Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәрілік өсімдіктер

09 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету.
Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге, өз ауласына мәдени өсімдіктерді өсіріп күтіп - баптауға бағыт беру.
Көрнекілігі: дәрілік өсімдіктердің суреті, слайд, фито - шай

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1) Топырақтың құрамын ата
- топырақтың құнарлығы азаймау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
- құнарлы топырақ не үшін қажет?
2) Өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайлар
3) Адам өсімдіксіз өмір сүре ала ма? Егер жер бетінде өсімдіктер болмаса, не болар еді?
4) жемістер құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістерді атаңдар, шырынды жемістер қайсысы?

3. Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Республика территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.

4. Слайд арқылы дәрілік өсімдіктермен таныстыру
Аюқұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалың қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі
Алтын тамыр - ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының
сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым - шілде айларында гүлдейді.

Шашыратқы – биіктігі 1, 5 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры - жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2 - 3 -тен орналасқан. Шілде - қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз - биіктігі 20 - 60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкесінде Қиыр Шығыс, Беларусия, Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Дәрілік өсімдіктер. жүктеу
3 540
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің шипалық қасиеті
Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы тереңірек мағлұмат беру, дәрілік мақсатта қолдану тәсілдері жайлы білімдерін дамыту.
Қызыл мияның емдік қасиеті
Қызыл мияның емдік қасиеті
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер Мақсаты: А) білімділігі: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×