Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәрілік өсімдіктер

08 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Мақсаты:
А) білімділігі: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту;
Ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын дамыту;
Б) тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету, табиғаттағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу, оқу – жазу дағдысын жетілдіру;
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: Жаңа сабақ ( флипчарт)
Көрнекілігі: Дидактикалық - әдістемелік құрал, видео жазба, интерактивті тақта.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
А) қызығушылығын ояту
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді пысықтау.
1. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Өсімдік өсуі үшін қандай жағдайлар керек екен?
- Өсімдік жыл мезгілдеріне байланысты қандай күйге ұшырап, қандай өзгеріске түседі?
- Оқушылардан мәтін мазмұнын сұрау.
- Қорыту, тиянақтау.

ІІІ. Ребус шешу,,,
Жауабы: «Дәрілік өсімдіктер»
Бейне көрініске назар аударайық.
- Бейне көріністе не бейнеленген?

ІV. Жаңа сабақ.
1. Дәрілік өсімдіктердің суреттері көрсетіледі.
- Суреттегі өсімдіктер қалай аталады?
- Неліктен бұл өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атайды?
- Тағы басқа қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?
- Олар қайда өседі?
Видеожазба көрсету.

V. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді оқу.
- Мәтінді жете түсіндіру, мазмұнын ашу.
- Суреттер бойынша әр өсімдікке жеке тоқталу, жеке түсінік беру.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы,
мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Шырғанақтың жемісінен күйікке және жараға жағатын май алынады.
Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды.
Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде де өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек.
Шайқурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмектеседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпаргүлді шайға қоссаң, ерекше дәм және хош иіс береді.
Жолжелкеннің жараны емдеп жазуда көмегі көп. Жолжелкенді жараға жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.

VІ. Оқулықпен жұмыс!
1. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
А) Өзің білетін дәрілік өсімдіктерді ата.
Ә) Дәрілік өсімдіктерді не үшін қолданады?
Б) Дәрілік өсімдіктерден не дайындайды?

V. Дидактикалық ойын «Үйіне орналастыр»
1. Берілген өсімдіктердің ішінен дәрілік өсімдіктерді тауып, өз орнына орналастыр.

VІ. Шығармашылық тапсырма
А) Жұмбақтар шешу.
1 - топқа:
Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. ( Бақбақ)
2 - топқа:
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)
3 - топқа:
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
Ә) Осы жұмбақ шешуіндегі өсімдіктердің суретін салу.

VІІ. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Оларды не үшін қолданады?

VІІІ. Үйге тапсырма
А) Мәтін мазмұнын айту.
Ә) Өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы ата - анаңнан сұрап біл.
ІХ. Бағалау
Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
35 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы тереңірек мағлұмат беру, дәрілік мақсатта қолдану тәсілдері жайлы білімдерін дамыту.
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Қазіргі кезде жер бетінде шамамен 0, 5 млн өсімдік түрлері бар.
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×