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын! Ағаш бүршігімен, кепкен жеміс-жидекпен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан:
- Ей, қаздар, сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар:
- Әй, сауысқан-ай, танымадың ба? Біз үй қаздарымыз ғой. Сен, өзің неге жылы өлкеге кетпедің?
Сауысқан:
- Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты алақарға, шымшық, тоқылдақ, торғай, суықторғайлар да қыста өз туған жерлерінде қыстайды.
Тауықтар:
- Бұл, жазда біздің ұядағы жұмыртқаны ұрлап алып кеткен қарақшы ғой, танып тұрмыз.
Сауысқан:
- Тауықтар, сөздеріңді естідім. Жұмыртқаңды ашып тастапсың. Көрген соң біреуін алып, ауыз тидім. Жұмыртқа менің басты қорегім емес. Мен бунақденелілер сияқты ұсақ жәндіктерді көбірек аулап жеймін. Мені пайдалы құс деп өсімдіктер қадірлейді. Мұны білгендерің жөн. Әрине, қазір олар жоқ, азық тапшы, тіршілік ету оңай емес. Онан да сендер, үй құстары, мына қыстағы өз жағдайларыңды айтыңдар.

Үй құстары:
- Жағдайымыз жақсы. Ұядай жылы орын, мол азықты біздер үшін адам дайындайды. Біз адамға дәмді ет, жұмыртқа, жұмсақ мамық, сыйлаймыз. Сол үшін бізді адам күтіп бағады, бізге қамқорлық жасайды.
128 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік. - Біз немен дем аламыз? - Нені басып жүреміз?
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстар қалай қыстайды
Құстар қалай қыстайды
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×