Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

16 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Казиева Арайлым Талдыбайқызы
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ»

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне байланысты елін, жерін, Отанын сүюге құрметтеуге баулу. Тәуелсіз ел - тірегі - білімді ұрпақ екенін, білім туралы ойларын кеңейту, білімнің қоғамдағы маңыздылығымен пайдасы туралы түсіндіру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, сылдырмақ.
Әдісі: ойын, талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
*Психологиялық дайындық.

Барлығы:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Сәлемдестік бәріңе әдеппенен біз.
Қуансаңыз сіз, қуанамыз біз.
Сізге де, сізге де, сізге де.
Сәттілік тілейміз біз.

Мұғалім:
Данасы мен батыры көп қазақпын
Көрген талай қияметін азаптың
Аршындаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!
- Құрметті оқушылар! Еліміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толды?
*20 жыл.
* Сіздерді Тәуелсіздігімізге 20 жыл толу мерекесімен сіздерді құттықтаймын. Қазақстанның барлық қалаларында 20 жылға байланысты үлкен - үлкен іс - шаралар атқарылуда. Біздің мектебімізде де 20 жұлдызды күн өтуде. Бүгін 8 желтоқсан «Азаматты қорғау күні»күні.«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»демекші бүгінгі сайыс сабағымыздың ерекшелігі сыныбымыздың көшбасшысын анықтаймыз. Сендердің сабаққа жақсы қатысып отырғандарың, жақсы жауап берулерің Тәуелсіздікке қосқан өз үлестерің.
Сайыс: 6 кезеңнен тұрады. Сайысымыздың бөлімдері қазақтың ұлттық ойындарына сәйкес.
1 кезең: «Аламан бәйге» «Аламан бәйге» 2 кезеңнен тұрады.
2 кезең: «Көкпар»
3 кезең: «Полиглот»
4 кезең: «Жорға»
5 кезең «Бейне сұрақ»
6 кезең: «Бәйге» 2 кезеңнен тұрады.

Сайысты қадағалап, бақылап отыратын сарапшымыз бар. Бастауыш сынып мұғалімі Булегенова Ақмарал Тыныштыққызы.

*Балалар жауап беру кезінде сигналдық белгілер арқылы жауап береміз. Әр қайсыңның алдында сигналдық белгі жатыр. Ал олай болса оқушылар сіздерге сәттілік тілеймін.
1 кезең «Аламан бәйгенің» бірінші кезеңі алдарыңызда тұрған кеспе қағаздағы сөздерді оқып, неше дыбыс, неше әріп, қанша буын, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар санын анықтау.
*Менің «баста» деген белгімді күтесіңдер!
*Қыс, көктем, жаз, оқушы, орындық, тақта, парта, дәптер, мектеп, желтоқсан қаңтар, ақпан, қазан, қараша, мұғалім, қалам, өшіргіш, наурыз, көкек.

Үлгі: қазан - 5д, 5ә, 2б, 2д, 3д.
Бұл кезеңдегі оқушыларға тоқталу.
2 кезең. Кеспе қағаздардағы есептерді ауызша жауап беру.

9 - 3 ---- 3+7 ------ 7 - 3 ----- 4+2 ------- 10 - 0
5+4 ----- 4+3 ------- 8 - 5 ----- 2+3 ------- 9 - 5
5+0 ----- 8+2 ------- 9 - 4 ----- 2+0 ------- 8 - 3
7 - 3 ---- 5+5 ------- 10 – 5 --- 7+3 ------- 4 - 3

*Тамаша балалар, бұл кезең бойынша бірнеше балалар сұраққа жақсы жауап берді. Мүдірген балалар осы турдан шығады.

Келесі 2 кезең: «Көкпар» «Әліппе серігінде»жаттаған әріптерге байланысты тақпақтардың біреуін айтып береміз. Кім дайын сигналдық белгіні көтереді.
*Кезең бойынша сарапшы қорытындысын шығарады.

- Жақсы келесі кезең. «Полиглот»бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ қоямын, сигналдық белгіні көтеру арқылы жауабын айтасыңдар, сонымен қатар орысша баламасын айтады.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы - лыжи)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте, (шырша - елка)
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (бор - мел)
Тық - тық етеді,
Уақытты көрсетеді. (сағат - часы)
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күн - солнце)
*Суреттері көрсетіледі.

*Жақсы балалар, сарапшының қорытындысын тыңдаймыз.
*Келесі кезең «Жорға» сан артында жазылған тапсырмаларды орындау арқылы өздеріне ұпай жинайды.
10
Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 20
Қазақстанның астанасы қай қала? 30
Жыл мезгілдерін ата? 40
Медеу мұз айдыны қай қалада орналасқан?
10
Итмұрын дегеніміз не? 20
ҚР Рәміздерін ата? 20
Математикалық фигураларды ата 40
Адамдар табиғаттан үйреніп жасаған заттарын ата
10
Аюдың қысқы тіршілігін айт 20
9 - 8= 20
Табиғат нешеге бөлінеді? 40
Апайда 3 гүл бар. Мен 3 гүл сыйладым. Апайда қанша гүл бар?

*Жақсы, осы турдан 3 оқушы ғана келесі турға өтеді.
Келесі турымыз «Бейне сұрақ» Экраннан сендерге мұғалімдер сұрақ қояды.
1. Мектеп басшысының әдістемелік оқу - ісінің меңгерушісі Орынтайева Гүлмира Пернетайқызы қояды.
? Ауаның температурасын өлшейтін құралды ата?
Жауабы: Ауаның температурасын өлшейтін құрал - Термометр
2. Мектеп басшысының тәрбие ісінің меңгерушісі Адамьянова Шолпан Советқызы.
? Адамдардың табиғаттан үйреніп жасаған заттарын ата?
Жауабы: Адамдардың табиғаттан үйреніп жасаған заттары - қайық, ұшақ.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Құланбаева Бақыт Жаппасқызы қояды.
? Менде 6 кітап бар, сендерге 5-ін сыйладым. Менде неше кітап қалды?
Жауабы: 1 кітап қалды.

6 айналымымыз. «Бәйге» Экрандағы А, Ә, Б әріптерін таңдайсыңдар.
1 минут ішінде 5 сұраққа мүдірмей жауап беру қажет.
А.1. Б қандай дыбыс?
2. Елбасымыз кім?
3.
4. 5+3=?
5. Үй жануарларын ата?
Ә.1. Ш қандай дыбыс?
2. Президен кім?
3.
4. 4+4
5. Ұй құстарын ата?
Б.1. О қандай дыбыс?
2. Назарбаев кім?
3.
4. 6+2
5. Жабайы жануарларды ата?

*Жақсы балалар. Бұл ойында өте жақсы жауап бердіңдер. Келесі «Ойланып көр» кезеңінде түрлі фигуралардан мағыналы бір зат құрайсыздар.
Қортынды бөлім: әділқазыға беріледі. Жеңімпаз анықталады. сыйлықтарын беру.
5 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Елім менің еңселі
Елім менің еңселі
Бердіғали Шынар Ибадуллақызы Сабақтың тақырыбы: «Елім менің еңселі»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×