Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған ел Сәкен Сейфуллин

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған ел Сәкен Сейфуллин
Мақсаты: Өлең мағынасын ашу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, өзіндік ой - пікірін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Міндетті: Топпен жұмыс жасауға үйрену. Пәнге деген қызығушылығы артады. Тапсырманы түсініп, өз дәрежесінде орындай алады.
Негізгі идеялар міндеті: өткен материалды қайталау;
- тақырыпты игеру;
- оқушыларды тиянақтылыққа үйрету;
- оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін - бірі оқытуын қалыптастыру;
- тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену;
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру:
- оқушылардың жетістігін формативті бағалау;
Көрнекіліктері: суреттер, бейнебаян, мультимедиялық проектор, флипчарт, фломастер, стикер, түрлі - түсті жетондар, маркер т. б.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру Сәлемдесу. Сыныпты суреттер арқылы топқа бөлу
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері.
Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек?
Оқушылар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін!

II. Өткен сабақты пысықтау.
«Үш бақытым. Туған тілім» ұнатқан өлеңдерін жатқа айту.
«Мен үшін бақыт -...», «Қазақ тілім - байлығым!» тақырыпта - рына эссе жазу.
III. Мағынаны тану. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
*Біздің Отанымыз қалай аталады?
*Біз қандай облыста тұрып жатырмыз?
Біздің тұрғылықты жеріміз ше?
«Білгенге маржан» өлең авторы С. Сейфуллин туралы бейнебаян жіберіледі. С. Сейфуллиннің өмірбаянымен таныстырылды.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс - қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.

IY. Сергіту сәті.
Y. Оқулықпен жұмыс.
*Өлеңді іштей оқу
*Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқу.

YI. Топтық тапсырмалар.
1 - топ Өздеріңнің туған жерлерің туралы мәтін құраңдар.
2 - топ Туған ел, туған жер туралы мақал - мәтел жазыңдар.
3 - топ Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көріңдер.
4 - топ Болашақтың көзімен; Сендер өскенде туған жерлеріңе қандай көмектеріңді тигізер едіңдер?
5 - топ Ертегіні көру арқылы негізгі ойды анықтаңдар.
YII. Ой толғаныс. Қорытындылау.
Біз не үйрендік?

YIII. Үйге тапсырма
«Туған ел» туралы мақал - мәтел жинақтау, жаттау.
Туған ауылыңды бейнелеу.
Туған ел туралы өлең құрастыру.
«Туған ел» өлеңін жатқа айту
Бағалау
4 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыздағы тілек
Наурыздағы тілек
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйрету; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Садокат Кайнарбековна
Біздің Ту
Біздің Ту
Қордай ауданы, Кенен ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Рыскелді Гүлжихан
Ата тәлімі С. Ақаев
Ата тәлімі С. Ақаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шабдарова Тоқташ Махсотовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×