Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім (4 класс)

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сын есім (4 класс презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: сын есім туралы түсінік беру.
білімділік: сын есімді ажырата білуге үйрету, олардың түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру;
тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу;
дамытушылық: тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Көрнекілігі: тірек - сызбалар, суреттер, ВЕНН диаграммасы, слайдтар
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
Сабаққа дайындығын қадағалау.

Жұмбақ шешу
Қар жауып, аяз болып,
Күн тез суытады.
Айнала аққа жамылып,
Бұл қай кезде болады?
(Қыс)

ІІ. Жаңа сабақ
Осы мәтінге байланысты қандай сұрағына жауап беретін сөздер бар ма?
Бұл сөздер қазақ тілінде қай сөз табына жатады?
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, бос орындарды толтыр.
Заттың білдіретін сөз табын сын есім дейміз.
Сын есімдерге сұрақтары қойылады.
Салыстыру
әдемі, жасыл, ащы ----------- өнерлі, көңілді, білімді

------------------ сөзден болған сын есімді ------------- сын есім дейміз.
жасалған сын есімді ------------ сын есім дейміз.

Екеуі де сын есім
Дара сын есім - Бір ғана сөзден тұратын сын есім. Мысалы: көк, үлкен
Күрделі сын есім - Екі немесе одан да көп сөзден тұратын сын есім. Мысалы: қып - қызыл

Лимон - сары, қышқыл, сопақша
Алма – қызыл, тәтті, домалақ
1 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңнен сын есімдерді табу.
Олардың қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.
Негізгі сын есімдер: көк, кең, егемен
Туынды сын есімдер: атақты, жемісті, шың - құзды, жеңісті, жайдарлы, өрісті
2 - жаттығу
Жұмбақты шеш.
Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт.
3 - жаттығу
Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы
туынды екенін айт.
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау - тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
4 - жаттығу
Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап.
Шаш – қалың, ұзын, бұйра, қысқа
Бөлме – кең, биік, жарық

5 - жаттығу
Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қойыңдар.
Тәртіпті бала - сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала - күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай - шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар бір - біріне сын есімдерді қатыстырып шағын мінездеме жазады.

IV. Бекіту
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Тұлғасына қарай ше?
- Негізгі сын есім дегеніміз не?
- Туынды сын есім деген не?

V. Қорытындылау
Оқушылар бағаланады.
Үйге: Сын есім 6 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 351
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру
Кім жүйрік ойға - сол алда
Кім жүйрік ойға - сол алда
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2орта мектебінің бастауш сынып мұғалімі Дихамбаева Галия Амиржановна
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×