Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған өлкем

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, авторлардың портреттері.
Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды сабаққа даярлап, оқу - құралдарын реттеу.
- Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілі - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі жаттауға, «Отан» туралы шығарма жазып келу берілді.
-(Оқушылардың түгел дерлік сұрау және шығармаларын оқыту)

3. Үй тапсырмасын қорыту.
Топтастыру стратегиясы бойынша:
М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын қорытындылау.
9. 02. 1931ж Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы 10 - 11 жасынан өлең жаза бастады
1948 ж ауыл орта мектебін бітірді 1976ж 27. 03 Алматы қаласында болды ұлы ақын, аудармашы Еңбектері «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Жан азасы», «Өмір өзен» «Қарлығашым келдің бе?
2008ж М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. 2011ж оның 80жылдығы Қазақстан бойынша аталып өтілді.

4. Жаңа сабақ.
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Біз өткен сабақта Қазақстан, Отан туралы жырласақ, бүгін туған жеріміз туралы жырлаймыз. Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем»өлеңі.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).

Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы
көрнекті қазақ ақыны
«Сарыарқа» журналының редакторы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
«Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж)
16. 09. 1937ж

5. Оқулықпен жұмыс.
1) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.
4) Сұрақтарға жауап алу
6. Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем.
Ықылым күн - өткен күн.

7. Дәптермен жұмыс
Мына ребустарды шешкенде, туған жер туралы мақалдар оқи аласыңдар. Ребустың шешуіндегі мақалдарды дәптерлеріңе жазыңдар.
Ребус шешу ----------------------,,, н ж - 6+н
ғ,, л,,,,,,,, --------------,, б,,, ------------------------,,, н ж д 2,,,,, ж,,,,-------------------- б, м,,,,

8. Туған жеріміз Маңғыстауды дискіден тамашалау.
Маңғыстау топырағында дүниеге келген жергілікті ақынымыз Рахат Қосбармақтың өлеңіне жазылған «киелі Маңғыстау» әнін тыңдаймыз.

Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығару
2) Табиғат көрінісін бейнелеу
3) Табиғат туралы мақал - мәтел, тыйым сөз жазу.
9. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
10. Қорытынды. Бағалау.
Сабағымды мына Б. Әбеевтің « Ұлыма арнау» өлеңімен қорытындылаймын.
«Ұлыма арнау»
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді
Саған берер, менің осы батам да.

Өзге ұлттан кем санама өзіңді
Қай кезде бол шыдамды, төзімді
Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде.
Сақта есіңде, менің осы сөзімді.

Қадірлесең жерді мынау киелі
Оның саған шарапаты тиеді,
Ел, жер үшін Қабанбайдай қанаттан,
Сонда ғана халық сені сүйеді.

- Назарларыңызға рақмет. Сау болыңыздар.
32 785
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
«Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін жаттау
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін жаттау
Өлеңді мәнерлеп айтуға машықтандыру. Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін, қоршаған ортаға қызығушылықтарын тәрбиелеу. Қ. Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×