Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің еңселі

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Бердіғали Шынар Ибадуллақызы

Сабақтың тақырыбы: «Елім менің еңселі»
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік тірегі –қайсар рухы қазақтың!» (нақыл сөз), қанатты сөздер, Қазақстан картасы, слайдтар, Елбасы Жолдаулары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастырушылық кезең.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
2011 жыл – қазіргі Қазақстан тарихындағы ерекше белес. Биылғы жылдың 16-шы желтоқсанында біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Бұл тарихи оқиғаны мерекелеу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жалпыхалықтық іс деп жарияланды, ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтуде.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата –бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

І бөлім. «Өткен жылдар жемісі»
(Слайдпен таныстыру жүргізіледі)
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

ІІ бөлім. Тәуелсіздік шежіресі
1991 – 2011 жылдардағы жеткен жетістіктер
1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суын да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасың!
Қанатың қайырылып, қыр арқаннан майырылып
Егемен тәуелсіздікпен, қала көрме айырылып.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл болды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимн қабылданды. БҰҰ –ға мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз –ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.
1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан комиссиясының І комиссиясы болып өтті.
1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы санмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл болды.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
2004 жылы «Қазақстан – Ресей жылы болды.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2008жыл.
2009жыл
2010жыл
Қанша ащы болғанымен жиырмасыншы ғасырдың бізге сыйлаған ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Мазмұны мен өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!

ІІІ бөлім «Елбасы Жолдаулары»
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан –жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркеңдетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
(1997 – 2010 жылдардағы Елбасы жолдауларымен таныстыру жүргізіледі)

ІҮ бөлім. «Отан деп соққан жүректер»
(Оқушылардың жеке шығармашылығына арналады)
1. «Мен - қазақпын» Оқитын: Қожуов Есекен
2. «Үш бақытым» Оқитын: Селбаев Нұрмұхамед
3. «Туған далам» Оқитын: Мирамбайқызы Гүлжайнар
4. «Отан» Оқитын: Ғалымұлы Нұрқанат
5. «Астана» Орындайтын: Хор
6. «Жаса, Қазақстан!» Орындайтын: Ағысбай Жарасқан
7. «Рахмет саған, Отаным!» Квартет

Сабақты қорытындылау: Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
11 438
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балаларды отанын сүюге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сезімдерін ояту.
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Үлкен шаңырақ
Үлкен шаңырақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Шырайымбекова Фатима Ермекқызы
Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан
Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 170 орта мектеп оқушысы Ағарыс Балнұр Болатқызы Жетекшісі: Нұргүл Дәкібаева
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×