Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз өссе - елдің көркі

30 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қыз өссе - елдің көркі.
Мақсаты: 1 Балаларды өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге тәрбиелеу. 2. халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, ауыз әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту.
3. ұлттық салт – дәстүрді қастерлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермен қауым, ұстаздар, қадірменді ата - аналар!
«Бүлдіршін ару - 2013» байқауына хош келдіңіздер!

Сахна сазды әуенге бөленгенде,
Өтеуі қошеметсіз төленген бе
Жиылған «Қыз сынына» жақсы үмітпен,
Бас иіп сәлем бердік көрерменге.

ІІ жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа өз өнерлерін сынауға, бақтарын сынап бірнеше көрікті де, сымбатты, білімді қыздарымыз қатысқалы отыр. Енді сол қыздарды қошеметпен ортаға шақырайық.

І жүргізуші: Сайыссақ сан қиынға қарамай шын,,
Көрініп нағыз өнер қалар айқын.
Болсын жұрт әділқазы алқасымен
Өнерін талапкердің саралайтын.
Сонымен, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

ІІ жүргізуші: Кішкентай арулар, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:
- Мен қазақтың қызымын ( таныстыру)
- Өнерлінің өрісі ұзақ. ( өз өнерлерін көрсетеді)
- Білім сайысы( сұрақтарға жауап беру)
- Қол өнер сайысы
- Сұлулық әлемі ( жазғы сән үлгісін көрсету)

І жүргізуші: Жатса да сан мәтелдер жаңа түлеп,
Тұрған жоқ естіп жұртым алғашқы рет.
Халықтың даналығы қатесіз ғой,
Айтылған « сәлем сөздің анасы» деп халқымыз сәлемдесуге үлкен мән берген. Сондықтан аруларымыздың сәлем беруі және өздерін таныстыру.
Ортаға 1 - номерлі аруды шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Серпілтіп қойған жиі жөн елді де
Кез келді бар өнерді төгер міне.
Бойында болса егер шын дарыны,
Өрісі кең әрқашан өнерліге.
Құрметті жанкүйерлер келесі шартымыз бойынша аруларымыз өнер сайысына түседі. Ортаға 1 - ші аруды шақырамыз.

І жүргізуші: Жүктелер ала бөтен оған міндет,
Үндеген өз тіліңді жетік біл деп
Бекерге сөз қадірін білетіндер
Айтпаған « өнер алды қызыл тіл» деп дегендей халқымызда шешендігімен аттары аңызға айналған қыздарымыз қаншама! Ендеше сондай асыл қасиеттер кішкентай аруларымыздың бойында табыла ма деп сұрақтарға жауап беруге шақырамыз.
1) Ел рәміздерін ата, қай жылы қабылданды?

2) Ұлттық теңгеміз қай жылы қабылданды?

3) Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
4) Әнұранымыздың авторларын ата
5) Ақмола қала қай жылы Астана аты берілді?

6) Қыз баланың әшекей бұйымдарын ата.
( білезік, шашбау, сақина, сырға)
7) Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
( Қыз қуу, асық ату, ақсүйек)
8) Қыз балаға байланысты мақалдар айт.
9) Қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесің?
(« Тұсау кесер», « Сүндет той», « Тілашар», « Шілдехана»)
10) Ерулік деген не?

ІІ жүргізуші: Өнері өрге жүзер талаптының
Талабы талмай ұшар қанаттының.
Әлди әлем әуені өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен қанаттының.
Келесі шартымыз қолөнер сайысы. Қыздар түрлі түсті қағаздан құрақ түрлерін құрастырады.

І жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы аймен таласатын.
Өнеріне өзі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қараса тым.

Музыка әуенімен, сән үлгісімен барлық топ қыздарымызды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Куә болдық бүгінгі сайысқа,
Барлық топты бағаладық сайыста.
Жеңімпазды анықтайтын кез туды
Сөз кезегін береміз әділ қазыға.
Барлық сынның қорытындысы бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
16 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қыз өссе-елдің көркі
Қыз өссе-елдің көркі
Бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі» Мақсаты: а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Қыз өссе елдің көркі
Қыз өссе елдің көркі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақшатау негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Махатова Айдана Маратқызы
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×