Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

22 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың міндеттері:
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін және оның есеп шығаруда қолданылуын қарастыру.
- Өзін - өзі бақылауды жүзеге асыра білуін, талдау мен қорытынды жасай білуін дамыту.
- Ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру сәті.
- Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен мектепке сабақтамын,
Қазір оқуды бастаймын.
Осыған қуанамын (үзіліс)
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Өте-мөте оқығым келеді.

II. Өткен сабақты қорытындылау.
1. Ауызша жұмыс.
Біз жұмысымызды әдеттегідей ауызша жаттығулардан бастаймыз.
а) Ойын: «Сыңарын тап».
- Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.
4 + 46
8 + 72
2 * 7
64 + 30
22 + 58
100 – 6
7 * 2
25 + 25
7 + 7 +7
- Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар. (40 – 19, 7 * 3, 16 + 5 т. с. с.)
ә) – Қандай қосындыны көбейтіндімен алмастыруға болады?
3 + 3 + 3
4 + 8
4 + 4
9 + 9
5 + 5 + 5
6 + 6
3 + 2
2 + 4 + 3
3 + 4 + 4 + 4
- Ал мұнда бір бөлігін ғана (ішінара) көбейтіндімен алмастыруға болатын қосындылар бар ма? Оны қалай істейміз? (3 * 3, 4 * 2, 6 * 2, 9 * 2, 5 * 3 3 + (4 * 3)

III. Жаңа материалды түсіндіру.
1. Сабақтың мақсатын қою.
- Қосудың бөліктерін атай отырып, қосындыны оқыңдар: 4 + 46, 8 + 72.
- Қосылғыштарды қалай қосқан қолайлы?
Есептеу кезінде қандай қасиеттерін пайдаландыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, көбейтіндінің мәнін есептеу кезінде осы қасиетті пайдалануға бола ма?
2. Жаңа білімді меңгеру.
- Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар:
256 * 2 және 2 * 256
Қалай әрекет жасайсыңдар? (Ең алдымен 256 * 2 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін қосамыз 256+256=512, содан кейін 2 * 256 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін 2 деген қосылғышты 256 рет қайталап, алынған нәтижелерді салыстыру қажет).
- Қайсысы сендерге қиынға соқты?
- Қалай есептейміз? (а) есептейміз, (ә) ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз). Мысал. Балалар, мен 2 * 100 = 200 екенін білемін. Есептеуді жалғастырыңдар.
256 = 200 + 50 + 6
2 * 100 + 2 * 100 = 400
100 = 50 + 50 онда 2 * 50 = 100
2 * 6 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 12
400 + 100 + 12 = 512
Нәтижелері тең, көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген қорытынды жасауға болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау.
- Суреттерге қараңдар. Аталған тәсілдердің қайсысы бәрінен де қолайлы? Неге? Барлық ұшақтар саны қанша?
1 - тәсіл: 6 + 6 + 6 + 6 = 24.
2 - тәсіл: 4 + 4 + 4 + 4 + 4 +4 = 24.
2. Ережемен жұмыс «Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді».
3. Көбейтудің қасиеттерін қолдану. №2, №3, №4.
V. Сергіту сәті.
Жұмыс істеп шаршадық,
Ал тұрайық ақырын.
Өсімдіктерді көп білеміз.
Орманда да көп жүреміз.
Жасыл шырша қанша болса,
Соншама рет еңкейеміз.
Доптарымыз қанша болса,
Соншама рет отырамыз.
Тақтадағы шеңбер қанша,
Шапалақты сонша соғып,
Соқпақ жолмен адымдаймыз,
Жәндіктерді таптамаймыз.
Бұлаққа да келіп жеттік,
Енді отырып дамылдаймыз.
VI. Өткен материалды қайталау.
1. Есеп шығару.
а) №5 есептің қысқаша шарты.
ә) №6 есептің қысқаша шарты.
Шешуі:
1 - тәсіл: 82 – (17 + 24) = 41.
2 - тәсіл: 82 – 17 - 24 = 41.
б) Шығармашылық сипаттағы тапсырма: (11 айырмашылық)
в) №8 өз бетінше жұмыс.
VII. Сабақты қорытындылау.
- Сабақта қандай жаңалықты білдіңдер?
- Сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қалай?
VII. Үйге тапсырма: №6, №7, №10.
37 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Қосындыны санға көбейту (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Көбейтудің қасиеттерін есепті шығару барысында қолдану жолдарын пысықтау.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту
оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілін үйрету; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту;
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері
Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері
Оқушыларға теңдеуді және оларды шешу тәсілдерін қайталату;
Сандардың нумерациясы
Сандардың нумерациясы
Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Үш таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, бастауыш сынып мұғалімі Қасақаева Нұрзағила
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×