Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз қ мен ғ

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты: «Қ» дыбысынан аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, «Қ» дыбысының «Ғ» дыбысына айналатынын меңгерту.
Білімділік: «Қ» дыбысының барлық буындарда келе беретінін, ал «Ғ» дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жазу коллеграфиясына көңіл бөліп, көркем жаза білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: проблемалық, ізденушілік.
Көрнекіліктері: плакат, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қай тапсырма болса да
Орындамай қоймайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(119 – жаттығу тексеру)
М: Сөздерге у дыбысы жалғанғанда қандай өзгеріс болды?
О:
М: Тап, жап болып айтылады
Ой ашар. (тақтадан оқу)
Қолғап – қолғабы
доп - добы
Тәртіп – тәртібі
қорап - қорабы
Талап – талабы
мектеп – мектебі
М: Сонымен, кім ережесін айтып жібереді?
О: П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б дыбысына айналады.
М: Енді балалар, мына сөздерді оқып көрейік.
Қалақ – қалағы ---------------- қасық - қасығы
Ұшақ – ұшағы --------------------- қалпақ - қалпағы
Мысық – мысығы --------------------- пышақ – пышағы
М: Балалар, алдыңғы берген ережені осы оқылған сөздерге де айтуға бола ма? Ендеше қайта айтайық. (1 - 2 баладан сұрау)
О:
М: Тек нені өзгертіп айттыңдар?
О:
М: Сонымен біздің жаңа сабағымыз «Дауыссыз қ мен ғ» деп аталады.
121 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Күрделі тапсырманы орындау. Сөз соңындағы «қ» дыбыстың «ғ» дыбысына айналды.
Ой қозғау.
М: Балалар, кітаптағы ережені оқимыз. Не байқадыңдар? Ұқсас па? Айырмашылығын тап. Айырмашылығы – «ғ» әрпі сөздің соңында жазылмайды. Ауызша «қ» дыбысының сөз соңында жазылмайды. Осыған байланысты 120 - жаттығу жараймыз. Ауызша «қ» дыбысының соңында, басында, ортасында жазылып, аяғында жазылмайтынына көз жеткізу.
Көркем жазу
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Екі қанат жаямыз
Қарлығаш боп ұшамыз
Көк аспанды құшамыз
Жерге келіп қонамыз.
Орнымызды табамыз.
М: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
О:
М: ия, 25 қазан Республика күні. Сол мерекеге байланысты, қазір Терме диктантын орындаймыз. Мен өлеңді оқып беремін, сендер тыңдап отырып «Қ» дыбысынан естілген сөздерді теріп жазасыңдар.
Ақжайық, Алтай арасы,
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
М: Бұл өлеңде Ақжайық, қазақтың, шалқар, қарашы. Ережеге сәйкес келетін сөздер бар ма? Болса ережеге сәйкестеп айтайық.
Ақжайық – Ақжайығы
Қазақ – қазағы
М: Автор өлеңді қандай сезіммен жырлап тұр?
О:
Ойын: «Тізбек» дидактикалық ойын
Шарты: Жапырақтың сыртына жазылған сөзге бір оқушы «ы» дыбыстарын қосып айтып, артында отырған оқушыға береді. Ол оқушы сол сөзбен сөйлем ойлайды. Мыс: сабақ - сабағы. Асан сабағына дайындалды. Орақ, ұршық, қабақ, жолақ, парақ.
Жеңген қатарды шығару.
М: Сонымен, біз бүгін қандай ережемен таныстық?
О:
Үйге тапсырма беру
М: 123 - жаттығу, ереже жаттау
Бағалау
М: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау әдісі арқылы бағалаймын.
13 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін өз бетімен жұмыс жасау арқылы байқату. Оның артикуляциясымен таныстыру. Ц дыбысының орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетіндігіне көз жеткізу.
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы. Серік Маржангүл Серікқызы
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Қызылорда қаласы. №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Қойшыбаева Гүлдана Рахметуллақызы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×