Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның атақты суретшілерінің туындылары»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны туралы мағлұмат және «Абай» тақырыбындағы шығармаларының кескіндемелік туындысын ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Қастеев туралы мәліметтер, фотосуреттері. Абай Құнанбаевтің сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып - өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау – басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою - өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929 - 1936).
Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т. б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт - дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды.
«Автопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А. Құнанбаев», «Ж. Жабаев», «Ш. Уәлиханов», «А. Иманов», «Ғ. Мұратбаев», «К. Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді.
Соның ішінде бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Жас Абай», «Киіз үйдің жанындағы Абай» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері бар және осы суреттерге тоқтала кетсек.
«Жас Абай» «Киіз үйдің жанындағы Абай»
«Киіз үйдің жанындағы Абай» атты кескіндемелік туындысы 1938 жылы акварель техникасында орындалған, тұңғыш туындысы. Әлі кәсіби шеберлігі толық қалыптаспаған суретшінің бұл кездегі кескіндемелік жұмыстарының басым көпшілігі акварель техникасында орындалып, қарапайымдылығымен, тазалығымен, авторлық көзқарастардың айқындығымен ерекшеленеді. Ұлы ақынды қазақтың кең байтақ табиғатының аясында бейнелеген Ә. Қастеев қоршаған орта мен қазақ даласының кеңдігі арқылы ұлы ақын образын ашудың алғашқы қадамдарын жасайды.
1945 жылы Әбілхан Қастеев Абай тақырыбына қайта оралады. Абай образын ашуда суретші енді ақынның шабыт шалқарындағы жастық шағының толық тұлғалық портретін жасау арқылы көркемдік шешім табу жолдарын қарастырады.
Сабақты бекіту: оқушылар бір біріне сұрақтар беру, өз өздерін бағалауы, мұғалімнің бағалауы
Үйге тапсырма: киіз үй суретін салу

Жаңалықтар
Амангелді батырым Н. Байғанин
Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеяны анықтау. Амангелді батыр жайлы мағлұмат алу. Топта өлеңді талқылап, өз бетімен меңгеруге, бір - біріне түсіндіруге, өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Шағын топтарда үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу.
Әбілхан Қастеев
Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игеру. Жаттығу жұмысын орындау
Абай шығармасының суретін сипаттау
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Пейзаж өнері
ШҚО Аякөз ауданы, Ақтоғай стансасы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Технология, сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Қусайынов Аян Кайырлыханович
Дарынды суретші
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.