Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндауыш

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: 1. Баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату.
Сабақтың әдіс – тәсілі: « Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызба, интерактивті тақта
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Пән аралық байланыс: дүниетану, көркем жазу.

Сабақтың барысы
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді білейік,
Үйренейік, күлейік!
- Осыдан жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру:
31 - жаттығу.
А) мақалды жатқа айтқызу
Ә) бастауыштарды табу, сұрақ қою.
Б) бастауыш дегеніміз не?
В) бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Баяндауыш» деп аталады. Бүгінгі сабағымыз ертегі түрінде өтіледі, сондықтан да мұқият тыңдап ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп отырайық.
- Ерте, ерте, ертеде «Сөйлем мүшелері» деген бір қария өмір сүріпті. Оның Тұрлаулы мүшелер және Тұрлаусыз мүшелер деген екі ұлы болыпты. Тұрлаулы мүшелер атты ұлынан Бастауыш пен Баяндауыш деген екі немересі, Тұрлаусыз мүшелер атты ұлынан Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш деген үш немересі болыпты. Өткен сабақта қарияның тұңғыш немересі Бастауышқа үй тұрғызып бердік. Бүгін қария екінші немересі Баяндауышқа үй тұрғызуды армандап отыр. Балалар, біз қарияға көмектесеміз бе?
- Әрине!
- Олай болса үй тұрғызу үшін қандай маман иелері қажет деп ойлайсыңдар?
«Үй тұрғызуға» топтастыру

Оқулықпен жұмыс.
Есепші: 35 - жаттығу (ауызша) баяндауыш туралы ой қозғап, ереже шығарайық.
- Балалар жыл мезгілдері қандай маусымдардан тұрады?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- «Маусымдар» өлеңін оқимыз.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой:
Не істейді? береді
Не істейді? себеді
Не істесе? өсірсе
Не істейді? жинап - тереді
- Бұл сөздер нені білдіреді?
- Бастауыштың ісін, қимылын білдіреді.
- Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты?
- Бастауышқа қатысты: Қыс береді. Көктем себеді.
Тірек – сызба
Баяндауыш - бастауыштың ісін, қимылын білдіреді. Не істеді? Не қылды? Қайтті?

- Осы тірек — сызба бойынша Баяндауыш туралы ойларыңды жинақтап, ереже құрастырып көрейік.
Ереже: Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Оған Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
- Кіші «к» әрпін байланыстыра көркем етіп жазамыз.
- Балалар неге «к» әрпін жаздық деп ойлайсыңдар?
- Өйткені қазір күз мезгілі.
Сәулетші: күз мезгіліне тән табиғат құбылыстарын сәйкестендіріп көрейік.
Жаңбыр -------------- піседі
Күн ------------------------ ұшып кетеді
Жапырақтар --------------- жауады
Жемістер ----------------------- түседі
Құстар ------------------------------ бұлттанады
- Бұл сөздердегі жауады, бұлттанады, түседі, піседі деген сөздер нені білдіреді?
- Қимылын білдіреді.
- Құрылысшы: 36 - жаттығу(тақтамен жұмыс)
Ермек Өтетілеуовтің өлеңін оқимыз.
- Өлеңнің бірінші шумағын бір оқушы жазады. Екінші шумағын екінші оқушы жазады.
А) қарамен жазылған сөздердің астын сызу, сұрақ қою
Ә) бұл сөздер нені білдіреді?
Б) бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұр, сызбасын сызып көрсету.
Сылақшы: (өз бетінше жұмыс)
- Көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу.
- Бұлт қайтті?
- Бұлт........
- Жел қайтті?
- Жел.......
- Күн қайтті?
- Күн.......
Шатыр салушы: 39 - жаттығу. Баяндауышым қайда? (ойыны)
- берілген суреттер бойынша олардың дыбысталуын білдіретін сөздерді жазу. Сиыр, арыстан, ешкі, мысық, ит, түйе, жылқы (суреттер)
Мөңірейді, ақырады, маңырайды, мияулайды, үреді, боздайды, кісінейді. (дыбысталуы)

Әрлеуші: Венн диаграммасы
Бастауыш пен баяндауышты салыстыру
- Сонымен қарияның арманы орындалды. Есепші, сәулетші, құрылысшы, сылақшы, шатыр салушы, әрлеуші және біздер көмектесе отырып қарияның екінші немересі Баяндауышқа үй тұрғыздық.

Сабақтың қорытындысы:
1) Баяндауыш дегеніміз не?
2) Баяндауыштың сұрақтарын ата
3) Баяндауыш сөйлемнің қай мүшесімен байланысады?
Қарияға үй тұрғызуға көмектескен оқушыларды мадақтап, бағалау. Қарияның соңғы тілегі бойынша 37 – жаттығуды үйге беріп, қариямен қоштасу. Сабақты аяқтау
8 898
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш
Баяндауыш
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы, Мұқыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Қарылғаш Сағынғалиқызы
Баяндауыш
Баяндауыш
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Алтай кенті, «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі: Сүйіндінова Жанна Ризабекқызы
Сөйлем
Сөйлем
Тақырыбы: Сөйлем Мақсаты: а) Білімділік: Сөйлем және оның түрлері.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×