Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппенің аржағы – білім бағы

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу пәнінен сыныптан тыс іс - шара
Мақсаты: Әліппе кезеңінде алған білімдерінің деңгейінің нәтижесін көрсету.
Барысы:
Мұғалім:

Сенің нұрын сөнбесін,
Ашық аспан, жарық күн
Келешегі сөйлесін
Қазақ деген халықтың.
Тілі балдай баланың
Талабына жарық бер
«Рахмет, саған Әліппе»
деп сөйлейді балалар!

- «Әліппе»бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той Сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Қош келдіңіздер!

Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!

Күмбір, күмбір қоңырау
Созылған ай - қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма
Жазылған ай қыркүйек.

Мұғалім, ғазиз мұғалім -.
Сарқылмас мәңгі бұлағың.
Шәкіртің осы тойында,
Арнайды саған бұл әнін.

• ӘН «Мұғалім - ол біздің»
Жүр
: Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?
Оқ.: Болашаққа жол ашар ол - сүйікті, Әліппе! Ол сүйікті, Әліппе!
- Ендеше, бәрімізге қымбат дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Сыныпқа «Әліппе» кіреді.
- Құрметті «Әліппе» бүгін Сіз қадірлі қонақсыз. Сондықтан төрге шығып, біздің жетістіктерімізді тамашалаңыз.
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны, Әліппе!

Бұрқыраған білімің,
Қайнар көзің көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болған, Әліппе!

Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
«Қара жорға» би

Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Бұғынбаса қорғалап,
Үлкенге болса қолғанат
Кім дейміз? Хормен: Еңбексүйгіш бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз? Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
• «Ертегілер әлемінде» әні
«Ә» әрпі сыныпқа аптыға кіреді
:

Сендерге асыға келерде,
Естідім бір әңгіме.
Аралдардың бірінде
Жалмауыз кемпір бар екен.
Әліппені ұрлаймын деп,
Бүлік салып жатыр екен.
Әріптердің барлығын,
Теңізге батырам дейді екен.

Сыныпқа Жалмауыз кемпір мен қарақшылар жүгіріп кіреді.
Жалмауыз кемпір:


Кім шулатты құлағымды,
Алды менің мазамды?
Мен ешкімге қарамаймын,
Сендерді де аямаймын!

Қарақшылар:

Тым ақылды болыпсыздар
Сендер бізден қорықпай.
Теңізге әріптерді батырамыз
Өмірін біз бұлардың қысқартамыз.

Б әрпі:
Қалайша бізді тастайсыңдар сендер суға,
Бізсіз өмір сүру мүмкін емес адамзатқа.
Жалмауыз кемпір:
Бос әңгіме бұл сенің,
Елестетші сен өзің.
Оқымаймын, жазбаймын,
Әріптерсіз сендердің!
Бақытты өмір сүремін.
Доғар! Тыңда бұйрықты!
Теңізге батыр әріпті!

Қарақшылар әріптерді ұстап алып әкетеді. «Ә» әрпі тығылып үлгереді.
Ә әрпі:

Жоқ, болмайды бұларың!
Құтқарайын оларды.
Бірақ үлкен теңізде
Келмес жалғыз қолымнан
Тауып алу оларды.
Не істесем екен - ай,
Қиын болды бұл жағдай.

Пошташы кіреді:
Жедел хат! Жедел хат!
Құтқарыңдар жедел бізді,
Құтқарыңдар, балалар.
Қарақшылар аралында
Қамауда бізді қалдырар.
Жету бізге оңай емес,
Сенеміз біз сендерге.
Талай қиын тапсырмалар,
Алдарыңнан кездесер.
Жеңілдік болсын деп,
Жол картасын жолдаймыз
Біз сендерге.

Пошташы сөмкесінен картаны алып шығады.
Жарты сағат ішінде
Тез жете алмасаңдар,
Қарақшылар ойланбай,
Батырар оларды теңізге.
Жүр.:
- Ендеше, достар, көмекке әріптерге барамыз ба?
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз - картаға қарайық.
ӘН « Қошақаным» ұлдар тобы
- Алдымызда «Жұмбақтар» аралы.
Музыка ойнайды. Ортаға «?» белгісі шығады.

«?»: Жұмбақтар аралы
Өздеріңді қуана қарсы алады.
Өздеріңнің жүздеріңде
Шаттық күлкі жоқ қой бүгін
Не боп қалды сендерге?
Әрқашанда мен сендерге
Қол ұшын беруге дайынмын.

Жүр.: Жалмауыз кемпір келіп,
Әріптерді ұрлап кетті.
«?»:
Білемін, мен сендерге
Көмек беру тәсілін.
Жолдарыңа керекті
Ерекше бір затта,
Алуларың қажетті.
Бірақ, бірден сендерге
Бұл сөзді айта алмаймын.
Жұмбақтарды жасырайын,
Сендер шешкен жұмбақтың
Алғашқы әріптерін жинайын.
Әріптер сөзді құрайды,
Бұл сөзсіз ешбір адам,
Досына көмек бере алмайды

«?» жұмбақтар жасырады. Әр жұмбақтың шешуіндегі бірінші әріптерден балалар «достық» сөзін құрайды.
«?»: Балалар, сендерге сәт - сапар тілеймін.
Жүр.: - Рахмет, саған «?» белгісі.
Кемемімізге мінейік,
Алдыға қарай жылжиық. ӘН « Шөжелерім», шөжелер биі
Жүр.:

Алдымызды бір арал,
Көрініп тұр, балалар,
Бұл аралды жаулап алған,
Бес басты зұлым айдаһар.

Бинтпен таңылған «Н» әрпі шығады.

- Ой, балалар, балалар,
Көмек қажет болып тұр.
Сендерге арналған сөздерді
Жеп қойыпты жартылай,
Бес басты зұлым айдаһар.
Мүмкін, батыр бала кездесер,
Сендердің де ішінде,
Әріптерді әрі емдеп,
Оқып шығар сөздерді.

Маркерлік тақтаға жазылады: Досы көпті жау алмайды. Әріптердің жартысы өшірулі. Балалар әріп элементтерін толықтырып оқиды.
«Н» әрпі: Сәт - сапар жолға тілеймін,
Достарымды - әріптерді
Құтқара аласыңдар
Деп мен сенемін.
Жүр.: Келесі аралға жеткенше бір ән салып жіберейік. ӘН
Жүрг.

Балалар, бері қараңдар,
Тастарды үйіп жол бөгеген
Бұл зұлым қарақшылар
Бұл бөгеттен өту үшін
Тастарда жазылған сөздерден
Мақал құрап жазу керек.

Мақал: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Жүрг.:
Бөгетті бұзып өттік біз,
Адымдап, тез - тез жүземіз.
Ертегілер аралының,
Тапсырмасын орындауға әзірміз.

• «Мақта қыз бен мысық» ертегісі қойылады.
Жүрг.:

Қарақшылар аралына,
Жетіп қалдық балалар.
Шапшаң жүзіп барайық,
Қамаудан әріптерді құтқарайық!

Музыка. Қарақшылар билейді.
Қарақшы:

Ал, достарым, бос тұрмайық,
Жоспарды іске асырайық.
Әріптерді теңізге лақтырайық!
Ж. кемпір:

Жалмауызбын, кемпірмін,
Әдепті де, тәртіпті,
Ұқыпты да үлгілі
Балаларды жек көрем.
Не үшін сендер келдіңдер,
Кімді іздеп жүрсіңдер
«Н» әрпі:
Босатыңдар әріптерді,
Қинамаңдар оларды.
Әріптерді танысаңдар,
Мына тұрған біз сияқты
Оқыр едің кітапты.

Қарақшы:

Қажет емес кітаптарың,
Әріптерді ұмытып,
Қарақшылар болып шығар,
Қыздар менен ұлдарың.

Әліппе.:
Болмас бұның айтқаны,
Мен де бір көмек жасайын.
Сиқырлы таяқпен,
Қарақшына тәртіпке салайын

Сиқырлы таяқпен шарды қарақшының үстіне жарады. Шардың ішінен әріптер, қиылған мишура шашылады. Қарақшы есі танып қалады.
Қарақшы:


Ертегі оқып берейін,
Әдепті де тәртіпті,
Боламын деп әрқашан
Сендерге серт беремін.

Жүрг.:
Зұлымдықты жеңіп шықтық,
Әріптерді құтқардық.
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз!

Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Әліппе:

42 әріпті игердің,
Әріптен буындап сөз тердің.
Ризамын балалар сендерге
Рахмет айтар кез келді.

Хормен:
Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен!
Жүрг.: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Бүгін сіздер балалардың осы уақытқа дейін не үйренгендерін тамашаладыңыздар. Біз әлі де болса білімімізді жетілдіруге, тереңдетуге серт береміз. Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
4 237
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Рахмет, саған Әліппе!
Рахмет, саған Әліппе!
Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппе, саған  мың  алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Сыдыкова Сайраш Ныгыметқызы Тақырыбы: “Әліппе”, саған мың алғыс!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×