Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

31 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөйлем
Мақсаты: Сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; Сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету.
Дамытушылық: Өз ойын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және де өз елін құрметтеуге баулу.
Сабақ типі: жаңа білім беру
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, әр топқа арналған тапсырмалар, тест сұрақтары

Сабақ барысы
І. Қызығушылығын ояту.
- Көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл кеңес тыңдау үшін.
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяқ не үшін керек?
- Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
- Туған жеріміз қай ел?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай ел?
- Байтақ, тәуелсіз, кең, егемен ел.
- 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні
Сабағымыздың ұраны “Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ”
Оқушылар 3 топқа бөлінеді
І. Білгірлер
ІІ. Тапқырлар
ІІІ. Алғырлар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің Отаным» тақырыбында жазылған шығармаларын оқыту, талдау, бағалау
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс
- Тәуелсіз еліміздің белгісі, символы ретінде нені көз алдымызға елестетеміз?
Бүгін сабақ тапсырмаларын орындай отырып, біз осы белгі символдың не екенін білеміз.
Алдымен сабағымыздың тақырыбын ашып алайықшы.
- Балалар, барлығымыз экранға қарап сөзжұмбақты шешейік.

1. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
2. Көреді бәрін өзгенің көре алмайды өздерін.
3. Оқиғаның себебін дәлелдейтін мәтін.
4. 16 - желтоқсан қандай мереке?
5. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін.
6. Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.
- Қандай сөз шықты?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар?

1 тапсырма
Әр топқа сурет беріп сол бойынша сөйлем құрастыру.
Астындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Сөйлем бір - бірінен не арқылы ажыратылады?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Ал, енді осы жауаптардан қай топ ереже шығарып береді?

ІV. Жаңа сабақты бекіту
2 - тапсырма.
3 топқа 3 тапсырма беріледі.
1 - жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді салыстыру.
1 - топ: кітап, күту, ұста
Кітапты күтіп ұста.
2 - топ: жаңбыр, дала, суық, жауды
Далада суық жаңбыр жауып тұр.
3 - топ: құлындады, бие, көк
Көк бие құлындады.
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұр?
Оқушылар пікірін тыңдау.

3 - тапсырма.
2 - жаттығу. Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып көр.
МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНСОҢКЕЛЕМІН.
- Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?
Өйткені, ол сөйлем жазудың ережелерін білмейді.
Әр топтың жауабын тыңдау.

Сергіту сәті
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.(қимылмен көрсету)

4 - тапсырма.
3 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.
- Сен қай пәнді жақсы көресің?
- Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

«Сүйікті» пән
Түртіп қалдым Майқанды,
Майқан маған қарайды.
- Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің? - деп сұрады.

- Білгендерге пән - мәннің
Барлығы да тәуір - ау!-
Деді Майқан. - Ал менің
Сүйер “пәнім”- қоңырау!

5 - тапсырма.
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
Бас, қаласы, Астана, елімнің.
Көп, зәулім, Астанада, ғимараттар.
Өзенінің, қала, Есіл, бойындағы.
Мұражай, бар, Астанада.
Мешіті, көрікті, Астананың.
Орналасқан, Бәйтерек, Астанада.

- Олай болса, бәріміз бүгін өз біліміміздің арқасында еліміздің тәуелсіздігінің символы “Тәуелсіздік монументін” құрастырдық. Тәуелсіздік күніне орай біз өзіміздің білімімізбен, тапқырлығымызбен, алғырлығымызбен сыйлық жасадық.
Сабақтың ұраны «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» дегендей, біз еліміздің тірегі бола алатынымызды дәлелдедік.

V. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта әрқайсыңа не ұнады?
- Қандай тақырып өттік? Алған білімдеріңді тест сұрақтары бойынша бекітеміз.
Тест сұрақтары:
1. Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
А) Бас әріптен
Ә) Кіші әріптен
2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
А) үтір, қос нүкте, сызықша
Ә) нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі
Б) жұлдызша, қосу, азайту
3. Сөйлем неден құралады?
А) буыннан
Ә) әріптен
Б) сөзден
4. Сөйлем дегеніміз -----
А) тиянақты аяқталған ойды білдіреді
Ә) аяқталмаған ойды білдіреді
Б) көңіл - күйді білдіреді
Жинап алу, тексеру.

Слайдтар көрсету, өлең оқылады.
Мерейім нұрлана бер, азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Кең далам, көл - дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік өмір бауын.
Барлықтарыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты, баянды болсын!
VІ. Үйге тапсырма: 4 - жаттығу. Сөйлемдер жігін ажыратып, тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.
7 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және
Туған ел Сәкен Сейфуллин
Туған ел Сәкен Сейфуллин
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шабдарова Тоқташ Махсотовна
Сөйлем
Сөйлем
Байқоңыр қаласы, А. Құнанбаев атындағы №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Асатуллаева Кунзипа Кудайбергеновна
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×