Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер.
Мақсаты: 1. Білімділік. Оқулықтағы мәтінді оқыту, мазмұнын меңгерту. Аңдар мен малдарды ажырата алып, үй хайуанаттарына не жататынын білдіру. Олардың сүтқоректілер аталу себебін ұғындыру. Үй жануарлары мен аңдар арасындағы байланысты байқату.
2. Дамытушылық. Аңдар мен жануарлар, үй хайуанаттары пайдасын ұғынып, төлдерін атай білу. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Жануарлардың маңызын түсініп, оларға деген жағымды көзқарас қалыптастыру. Үй жануарлары мен үй хайуанаттарына күтім жасауға баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Көрнекілігі: Аққоян, сәбіз суреті, сызба, суреттер, қима қағаздар
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ой қорыту.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақ бастауға әзірлеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, біз өсімдіктер туралы тарауды аяқтай келдік. Бүгін осы тарауды қорытайық.
Сыныпқа жүгіріп Аққоян кіреді. Киімнің қалтасында қағаз, қолында зат салған қалтасы бар.(Екі көзі алақтап, асып - сасып, аптыға сәлемдеседі.)
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Кешірерсіздер, қасқырдан қашып, ауылға жақындап едім, иттер мені осында қуып тықты.
Мұғалім:
- Аққоян, мұнда қауіпсіз. Бұл мектеп, мұнда оқушылар білім алады. Сабақта бірге бол, демал, жылын.
- Мен тоңған жоқпын, жұқа сұр тонымды қалың ақ тонға ауыстырғанмын және қатты жүгірген соң ыссылап тұрмын.
Мұғалім:
- Балалар, Аққоян бізбен бірге болсын ба?
- Болсын, болсын!
- Аққоян, айып етпе, қалтаңдағы не қағаз?
- А - а... Өзім өсімдік арасында өмір сүрсем де өсімдіктер туралы жауабын таппаған сауалдарым ғой...
- Аққоян, біз өсімдіктер туралы біраз мағлұмат жинап қалдық, сұрақтарыңызға оқушылар жауап беріп көрсін, сіз жайғасып отырып, тыңдап алыңыз.
- Рақмет. (Жайғасып отырады.)
Мұғалім шиыршықталған қағазды ашып, оқып, оқушылардан жауап ала береді, қағаз әбден орауы жазылғанда сәбіз суреті болып шығады.
1. Өсімдіктер қайда өседі?
2. Өсімдікке қажетті жағдайларды ата?
3. Өсімдік неше топқа бөлінеді?
4. Өсімдік мүшелерін ата?
5. Өсімдіктердің көктемгі өзгерістерін ата?
6. Өсімдіктердің жазғы өзгерістерін ата?
7. Өсімдіктердің күзгі өзгерістерін ата?
8. Өсімдіктердің қысқы өзгерістерін ата?
- Балалар, Аққоян жазуы нашар екен, зорға түсініп тұрмын, біз қалай жазамыз?
- Әдемі.
9. Өсімдіктер жануарларға не үшін керек?
10. Өсімдік адамға не үшін керек?
11. Адамдар өсімдікке қандай қамқорлық көрсетеді?
Магниттік тақтаға сәбіз суреті ілінеді.
- Балалар, ойыма бір жұмбақ оралды, шешіп көріңіздерші.
Бұйра тұлымы
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны
Жерге бойлайды.
(сәбіз)
Аққоян сурет те сала алады екен, өзінің сүйікті қорегі – бұл сәбіз.
- Біз Аққоян туралы тағы не білеміз?
- Жабайы аң, далада жүреді, қорқақ, сәбізді жақсы көреді.

3. Жаңа сабақ.
Өсімдіктер тарауын бастағанда тірі табиғаттың өзі үшке бөлінетінін білдік.
- Кім атайды?
- Өсімдіктер, жануарлар, адамдар.
Өсімдіктер
Тірі табиғат Жануарлар
Адамдар
Өсімдіктер бөлімін оқып бітіріп, қорыттық. Енді тірі табиғаттың келесі бөлімі жануарлар туралы оқитын боламыз. Аққояннан өзі туралы да мағлұмат ала отырамыз.
Жануарлар тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Жануарлар түрі көп, ғалымдар дәл санын айта алмайды. Өсімдік өскен жердің барлығында да жануарлар мекендейді. Өсімдік жануарларға әрі баспана, әрі қорек. Жануарлар өзін бірнеше топқа бөліп оқимыз.
(Магниттік тақтаға аңдар суретін жапсырып, оқушыларға ататып тұрамын.)
Қоян, түлкі, қасқыр, аю.
(Аққоян өзін көргенде қуанып кетеді, ал түлкі мен қасқырды көргенде қасындағы оқушыға тығылады, аюды танымайды.)
«Бұл өзің салғандай сурет қой» - деп жұбатып, аюдың суретімен таныстырамыз.
Балалар, бұл суреттегі жануарларды аңдар дейміз.
- Аңдарды адамдар бағып күте ме?
- Жоқ, өздігінен тіршілік етеді.
- Олай болса, жабайы аңдар деуге де болады екен.
- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
- Жолбарыс, арыстан, бұғы, киік, арқар.
- Туған өлкемізде қандай аңдар кездеседі?
- Қасқыр, қоян, түлкі.
- Олардың пайдасы бар ма?
- Табиғат көркі, терісі - киім, еті - қорек, мүйізі - дәрі, санитарлар.
- Аңдар өсімдіктермен қоректенеді дедік, бірақ бірін - бірі жеп, етпен қоректенетін де аңдар бар. Оларды «Жыртқыш аңдар»- дейді.
Мысалы қасқырды алайық, ол етпен қоректенеді, бірақ жыртқыш екен деп жойып жіберуге болмайды. Қойдың Отаны Австралияда қасқырды құртқан, елге жұқпалы ауру тараған. Қасқыр ауру аңдармен малдарды жейді екен. Сөйтіп, аурудың таралуына кедергі келтіреді.
Аққоян, сенің теріңнен бас киім, етіңнен қуырдақ дайындалады, бірақ біз саған тиіспейміз, қонақты сыйлаймыз.
Сенің құрметіңе «Сұр қоян» әнін орындап, сергіту сәтін жасаймыз, алдағы жаңа жылдық «Шырша тойына» шақырамыз.
Магниттік тақтаға өте отырып, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі суреттерін жапсырамын.
- Біз бұл жануарларды қайдан кездестіреміз?
- Үйде ұстаймыз.
Жануарлардың бұл түрлері үйде өсірілетін болғандықтан – үй жануарлары немесе малдар деп аталады. Қой мен ешкі бір жүретіндіктен екеуін бір деп санап, төрт бөлек жайылатын малдарды төрт түлік деп атаған.
- Малдарды не үшін өсіреміз?
- Етін, сүтін, терісін, жүнін, күшін пайдаланамыз.
- Жүні алынбайтын малдар бар ма?
- Жылқы, сиыр
Жылқы қылын арқан ескенде қосады.
Есек деген де жануар бар. Оның күші адал, еті арам. Мынау – шошқа. Оны көбінесе орыс халқы өсірген, қазақтар «доңыз» деп жақтырмаған.
- Үйде бұлардан басқа тағы нелер өсіріледі?
- Ит, мысық, асыранды аңдар. (Үй қояндары, аңдар төлдері)
Бұларды «үй хайуанаттары» деп атайды. Олардың да өзіндік пайдасы бар. Әуелде малдар да, үй хайуанаттары да жабайы аңдар болған. Оларды иттен бастап қолға үйреткен, ит жеті қазынаның бірі. Осылардың барлығы да балаларын сүтпен асырайды, сондықтан оларды «Сүтқоректілер» деп атайды.
Аңдар
(жабайы аңдар)
Малдар
(үй жануарлары, Сүтқоректілер
төрт түлік)
Үй хайуанаттары

- Аққоян, сіздер балаларыңызды қанша уақыт сүтпен асырайсыңдар?
- Біз бар болғаны үш күн емізіп, ауыздандырамыз да, маңдайына бір теуіп тастап кетеміз. Кез келген ана қоян емізіп кете береді. Оның үлкен тәрбиелік мәні бар. Ата - анаға арқа сүйемей, қорегін тауып жеуге, жауынан қорғануға, өз бетінше өмір сүруге үйренсін дейміз. Әке - шешесінің жауы көп, үнемі бірге болуды бізге жазбаған.
- Рұқсат болса мен мекеніме қайтайын, оқушыларға ризашылығымды білдіріп, «Қояндар биін» билеп берейін.
Музыкаға би билейді.
Жаңа жылда «қояндар биін» үйреніп, билеңдер. Мынау менің қысқы сақтаған сүйікті қорегім сәбіз еді, сендерге сыйға тартамын.
- Рақмет, балалар! Сау болыңдар.
- Аман жүр, Аққоян!
- Сонымен, балалар, жануарларға не жатады?
- Өсімдіктер мен адамдардан басқа тірі табиғаттың бәрі - жануарлар.
Кітаппен жұмыс. Кітап суреттерімен танысу.
Мынау беймәлім аң - барыс. Н: Ә: Назарбаевтың халқымызға берген мынандай мінездемесі бар.
«Біз барыс мінез халықпыз. Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланады. Қазақ халқының бойында барыс тектілігіндей тектілік бар.»
Мәтінді шынжырлап оқыту. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап алу.
Ойын. «Ұқсасын тап»
Жылқы - құланға, сиыр - қодасқа, шошқа - қабанға, ит - қасқырға, мысық - мәлінге, қой - арқарға, ешкі - тауешкісіне ұқсайды.

4. Қорыту.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс.
- Қыста қандай ойындар ойналады?
- Шана, коньки, шаңғы тебеміз, қардан аққала тұрғызамыз.
Біз де аққала тұрғызайық.

1. Аңдарды ата? Оларды қайдан көреміз?
2. Аңдар төлін атай аласың ба? (Бөлтірік, жаутаң, көжек, қонжық)
3. Малдарды ата?
4. Төлдерін ата?
5. Үй хайуанаттарына не жатады?
6, Төлдерін ата? (күшік, мышым)
7. Төлдер туралы ән білеміз бе?
Ән «Төлдер» әні
Аққала тұрғыздық. Үй маңында қардан аққала тұрғызып ойнаңдар. Санаулы күндерде жаңа жылды қарсы аламыз.
- Биылғы жыл қай жыл?
- Қой жылы.
Жыл атаулары жануарлар атауларымен аталады, келер жылды жақсы білімімізбен қарсы алайық.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады.
Тақырып.
Үйге тапсырма: Аңдар, малдар, хайуанаттар аттарын санамалап жазу.

5. Бағалау. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, ризамын. Сендерге Аққоян да риза болып кетті. Рақмет!
6. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, сұраққа жауап бере алу.
Қоңырауға шыққанда Аққоянды қараңдар, мүмкін иттен қорқып кете алмай тұрған шығар, көмектесіп шығарып салыңдар. Сабақ аяқталды.
12 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жануарлар. Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар
Жануарлар. Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер. Құстар
Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғаттың жанашыры болып, оны қорғауға өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×