Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе, саған мың алғыс

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы , Благодарное орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сыдыкова Сайраш Ныгыметқызы

Тақырыбы: “Әліппе”, саған мың алғыс!
Мақсаты: Әліппеден өткен 42 әріпті еске түсіру. Жатқа айту дағдыларын, еркін сөйлеу, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Өз Отанын сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Барысы: Ертеңгілік Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылады.
Мұғалім: Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?
Хормен 1 қыркүйек.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Өсті білім сан санат!
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
2-оқушы: Күмбір, күмбір қоңырау,
Сағынған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай қыркүйек.
Мұғалім: Балалар, бұдан соң қызықтап, қолымызға алғаш
ұстаған кітабымыз қандай кітап?
Хормен: «Әліппе» кітабы.
Мұғалім: Ал енді осы «Әліппенің» алғашқы бетінде қандай алғысөз жазылған және оны
кім жазды?
3-оқушы : Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!
4-оқушы:Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініне сенмін.
5-оқушы: Деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы «Әліппе» кітаптарыңды ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
«Әліппе»:
Армысыңдар, жас достар,
Армысың, ата-аналар,
Болашаққа жол бастар,
«Әліппе», келді ортаға.
Білім деген ғажаптың.
Әліпбиін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

6-оқушы: Мынау сенің «Әліппең»,
Балақай, түк жалықпа!
Үйреніпті әріптен,
Ұстаз, ғалым, алып та.
7-оқушы:
Үздік болам десең сен,
Үзбей оқы сен оны.
«Әліппе» саған төселсең,
Білім нәрін береді.
8- оқушы:
Барша-барша ғылымың,
«Әліппеден» басталар.
Жалғастырған білімін,
Жақсы бала дос болар.
7 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппеге мың алғыс
Әліппеге мың алғыс
Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат, Оқулықпен достаспақ Әліппемен қоштаспақ Өсті - білім ойымыз Құтты болсын тойымыз!
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×