Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымша

19 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сөз құрамы туралы алған білімдерін кеңейтіп, туынды сөз және түбірлес сөздер тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ой белсенділігін арттырып, тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу, мамандыққа баулу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, интерактивті тақтамен, суреттер
Сабақтың формасы: топпен, ұжыммен
Пән аралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
1 слайд - Екі қолың не үшін қажет?
- Елге көмек беру үшін
- Екі көзің не үшін қажет?
- Жақсыларды көру үшін
- Екі құлағың не үшін қажет?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін
- Екі аяғың не үшін қажет?
Туған жерге жету үшін.
- Жақсы балалар мен сендердің қол - аяқтарыңа саулық тілеймін.- Бүгін балалар біз туған жерімізге саяхат жасаймыз. Саяхат кезінде біз бірнеше бөгеттерден өтеміз. Бірақ әр бөгеттің өзінің тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы біз бөгеттен өтеміз.

ІІ. Өткенді пысықтау.
-- Ал енді балалар айтыңдаршы бізге саяхатқа шығу үшін нелер қажет?
-- Дұрыс айтасыңдар, жолға қажетті құрал - жабдықтар керек. Ендеше мына жерден құралдарды таңдап алайық. /Суреттер артындағы бойынша сұрақтарға жауап беру барысында саяхатқа қажетті құрал - жабдықтарды алады. Әр заттың артында мына сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптары қайталап еске түсіреді./
2 слайд
1. Түбір дегеніміз не? 2. Қосымша дегеніміз не? 3. Жұрнақ дегеніміз не?
Дүрбінің суреті Палатканың суреті сумканың суреті

4. Жалғау дегеніміз не? 5. Түбірлес сөз және түбірлес сөздер дегеніміз не?
Компас Қазанның суреті
ІІІ. Негізгі бөлім Өзен кедергісінің тапсырмасы.
3 слайд өзеннің суреті.
4 слайд Өлеңді оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен мен қосымшаларын ажыратып сыз.
Бақыт деген не?
Құрылысшы: Халыққа жылы үй салу!
Отыншы: Үйлердің отын жағу!
Дәрігер: Жұрт денсаулығын сақау!
Аспазшы: Дәмді етіп тамақ баптау!
Ұстаз: Балаға тәлім беру!
Шәкірт: Білімнің дәнін теру!
- Ал енді осы өлеңде қандай мамандық иелерін көріп отырсыңдар?
- Мамандық иелерін ата

5 слайд. Орманның суреті
- Енді орманға келдік. Орманнан адаспай өту үшін мына тапсырманы орындау керек.

6 слайд 252 жаттығу. Төмендегі жұрнақтарды сөздерге қосып жаңа сөз жасаңдар.
- хана, - паз, - қой, - кер,
- шық, - шік
Сергіту сәті
Балалар біз қазір орманның ішінде жүрміз. Орманның ағаштары биік екен.
Діңдері үлкен екен.
Желі оңынан да соғады,
Солынан да соғады.
Қоян қорқып тығылса,
Құстар шулап ұшады.
Тыныш - тыныш
Аю ұйықтап жатқанда
Тынышталып қаламыз
Орнымызға қонамыз.
7 слайд Таудың суреті.
- Енді асқар тауларға жеттік. Олардан сүрінбей өту үшін мына тапсырманы орындаймыз.
8 слайд 254 - жаттығу
Түбірлес сөздерді тауып, түбірін сызықша арқылы бөліп жаз.
Ойыншы, жұмыскер, басшы, балақан, ойна, жұмысшы, балақай, ойыншық, бастық, балалық, басқар.
9 слайд – Әр қатарға мына тапсырмалар беріледі.
1 қатар: Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет:
кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, көкшіл, айдай, жібектей.

2 қатар: Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, тиісті белгімен көрсет:
орындық, теңізші, үлкендік, етікші, қобызшы, ойыншық..
3 қатар: Түбір сөзге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жалғап жаз:
Ана - дің
наурыз - пен
Марат - дан
аспан - дың
шөл - нан

Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын айтады.
10 слайд Веен диаграммасы
- Ал енді балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе мына Веен диаграммасына салайық.
жұрнақ жалғау

Қортынды: Әр қатар мына тақырып бойынша Эссе жазады.
- Балалар сонымен бүгінгі сабағымызда түбір және қосымша тарауын қалай ұққанымызды қазіргі жазайын деп отырған эсседен ұғамыз.
11 слайд
1 қатар: Мен түбірмін
2 қатар: Мен жұрнақпын
3 қатар: Мен жалғаумын
Бағалау: Әр қатардан 2 эсседен оқыту. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
16 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Түбірлес сөздер
Түбірлес сөздер
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
Мысық пен тышқандар
Мысық пен тышқандар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауданбаева Лаззат
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×