Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көмектес септік

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныбы: 4
Тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты:
білімдік: зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру.
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
дамытушылық: мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, «Сен – маған, мен – саған» әдісі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Тіп - түзеу боп тұрайық.
1 қатар жәй отыр,
2 - қатар сенде отыр,
3 - қатар тез отыр.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге: 4 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Шығыс септіктегі сөздерді тауып, қосымшасын белгіле.
Жағымсыз қылықтан сақтану – әдептіліктің белгісі.
Мағжанға анасы туған күніне доп сыйлады.
Аппақ қар жамылған, далада қызыл түлкі зытып жүр.
Баладан мін табылса,
Ата - анаға сын тағылар.

ІІІ. 1. Сөзжұмбақ шешу
1. Көмір
2. Өшіргіш
3. Мектеп
4. Ереже
5. Көмек
6. Терезе
7. Етік
8. Сағат
Қандай сөз шықты? «Көмектес»
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы көмектес септігі.
Көмектес септік
Жалғаулары---------------------- Сұрақтары
- мен, - бен,- пен --------------- кіммен? немен?

Қазақ тілі бал тілім
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын
Тіліме кім тағар мін.
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір - бірімен шатыстырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ойнап - күлме, босқа жүрме.
Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес,
Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.
Септіктердің аты --------------- Сұрақтары ----------------------Септік жалғаулары
Атау септік ----------------------- кім? не?
Ілік септік ------------------------- кімнің? ненің? -----------------ның, - нің,- дың, - дің,- тың,- тің.
Барыс септік --------------------- кімге? неге? қайда?-------- - ға,- ге,- қа,- ке.
Табыс септік --------------------- кімді? нені?-------------------- - ны,- ні,- ды,- ді, - ты,- ті
Жатыс септік --------------------- кімде? неде?------------------- та,- те - да,- де,
Шығыс септік -------------------- кімнен? неден?-------------- - нан,- нен,- дан,- ден,- тан,- тен
Көмектес септік ----------------- кіммен? немен?-------------- - мен,- бен,- пен.

IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Мынау не балалар? (сандық)
Я өзі сиқырлы сандыққа ұқсайды екен. Бұның ішінде не қызық бар екен? Бұл сандықты ашу үшін бізге мынадай тапсырма беріліп тұр.
1 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда “сіз” деп сөйлес. Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шақырады. Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.
Я, балалар! тапсырманы орындадық енді сандықты ашайық. (сандық ашылды)
V. Пысықтау тапсырмалары
Ертегі тыңдау.
1. Мынау не?
«Жетіген» бұл аспап қалай пайда болған? Сендер білесіңдер ме?
(Өзім жетігеннің суретін көрсетіп:)
Жетіген — шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған — оның әуені аң аулауға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген. Бұл - көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген шал болыпты. Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да, кім? не? деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?- деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?» - деп жоқтау айтыпты. Табыс атты ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»- деп бесінші ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі. Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»- деп жоқтау айтып егіледі.
Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»
- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егіледі?
- Септік шал
- Ілік қайтыс болғанда шал не деді?
- Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?- деді.
Осы ретпен Септік шалдың аузынан шыққан сұрақтар қайталанады.
- Енді осы сұрақтарды Жетіген сөзіне қоямыз.
- Не? – Жетіген
- Ненің? - Жетігеннің
- Неге? - Жетігенге
- Нені? - Жетігенді
- Неде? - Жетігенде
- Неден? - Жетігеннен
- Немен? – Жетігенмен
2. 2 - жаттығу Жұмбақтарды оқы. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді.
( Қаңбақ)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге көзін ашады.
(Күн)
3 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.
Барлық ат күміс ер - тоқыммен ерттелген. Әжесі Гауһармен музейге барды. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделді.

VI. Сергіту сәті
Алақанды ұрайық,
Білегімізді бұрайық.
Сілкіп, сілкіп алайық,
Оң қолымызды созайық.
Сол қолымызды созайық,
Екеуін бірге қосып ап,
Алақанды ұрайық.
5 – жаттығу. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жаз.
Мысалы: кітаппен жазу

VII. Сабақты бекіту:
Сөзжұмбақ шешу.
Ілік, барыс, шығыс, көмектес септіктердің жұрнағын табу арқылы Н. Ә. Назарбаевтың ұраны шығады. «Тек, қана, алға Қазақстан!»

VIII. Қорытындылау:
Оқушылар бағаланады.
IX. Үйге тапсырма: 4 – жаттығу.
X. Бағалау
19 079
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Көмектес септік. (4 сынып)
Көмектес септік. (4 сынып)
Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге – мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу
Көмектес септік
Көмектес септік
Мақсаты мен міндеттері: зат есім туралы түсініктерін кеңейту, көмектес септік туралы түсінік беру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Бастауыш сынып мұғалімі: Ыбырайқызы Рыскүл
Көмектес септік
Көмектес септік
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×