Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


№46 Металдар қандай болады?

04 наурыз 2026, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі, әрі  нәзік, жарық мейірімді
Болып кетер сонда менің жан-жағым
Өткен сабақты пысықтау.
1. Теміртас дегеніміз не?
2. Болат пен шойын қандай металға жатады?
3. Темірдің қандай қасиеттерін білесің?
4. Әлемде темір қоры мол мемлекетті ата.
5. Қазақстандағы темір кен орындарын ата.
6. Металдар табиғатта қандай күйде кездеседі?

ҚБ 1 – тапсырма ОДД: білу, түсіну, қолдану
Жаңа тақырыпты ашу. 
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі 
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін
Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық
Апталық дәйек сөз: «Жаңашылдық – заман талабы»
Құндылық: Өзінің және өзгенің іс - әрекеттерін адамгершілік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан талдай білу
Сен
- түсті металдардың түрлерімен танысасың;
- олардың таралу аймақтарын анықтайсың.
Марапаттау
Жеңімпаздарды рәсімінде медальдардың орны ауысып кеткен екен. Марапаттаушы ойланып қалды. Оған көмектес.
Медальдардың әрқайсысы қай металдан жасалғанын қалай және қандай белгілері бойынша ажыраттың? Ал осы металдардың тобын қалай атайды?
Неге бірінші орынға алтын, екінші орынға күміс, үшінші орынға қола береді?
Әшекейлер
Эврика Негешке әшекей бұйым туралы жұмбақ жасырғысы келді. Ол жұмбағында әшекей зат жасайтын металдардың қасиеттерін сипаттау үшін қандай сөздерді қолдануы мүмкін? Әшекей жасағанда металдың қандай қасиеттері ескеріледі?
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқы.
ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Мәтінді оқиды
Саралау тапсырмасы

 
1. әйкестендір
 Пайдалы қазбаларды қолданылу саласымен сәйкестендір:
Пайдалы қазбаҚолданылуы
Тұза) Үй жылыту, электр энергиясын алу
Көмірә) Ас дайындау, тағамға қосу
Сазб) Ыдыс - аяқ, кірпіш жасау
Мұнайв) Жанармай, пластик бұйымдар
2. Төмендегілердің қайсысы пайдалы қазбалардан жасалғанын белгіле:
әйнек □
нан □
кірпіш □
жанармай □
3. Кез келген 3 пайдалы қазбаны таңдап, қайда қолданылатынын жаз:
Сергіту сәті
ҚБ 2 - тапсырма Топтық жұмыс 
ОДД: білу, түсіну, қолдану
Зертте
Қандай металл магнитке тартылмайды?
Картамен жұмыс
Түсті металдардың таралу аймағын анықта.
Ойлан 
Монета неліктен металдан жасалады? Оның құнын қалай анықтайды деп ойлайсың?
Сен білесің бе?
 Пайдалы қазбаны зерттейтін ғалымды геолог деп атайды. Қазақтың тұңғыш геологы - академик Қаныш Сәтбаев. Ол Жезқазғандағы мыс кен орындарын ашқан.
Рефлексия: « Менің шырағым»
1. Бағалы металдарды ата.
2. Жеңіл металдардан не жасалады?
3. Мыс пен мырыштың қоспасын ата.
4. Жезден жасалған сымдар қай жерде қолданылады?
5. Мыс пен қалайының қоспасын ата.
6. Қола қолданылу жағдайын ата.
- Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
- Жетістік критерийлеріне жеттік пе?
Үйге тапсырма: Мәтінді оқы
32
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың басы: Психологиялық ахуал: «Сен мен үшін кімсің?» психологиялық тренинг. Өткенді қайталау. Мәтінді түсініп оқу.
Темір, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
Темір, периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
Оқушыларға темірдің жай зат күйіндегі құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру Темірдің адам өміріндегі және қоғамдық даму барысындағы тарихи мәнін ашу.
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Құрылымдық материалдар туралы жалпы мағлұмат беру. Металл түрлерімен қасиеттері жайлы және металдағы таңбаларды оқуды үйрету.
Металдарды алудың әдістері
Металдарды алудың әдістері
Металдардың алыну жолдарымен танысу. Металдардың алу жолдарын химиялық реакция теңдеулермен сипаттай алу.
Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын мен болат өндіру
Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын мен болат өндіру
Темір құймалары шойын мен болат өндірудің өндірістік әдістерімен танысып, маңызын біледі. Темірдің аса бағалы өнімдері оның құймалары – шойын мен болат.
Темір және оның маңызды қосылыстары
Темір және оның маңызды қосылыстары
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 мектеп – гимназиясының химия пәні мұғалімі Мусагалиева Динара Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×