Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар қыста қалай жылынады?

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 - сынып
Тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?
Мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру;
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жылу – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Тақырыпты оқыту.
Тест
1. Жапалақ жемін қашан аулайды?
а) күндіз
ә) түнде
б) түсте
2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?
а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен
ә) көзімен
б) аяғымен
3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
А) ауа, су, жарық, жылу, қорек
ә) үй
б) темір
4. Топырақта ауа бола ма?
А) болады
ә) болмайды
б) мүлдем болмайды
5. Жануарларға жарық керек пе?
А) ия
ә) жоқ
б) керек емес

ІІІ. Өткенді пысықтау.
Кім зерек?(ойын)
1. Ауаның негізгі қасиетін ата?
2. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
3. Топырақ дегеніміз не?
4. Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
5. Тұқым нешеге бөлінеді?
6. Жылдың неше мезгілі бар?
7. Жануарлар неше топқа бөлінеді?

V. Жаңа сабақ.
А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын білсең. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады.
Бұл қызық!

Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.
Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.
Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.
ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу
Дәптермен жұмыс. Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүн

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
Сергіту сәті....
Сурет бойынша жұмыс; жануарларды тану және олар жайында әңгімелеу.
Жануарларды өз ұяларына қондыр: (ойын) тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, борсық, аламан, камшат.
1) қысқа азық дайындайтын аңдар:
2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:
3) қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Кім зерек?(ойын)
1. Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады?
2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?
3. Қандай жануарлар еш нәрсеге шамасы келмей қатып қалады?
4. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата.
5. Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата.
6. Жануарлар тіршілігіне не қажет?

VІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар қыста қалай жылынады?(Эссе)
ІХ. Бағалау.
17 540
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру
Сусыз тіршілік жоқ
Сусыз тіршілік жоқ
Сабақтың мақсаты: 1) Су - тіршілік көзі, судың жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екенін ұғындыру. 2) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын арттыру.
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Жануарлардың қысқы мекені
Жануарлардың қысқы мекені
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау; табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; жанды табиғат пен жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×