Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды суретші

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дарынды суретші
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу. Автор жайлы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітапша.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік.
II. Үй тапсырмасын тексеру. К. Толыбаевтың «Жезтаңдай әнші» әңгімесі.
Оқушыларға әңгіме туралы түсініктерін әңгімелету.
Үй тапсырмасын қорыту. « Орамал тастамақ ойынымен».
1. Манарбек Алматыға не үшін келді? 2. Саған қандай халық әндері ұнайды? 3. Халық әндері қалай тарайды? 4. Қандай әндерді халық әндері дейміз? 5. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
Үйге тапсырмаға өнерге байланысты мақал-мәтелдер жинау берілген болатын. Мақал-мәтел сұрау
Өнер дегеніміз не? Өнер: ән айту, сурет салу, би билеу, мүсіндеу, тігіс тігу, айтыс айту, т. б. Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ.

III. Жаңа сабақ.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пенИ. Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гул ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. ]Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.

Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей оқу. Тауып оқу.
Сергіту сәті.
Биші бұралып билейді,
Күйші домбыра тартады
Спортшы жүгіріп, секіреді,
Оқушы отырып, сабақ оқиды.
Дәптермен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс.
Басқұр – уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра байлайтын өрнекті жалпақ құр.
Білгенге маржан
Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшілерінің бірі – Ш. Уәлиханов. Ол туған жер көріністерін, ескерткіштерді қағаз бетіне түсірген.
Өлеңнің белгілі бір өлшемі болады. Өлең – ырғаққа, ұйқасқа құрылған көркем сөз. Өлеңді ақын шығарады.
Өлең тақырыбы жағынан Отан, табиғат, көңіл күй, еңбек сияқты түрлерге бөлінеді.
Қорытынды. Әбілхан Қастеевтің туындыларының артында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Ә. Қастеев өмірбаянын түсініп оқу.
Бағалау.
16 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 5 орта мектептің музыка, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәні мұғалім Айнур Орынгазиева
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай шығармасының суретін сипаттау
Абай шығармасының суретін сипаттау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан
Қастеев Әбілхан (1904-1973)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×