Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?

19 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы

Тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады? Жануарлар немен қоректенеді?
Мақсаты: а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру;
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушыларды түгелдеу.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жылу – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Тақырыпты оқыту.
Тест
1. Жапалақ жемін қашан аулайды?
а) күндіз
ә) түнде -
б) түсте
2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?
а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен -
ә) көзімен
б) аяғымен
3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?
А) ауа, су, жарық, жылу, қорек -
ә) үй
б) темір
4. Топырақта ауа бола ма?
А) болады -
ә) болмайды
б) мүлдем болмайды
5. Жануарларға жарық керек пе?
А) ия -
ә) жоқ
б) керек емес

ІІІ. Өткенді пысықтау.
Кім зерек?(ойын)
1. Ауаның негізгі қасиетін ата? Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз болады.
2. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
3. Топырақ дегеніміз не? Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты
4. Күзде жапырақтар неге сарғаяды? Күзде ауа райы салқындағанда топырақ тоңазиды. Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы да азаяды. Сондықтан күзде жапырақтар сарғаяды.
5. Тұқым нешеге бөлінеді? 2 Құрғақ және шырынды
6. Жылдың неше мезгілі бар? 4
7. Жануарлар неше топқа бөлінеді? 3 Жыртқыш, өсімдікқоректі, жәндікқоректі

V. Жаңа сабақ.
А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын білсең. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады.
Бұл қызық!

Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.
Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.
Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.
Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.
ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу
Дәптермен жұмыс. Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүн

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
Сергіту сәті....
Сурет бойынша жұмыс; жануарларды тану және олар жайында әңгімелеу.
Жануарларды өз ұяларына қондыр: (ойын) тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, борсық, аламан, камшат.
1) қысқа азық дайындайтын аңдар:
2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:
3) қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Кезбе тілші
Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады? Ағашқа

2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?
Қоян, түлкі, тиін, қасқыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 044
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар немен қоректенеді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Абенова Жанарай Сагыйбатовна
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Жануарлар қыста қалай жылынады?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Жануарлар қалай қоректенеді?
Жануарлар қалай қоректенеді?
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×