Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең бірінші бақытым-тілім менің! (интеллектуалды танымдық ойынының бағдарламасы)

21 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ең бірінші бақытым - тілім менің!»
Мақсаты: Оқушыларға тілдің мәртебесінің жоғары екендігін түсіндіру. Олардың ой - өрісін дамытып, мәнерлеп оқуға жетелеп, машықтандыру. Туған тілдің қадірін білу, оның мәртебесін көтеруде жасалған жұмыстарды паш ету.
Тәрбиелік мәні: Жас ұрпақты тілін, дінін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, құрметтеуге, тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп, оны мақтан ете білуге тәрбиелеу. Халқына, тілге деген махаббатын, патриоттық сезімдерін оята отырып, білімді де, дарынды жеке тұлға қалыптастыру.
Ойынның ұраны: Қанша жұрт тілін үйренсең, Соғұрлым ана тілің шат. Үйрен де жирен, деген бар, Өнерлі, дейді білу шарт.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, «Мемлекеттік тіл» Қазақстан Республикасының рәміздері, тіл туралы қанатты, нақыл сөздер, Қазақстан Конститутциясынан үзінді.

Ұлағатты сөздер:
Кімде кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
М. Әуезов.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ғабит Мүсірепов

Тілін білмеген – түбін білмейді.
Ғ. Мүсірепов.
... Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм құйылсын.
Ғ. Мүсірепов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
Тіл - қаруы сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті. Ғ. Мұстафин.
Сөз халықтың қымбаттан қымбат кені.
С. Мұқанов.
Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.
Л. Н. Толстой.
«Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да қазақ тілі және қазақ әдебиеті»
А. Саади «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі»
А. Жорри де Манси

Сабақтың барысы:
1. Кіріспе әңгіме.
Әр халықтың тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз. Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы М. Әуезов «Қазағым ел боламын десең бесігіңді түзе»деген. Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз, Қазақтың дархандығын даласымен өлшейтін еліміз. зоо жыл бойы тәуелсіздігін аңсап келген шағында да, тілін сақтап қалған. Бұған негіз болатын: тарихта аты қалған өткен ғасырларда өмір сүрген әр ұлттың ғалымдары «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп, қазақ тілінің құдіреттілігі жөнінде көптеген нақыл сөздер қалдырған. Сонымен қатар Тіл білімінің негізін салған А. Байтұрсынұлы «Атадан екі түрлі байлық қалған: біріншісі байтақ жер, екіншісі бай тіл» деген. Сондықтан осы тілді сақтау әр адамның міндеті екенін білуіміз керек... Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас...- деп, ұлы ақын Абай сөз құдіретін аса жоғары бағалаған. Сөздің тәрбиелік мәні өте зор. Бір ауыз сөз адамды асқақтатса, бір сөз адамды жасытады, немесе адамды ұялтып жатады, ал бір сөзбен өз іс - әрекетіне сын көзбен қарауға мәжбүрлейді. Жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.

Құрметті ұстаздар, ата аналар, оқушылар, қонақтар! Бүгін Тіл мерекесіне арналған 4 ‘a’сынып оқушыларының “Ең бірінші бақытым - тілім менің”атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының “Тіл туралы Заңы” 1989 жылы 22 қыркүйекте, Жоғарғы Кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Бүгінде Заңымызға 23жыл толып отыр.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- дегендей, Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. ҚР - ның мемлекеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР - ның азаматының парызы.
(Қатысушылар өздерің таныстырады.) Жүргізуші: Сайыскерлер үш топтан тұрады. Бірінші топ «Алғырлар» Екінші топ «Зерделілер» Үшінші топ «Білгірлер»
Әділқазылармен танысу.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.
1. Асу - «Бәйге»Сайыскерлер өздерін таныстырады.
2. Асу -«Тіл - өнер»Мақал – мәтелдер сайысы
3 Асу -«Көкпар» Ұяшық таңдау Викториналық сұрақтар олимпиада жайлы.
4. Асу -«Дода» «Маңғыстау» сөзінен сөз тізбектерін құру. 5. Асу -«Жорға» Тіл туралы өлең оқиды.

І. Асу -«Бәйге»׃Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бәйгені бастаймыз. Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Ойынның шартымен таныстырып өтейін. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Ойын жылдамдықты, дарындылықты, ұшқырлықты талап етеді.
Болашақтың жолында, Ізгі болсын мақсатың. Бәрі өзіңнің қолыңда, Шықсын ылғи жақсы атың,- дегендей, сайыскерлерімізге сәттілік тілеймін! Бұл асуда сайыскерлер өздерін таныстырады. Дұрыс деп есептеген жауаптың нұсқасын көрсетесіздер. Әрбір дұрыс жауапқа 1О - ұпайдан беріледі.

І. Асу - «Бәйге» «Алғырлар» Көркейсе тілім жарқырап, Атар таңым арайлар. Мәртебесін көркейтер, Жас ұрпақпыз «Алғырлар» Ұранымыз: «Тіл - қаруы сөз, сөз - қаруы ой.» «Зерделілер» Сөздің білген қадірін, Әбубәкір Кердері. Сол кемеңгер сияқты, Біз боламыз «Зерделі» Ұранымыз: «Тіл - аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.»
«Білгірлер» Қазақтың тілін ардақтап, Қадірлеп өткен дүлдүлдер. Солардың салған ізімен, Біз келеміз «Білгірлер» Ұранымыз: «Тіл - халықтың қымбаттан да қымбат кені»
Жүргізуші: Әділқазылар өз бағаларыңызды беріңіздер.

ІІ асу «Тіл - өнер» Мұнда мақал - мәтел айту. Мақалдың келесі жолын жалғастыру.
1. Мал өсірсең қой өсір................ Өнімі оның көл көсір.
2. Азаматтың қадірін ағайын емес жат білер,..... Арқаға ердің батқанын иесі емес ат білер
3. Ағасы ақылдының інісі азбайды,...... Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
4. Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше,............. Жаман адамның ашуы абыройы кеткенше.
5. Қалың болсаң жердей бол, Бәрін шыдап көтерген......... Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген.
6. Тіс қатты ғой, бірақ сынып кетеді,.......(Тіл жұп жұмсақ ұзақ тірлік етеді).
7. Жеті жұрттың тілін біл,..........(Жеті түрлі ілім біл).
8. Ине көзінен сынады,.......(шешен сөзінен сынады).
9. Ана сүті бой өсіреді,................(ана тілі ой өсіреді).
10. Жыланның уы тісінде, (адамның уы тілінді).
11. Көре - көре көсем боларсың,............ (сөйлей - сөйлей шешен боларсың). 12. Тілден артық................................(қазына жоқ).

ІІІ асу «Көкпар» Ұяшық таңдау. Викториналық сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар.
1. М. Әуезовтың атақты романы. 2. Шешендік сөз деп нені айтамыз? 3. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? (Реніші таудай)
4. Шығыстың ғұламасы кім? Әбу насыр Әл - Фараби) 5. Орфография деген не? (Сөздердің дұрыс жазылуы) 6. Синтаксистік талдау деген не? (Сөйлем мүшесіне талдау)
7. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
9. Кешегі Лондонда болған 30 - шы спорттық олимпиадада Қазақстан ойыншылары қандай жетістікке жетті және Маңғыстаудан кім қатысты?
10. Туып өскен Торғайдың даласында Қайран елі - қазағы санасында, Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен Арысың кім, ойланбай табасың ба? (Ахмет Байтұрсынов)
11. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
12. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).

ІV асу «Дода» «Маңғыстау» сөзінен сөз құрастыру. Топ мүшелері тапсырманы орындап болғанша кезекті әнге берейік.
Ән «Ана тілі» орындайтын Дәурен.

V aсу «Жорға» Тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Жүргізуші: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әли айтқандай, Тіл мен сөздің қадірін білетін жас ұрпақтардың бүгінгі «Ең бірінші бақытым - тілім менің!» атты интеллектуалды шоу аяқталды.
Ән «Анамның тілі» хор. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына береміз.
Марапаттау рәсімі
9 672
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілдің маңызды екендігін айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы тақпақтар, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді оқыту арқылы, оқушының сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту.
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×