Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Астана»тақырыбын түсіндіріп, меңгерту.

Білімділік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіру.
Астана туралы мағлұмат беру, ел рәміздерімен.
Астана қаласының мәдени орталықтарына тоқтала отырып, мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету, сөздік қорын арттырып, өз ойларын толық жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып,
Астана қаласына, яғни туған жерге, туған елге,
Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін оянып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, ой – өрісің дамытып, дүниетанымын кеңейту,
өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: СТО әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, АҚТ-ны қолдану.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүние тану, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Жалғасын тап» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Бес жолды өлең құрастыру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қортынды
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысуымен оқу құралдарының әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
1) «Жақсы тілек» айту. Оқушылар бір – біріне жақсы тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2) Үйге берілген «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұны сұралады.
1. Сен қайда тұрасың?
2. Отан деген не?
3. Сен Қазақстан туралы не білесің?
4. Қазақстанда қандай жануарлар мекендейді?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Жалғасын тап» ойыны
Отан үшін отқа түс..........(күймейсің)
Отан оттан да...........( ыстық)
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Үнтаспадан М. Омаровтың «Астана» әнін тыңдату.
- Балалар үнтаспадан қандай ән тыңдадық?
- Әннің әуені қалай? (жай ма, көңілді ме?)
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана» туралы болмақ. Оқулығымызды ашып «Астана» мәтініне назар аударайық.
Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Есіл өзеннің оң жақ жағасында жазық жерде орналасқан. Бұрынғы Ақмола облысы 1998ж бастап Қазақстан Республикасының Астанасы болып бекітілді. Астана - әдемі жас қала. Астана қаласында зәулім сарай – Үкімет үйі бар. Онда біздің елімізді басқаратын президент – Н. Ә. Назарбаев отырады.
Астана – арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап - жас болып,
Мен үлкен болғанда да.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып түсіндіремін.
Сұрақтарға жауап аламын.
Оқушыларға мәтінді тізбектей оқытамын.
Дәптермен жұмыс.
«Астана» туралы өздерінің жинаған суреттерін дәптерге жапсырады

Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Бес жолды өлең. Балалар қазір біз «Астана» туралы өз ойымызды бес жолды өлең құрастырайық.
Жаңа қала, жас қала,
Болды бүгін бас қала.
Ол – сүйікті қаламыз,
Алып қала Астана.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
- Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Еліміздің рәміздерін атап көрейік?
- Үкімет үйінде кім отырады?
- Астана қай жылы құрылды?

V. Қорытынды
«Астана» сөзіне сөзжұмбақ жасату.
1. Біздің тұратын жеріміз?
2. Астана қай өзеннің екі жағын алып орналасқан?
3. Еліміздің рәміздерінің бірі?
4. Біздің елбасымыз кім?
5. Қазақстанның астанасы қай қала?
6. Еліміздің рәміздерінің бірі?
VІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жетондар арқылы бағалап, мадақтаймын.
VІІ. Үйге тапсырма
Үйге «Астана» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту. Суреттерін салу.
5 559
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана – тарихи мекен
Астана – тарихи мекен
Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажырата біледі.
Астана Отанымның жүрегі
Астана Отанымның жүрегі
Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×