Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз!

22 қаңтар 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Іс - шара тақырыбы: Алтын күз!
Мақсаты:
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін қызығушылықтарын арттыру. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау. Күз мезгіліне байланысты ұғымдарын қалыптастыру.
Білімділік: Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Белсенділіктерін дамыту, ұйымшылдыққа достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, шарлар, жапырақтардың суреттері және т. б.
Кіріспе сөз
Құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақ та, табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз дей отырып бүгінгі «Алтын күз»атты іс - шарамызды тамашалаңыздар.
Бүгінгі іс - шарамызда ең алдымен бүлдіршіндеріміздің «Мектеп бізге барлығын үйретеді» әнін қар салыңыздар!
Хор «Мектеп бізге барлығын үйретеді.
Мектеп бізге барлығын
Әріптердің әр мәнін
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
*****
Қолға қалам алуды,
Әсем етіп жазуды,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді./ 2рет
****
Үлкендерді сыйлауды,
Кішілерді ұрмауды,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
****
Санға санды қосуды,
Саннан санды алуды,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді./ 2рет.
Келесі кезекте бүлдіршіндеріміз топқа бөлініп «Мозайка әдісі»арқылы күз мезгіліне байланысты суреттер құрастырады және сипаттайды.
1 - топ: 0 «А» Күз мезгілін құрастырады және күзде болатын табиғат құбылыстарын айтып кетеді.
2 - топ: 0 «А» Күз мезгілінде пісетін көкеністерді құрастырады сипаттайды және көкеністер туралы тақпақтарын айтып өтеді.
3 - топ: 0 «Б» Күз мезгілінде пісетін жемістерді құрастырады сипаттайды және жемістер туралы тақпақтарын айтады.
4 - топ: 0 «Б» Күз мезгіліндегі түрлі – түрлі жапырақтарды құрастыра отырып сипаттайды жапырақтар туралы тақпақтарын айтады.
Педагог: Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бізге дайындаған қызықты ертегілерін ала келіпті ендеше «Көкеністер мен жемістер» ертегісін сахналауын ортаға тамашалайық!
«Көкеністер мен жемістер дауы» ертегісі сахналау.
Бақшашы: Айжұлдыз Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, бұршақ, шалқанда, өрік пенен алмұртта, қып — қызыл піскен қызанақ, қырыққабатқа қарашы!
Автор Айлин: Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Балалар: Көкөністер:- Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Бұршақ: Ибрахим: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
 Сый жасаймын бәріне
Автор Айсезім: Ызаланғаннан қызылша қып — қызыл болып кетті.
Қызылша: Сумая Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
 Винегрете үстелде
Автор Айлин: сөзге қырыққабат араласты.
Қырыққабат: Раяна Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
 Жейді бәрі тамсана
Автор Айсезім: жеміс шырыны алмаға тіл бітті. Алма: Ақбибі
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Автор Айлин: Қияр үндемей тұра алмады.
Қияр Әмір: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Автор Айсезім: Сөзге шалқан кірісті.
Шалқан Нұрбосын:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
 Тауып көр менен дарханды!
Автор Айлин: бойын көтерген сәбізде өз ойын білдірді.
Сәбіз Зере: Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Автор Айсезім: алмұртта өз ойын айтуға тырысты.
Алмұрт: Салауат
Мен алмұртпын, алмұртпын.
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қалатын
Автор Айлин: тыңдап тұрған қызанақ, шыдап тұра алмады.
Қызанақ Нұрай Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Автор Айсезім: бұл кезде пияз қалай шыдасын
Пияз: Айару Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық — барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Автор Айлин: Өрікке де тіл бітті.
Өрік: Әсем
 
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау - бақшаға көрікпін.
Автор Айсезім: бұл сөздер қауын мен қарбызға ұнай қоймады
Қарбыз Гүлзат:
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Қауын Бегайым:
 Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Автор Айлин: бәрін тыңдаған анар әрі қарай сөз жалғады
Анар Рахманалиева Раяна:
Мен тәп - тәтті анармын,
Мен емеспін мақтанар
Барлық - барлық адамға, Тиер менің көп пайдам!
Бос айтысты қояйық,
 Дауласуды тоқтатайық.
Балалар: Көкөністер: — Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
 Тиеді көп пайдамыз?
Автор Айсезім:
Дұрыс айтасыңдар!
Көкөністе, жемісте,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Педагог: Мінекей, балалар бүгінгі оқу қызметі қандай ертегімен таныстық?
 - Олардың адамға пайдасы барма екен? (Балалар өз ойларын айтады).
Ал ендеше балалар көкеністер мен жемістердің қайда өсетінін «Кім жылдам» ойыны арқылы ажыратайық.
Кім жылдам ойыны?
Ойынның шарты: Тақтаға Жер мен Ағаштың суреті ілінеді. Балалар Ағашта өсетін жемістерді ағашқа жапсырады, жерде өсетіндерді жерге апарып орналастырады.
Педагог: Бүгінгі іс - шарамызда қыздарымыз күз мезгіліне байланысты сәндік көйлектерін аналарымен көрсетуді тамашалайық!(балалар хормен «Күз келгенде балалар» әнімен) Алтын күз атты іс шараны аяқтайды.
Балаларды мадақтау: Директордың тәрбие ісі жөнідегі орынбасары: Елубаева Гүлназ апай балаларды мадақтамамен мадақтайды.
Педагог: Құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра, әр отбасына амандық тілейміз.
 Осымен «Алтын күз» атты іс - шарамыз өз мәресіне жетті! Уақыт бөліп қатысқандарыңызға көп - көп рахметімізді айтамыз!

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгер қаласы, 
№2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Камар Калиевна
837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Күз ханшайымы
Күз ханшайымы
Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы Болашақ балабақшасының тәрбиешісі Кадырбекова Данира Чапаевна
Арайлы - алтын күз
Арайлы - алтын күз
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қабырғаларға жапырақтар мен шарлар ілінген, жоғарыға құс макеттері, жеміс – жидек муляждары ілінген.
Кел, жемісті, Алтын күз!
Кел, жемісті, Алтын күз!
Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×