Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана құшағында

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: 1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру.
Көрнекілігі: Кітап, слайдтар, кестелер
Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: Жаңаны түсіндіру

Жүрісі. І Ұйымдастыру
ІІ Үй жұмысын қорытындылау
- Мүлкібай қартқа сипаттама (портреті)
- Үлектің сипаттамасы
- Түйін. Үлектің иесі - адам. Ендеше адам бағындырмайтын белес жоқ.

Ой қозғау «Ана құшағы» дегенде ойларыңа не келеді?
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін «Қазақ солдаты»романының үзіндісімен
танысамыз. Әуелі роман авторы Ғ. Мүсіреповпен танысайық. Кемеңгер жазушының
Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен? - «Қазақ солдаты». Иә, құлаққа етене таныс: «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен мәңгілік өлмес мұралардың бірі әрі бірегейі саналатын, ұлы жазушының таудай талантының арқасында дүниеге келген үлкен романның дәл өзі. Әрине, таудай талант иесі деп отырғанымыз – Ғабит Мүсірепов. Дәуірдің рухани – мәдени бел - белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі. Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі Кеңес Одағының Батыры Атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. Бұны біреу білсе, біреулер біле бермейді. Оның есесіне, бір дәуірдің талай сыры шертіліп, талай рухани адамдық ізденіс - өзгеріс ақтарылған айтулы туындыда азынаған замана лебі айқын сезіледі. Бас кейіпкердің арман - тілегі, өрісі мен өресі, көтерілген шыңы да, қинала кешкен ойы мен қыры да мен мұндалап тұр.

... Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның жаңа достары Бораш пен Шеген, әңгімедегі абзал аналар, табиғат суреті, әңгіменің баяндау түрі, тіл көркемдігі, мақал - мәтелдердің қолданысы, Қайроштың бір басындағы сезім арпалыстары шығарманы ширықтыра, оқырманды тарта түседі. Неге десеңіздер, тарқатып айтайық...
2. Негізгі мағынаны таныту Мәтінмен танысу, оқу.
Сұрақтарға жауап (Оқулықтағы сұрақ тар)
3. Мақсатты оқу - Анасы мен баласының бір - біріне деген ыстық сезімін баяндайтын тұсты тап. – Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.
Анасына сипаттаманы үйден жазып келу тапсырылады.
Топтық жұмыс 1 Ана туралы мақал - мәтелдер айту.
2. Ана туралы өлеңдер оқу
3. Кесте толтыру - ой тиянақтау
1 - топ Б Ү Ү кестесі, 2 - топ - РАФТ
Ой - толғаныс. Ана - өмірдің шуағы.
Батыр да, ақын да, дана да анадан туады.
Ана алдында асқар тау да аласа,- деп, аналарымызды мақтан етіп, құрметтеп жүрейік!
Бағалау
Үйге: 1. Мәтінді түсініп оқу.(Романды іздеп тауып оқуларыңа болады.)
2. Қайроштың анасына сипаттама жазу
Қорытынды.

Қосымша ақпарат Баспасөз беттеріне көз жүгіртейік - «Атырау» Қалимова Тұрсын
21. 10. 09.
Атырауда кемеңгер жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романы бас кейіпкерінің прототипі, Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың 90 жылдығы өзінің туып - өскен жерінде ерекше атап өтілді. Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүріп, сұрапыл соғысқа аттанған бозбала Қайырғалидың отты жылдары ерлігіне сай Батыр атағын алғаны өз алдына, оның Ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романындағы Қайрош Сарталиевтың прототипі болғаны бүгінде аңыз болып ұрпаққа тарағаны ақиқат. Жазушы осы романы арқылы дүйім қазаққа отты жылдардағы қазақ батырының сом тұлғасын танытты.

Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ. Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралған ол, Алматыға келіп, болашақ зайыбы, жауынгер қыз Раямен танысып, отбасын құрады. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретінде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды. Тағылымы мол шарада облыстық еңбек және соғыс ардагері Қ. Шортабаев, облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев, қала әкімі аппараты жетекшісі Нұрлыбек Ожаевтар батыр бабаның отты жылдардағы ерлігі мен оның бейбіт өмірдегі ұрпаққа берген тәрбиесі жөнінде сөз қозғады.

Айтарлығы, бұл шараға батырдың отбасы қатысып, келіні Мәрия апай елі сүйген ер ұланды еске алып, оған көрсетілген зор құрметке алғысын білдірді.Мағыналы шара Батыр атындағы мектеп пен оның мұражайында жалғасын тапты. Мұражайда батырдың анасы Биғайшаның тұрмыста қолданған заттары мен өзінің майданда киген сұр шинелі мен аяқкиімі, құтысы секілді дүниелерді Қайырғали Смағұлов көзі тірісінде өзі мектеп мұражайына табыс еткен екен. Сондай - ақ батырдың қарындасы Сақыпжамал апайдың тың игерудегі үздік қызметі еленген құжаттар мен батырдың отбасы туралы мағлұматтар мұражай төрінен орын алыпты. Әсіресе, майданнан қайтпаған жерлестеріміздің анасына жазған хаттарын оқыған сәтте ақын Қадыр Жүсіптің "Көп еді, бір кезде олар жастау еді, әрбірінің өмірі дастан еді" деген жыр шумақтары ойға оралып, дүниені аласапыран еткен сұрапыл соғыстың ызғарын сезінгендей күй кештік...
Тұрсын Қалимова

21. 10. 09. Батыр жайлы филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің естеліктері мол мағлұматқа ие. Ғалым - ұстаздың айтуынша, сұрапыл 1943 жылдың күзінде Керчь түбіндегі майданда аяқ - қолынан жарақат алып, госпитальда емделген соң Қайырғали Смағұлов бірден майданға жіберілмей, елге 1 ай демалысқа келеді. Мақсат - біреу. Батыр елде кездесулер өткізіп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге атсалысуы қажет. Батыр сол кездегі туған жері Гурьевке соқпастан Алматыға жол тартады. Астанада батырды сол кездегі Орталық комитеттің хатшысы Жұмабай Шаяхметов қарсы алып, үлкен жиын өткізеді. Сол жиынға қатысқан жазушы - журналистерге батырдың ерлігі хақында шығарма жазуға тапсырма беріледі. Міне, осы кездесуде жазушы Ғ. Мүсірепов батырға "Қайырғали, сен менің бүгінгі зор табысым, болашақ жазылатын шығармамның тақырыбысың" деп батыр туралы шығарма жазуды қолға алады. Сол күннен бастап батыр Қ. Смағұлов жазушының үйінде болып, майдандағы оқиғаларды тізбектеп айтып беріп, жазушының "Қазақ батыры" романының жазылуына себепші болады. Романдағы бас кейіпкер Қайрош арқылы, шын мәнінде Қайырғали арқылы майдандағы қазақ солдатының сом тұлғасы жасалды. Осынау романның жарық көргеніне 65 жылға жуық мерзім болса да, оның құндылығы жойылмақ емес.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын таныстыра отырып, ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру, мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №220 мектеп Үмбетова Мәдина Әмірханқызы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Білімділігі: Білімділік. Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары-
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×