Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарын арналған тест тапсырмасы

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сыныптарын арналған тест тапсырмасы
3 – сынып. Ана тілі.
ІІ тоқсан
1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн
ә) Өрнек
б) Қыран
в) Жұлдыз
2. М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым
ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл
в) Әке, ана, бала
3. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел
ә) Ә. Кекілбай. Ауыл таңы
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
4. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) М. Мақатаев. Үш бақытым
ә) С. Сейфуллин. Туған ел
б) Д. Әбілев. Туған тілім
в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
5. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов
ә) Ж. Нәжімеденов
б) Н. Назарбаев
в) М. Әлімбаев
6. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер
Қалың қазақ елінің
Кегің қанмен жуған ер.
Ол кім?
а) Махамбет
ә) Исатай
б) Амангелді
в) Нұркен
7. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген жолдардағы негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
а) К. Табей. Ол ақын болар ма еді?
ә) Ә. Нұршайықов. Музейдегі зеңбірек
б) Н. Айтов. Нұркен
в) Т. Кәкішев. Мәңгі жасар өмір
8. Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды»
деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
а) Малшыны
ә) Жас баланы
б) Кәрі шалды
в) Жас жігітті
9. «Қызыл шұнақ тіркесіне» қатысты сөзді ата.
а) Күн
ә) Қар
б) Аяз
в) Қыс
10. С. Шаймерденов «Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
а) Көбелекті
ә) Қар ұлпаларын
б) Жаңбырды
в) Жапырақты
11. «Кеуек» сөзінің мағынасы не?
а) Құстың ұясы
ә) Қоянның іні
б) Ағаштың діңі
в) Аңның ізі
12. «Шидем мен тон қабаттап киген...» кім?
а) Шал
ә) Малшы
б) Бала
в) Жігіт
13. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп... келер
а) Қыс
ә) Жаз
б) Көктем
в) Күз
14. «Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. «Көктем сәні - хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
а) Қасқыр
ә) Ит
б) Ақбөкен
в) Аю
15. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «... қорада шу»
а) Көбелек пен құстар да
ә) Түйе боздап, қой қоздап
б) Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті
в) Ел ешкісін қырқыпты

3 – сынып. Қазақ тілі
ІІ тоқсан
1. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
а) 6
ә) 2
б) 4
в) 5
2. Тиісті баяндауышты қой: Қыста қар...
а) айналады
ә) отырады
б) жауады
в) піседі
3. «Ара гүлге қонды» сөйлеміндегі ара сөзінің мағынасы:
а) құрал
ә) жәндік
б) жабайы аң
в) гүл
4. Жалаң сөйлемді тап:
а) Сәуле сабақ оқыды.
ә) Сәуле суда жүзді.
б) Сәуле жазды.
в) Сәуле жүгіріп келеді.
5. Нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Асыл... астан, ақыл... астан
а) б, ж
ә) т, ж
б) қ, с
в) м, н
6. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем қайсы?
а) Дана ойнады
ә) Күз
б) Сара үйді жинады
в) Күн суық
7. Қаратпа сөз дегеніміз не?
а) тұрлаусыз мүше
ә) біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
б) етістік
в) хабарлы сөйлем
8. Бастауыштың сұрақтарын тап:
а) не істеді? не қылды?
ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер?
в) қанша? неше?
9. Жалқы есімді тап:
а) ажарлы
ә) Іле
б) алма
в) сабырлы
10.»Ашулану» сөзіне қарсы сөз:
а) ренжу
ә) серуендеу
б) сақтау
в) қуану
11. Тұрлаусыз мүшелер:
а) толықтауыш
ә) пысықтауыш, баяндауыш
б) анықтауыш
в) анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш
12. Жалғау жалғанған сөз:
а) балалы
ә) баламен
б) балпақ
в) бала
13. Түбір сөзді тап:
а) кілемдер
ә) домбырашы
б) білімді
в) шахтер
14. Мәндес сөзді тап:
а) қала
ә) жақсы, жаман
б) таяу, ұзақ
в) әдемі, көрікті
15. Мағынасы қарама - қарсы сөзді тап:
а) алыс, қашық
ә) ұзақ
б) кең, тар
в) сұлу, көркем

3 – сынып. Математика
ІІ тоқсан

1. Көбейтумен алмастыруға болатын амалды тап:
а) 6+3+4+2
ә) 6+6+6+6
б) 8 - 8 - 8+8
в) 9 - 2+4 - 2
2. 3+3+3+3+3 амалымен алмастыруға болатын сандар көбейтіндісін белгіле:
а) 3*4
ә) 5*5
б) 3*3
в) 3*5
3. Сандар бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні деп аталатын амалды көрсет:
а):
ә) *
б) +
в) –
4. Егер бір дәптер 7 теңге тұрса, 3 дәптердің бағасын тап:
а) 21 тг
ә) 10 тг
б) 15 тг
в) 4 тг
5. 4 люстрада 20 лампа бар болса, 1 люстрада неше лампа болады?
а) 16 л
ә) 24 л
б) 4 л
в) 5 л
6. х: 9=3 теңдеуіндегі х - тің мәнін тап:
а) х =3
ә) х =27
б) х= 12
в) х= 6
7. Тура теңдікті тап:
а) (7*9)- 7= 14
ә) 10: 8 - 6= 15
б) (19 - 9)+6= 4
в) 24: 6+2= 6
8. Кез - келген санды 0 – ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) санды 0 - ге көбейтуге болмайды
9. Кез - келген санды 1 - ге көбейткенде, болады:
а) 0
ә) сол санның өзі
б) 1
в) 10
10. Асханада 27 бала тамақтанды, ал олардан 3 есе аз ересек адамдар тамақтанды. Асханада тамақтанған ересектердің санын есепте:
а) 27: 3=9(ер)
ә) 27 - 3= 24(ер)
б) 9*3= 27(ер)
в) 27+3=30(ер)
11. Қалдықпен бөлуді орында: 66: 8
а) 8(қалд 2)
ә) 7(қалд 3)
б) 15(қалд 4)
в) 12(қалд 2)
12. Палетканы не үшін қолданады?
а) ұзындықты өлшеу үшін
ә) массаны өлшеу үшін
б) уақытты өлшеу үшін
в) ауданды өлшеу үшін
13. 20 - ның оннан бір бөлігі --- тең
а) 2
ә) 10
б) 5
в) 15
14. 5 ашық хатқа 25 теңге төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?
а) 20тг
ә) 30тг
б) 5тг
в) 15тг
15. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ал ені 2 см болса, оның ауданы - см 2 тең болады?
а) 6
ә) 8
б) 2
в) 9
27 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Үш бақытым. М.Мақатаев
Үш бақытым. М.Мақатаев
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акимова Раиса Касимовна
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Ана тілінен тест
Ана тілінен тест
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Ана тілі тест тапсырмалары
Ана тілі тест тапсырмалары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×