Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ күрішті - аймақ

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Ақ күрішті - аймақ
Мақсаты: 1. Бағалы астық дақылы туралы білімдерін кеңейту, күріштің шығу тарихы, отаны туралы мағлұмат беру, ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы мәлімет беру.
2. Дәнді дақылдар туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық жұмысқа белсенділігін арттыру.
3. Күрішшілер еңбегін бағалау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан физикалық картасы, дәнді дақылдардың гербарийі, үлестірме карточкалар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Сабақта қолданылған әдістер: Топтастыру, бес жолды өлең, эссе,
Пән аралық байланыс: қазақ тілі. биология, география, тарих.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, достарым,
Сәлем бердік сіздерге.
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ жасыру.
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар. (бидай).
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас. (күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс ( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)
Жұмбақтардың атауы бойынша топтарға бөліну. Топ деген сөзге ассоциациясын, ережесін құрып қорғау.
Слайд: Дәнді дақылдар түрлері (қарақұмық, арпа, бұршақ, күріш, сұлы, бұршақ, бидай) көрсетіп жалпы дәнді дақылдарға не қажет? Ортақ сұрақ қойып, кластер құрғызу.
АУА
СУ
ЖЫЛУ
ЖАРЫҚ
МИНЕРАЛДЫ
ҚҰНАРЛЫ ТОПЫРАҚ
ТҰЗДАР
Дәнді дақылдардың өсетін мекенін білу мақсатында сөз жұмбақ шештіру.
---Қ о л ғ а п
қ Ы з ы л
---З ы ғ ы р
с Ы з ғ ы ш
ұ Л у
--О қ т а у
о Р а қ
--Д о п
--А т а
Қызылорда туралы не білесіңдер? Ассоциация құру. Жеке, топта. Мәлімет беру.
Қызылорда облыстың тарихына тоқталу.
Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенелер Қарасопы, Оқша Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.
Облыста 7 аудан бар.
Аудандар тізімі батыстан шығысқа қарай:
Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,
Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке - Би кенті,
Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,
Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,
Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,
Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,
Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті.

Сергіту сәті:
Жел соқты,
Жел қатты - қатты соқты,
Найзағай жарқ етті,
Жаңбыр жауды, күн ашылды.
Мағынаны тану: Қызылорда облысы туралы мәліметтен кейін бүгінгі күннің тақырыбы хабарланады. Күріш туралы әңгімелесу, күріш түрлерімен танысу.
Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
Дән атасы Жақаев туралы мәлімет:

(1891, Қызылорда облысы Шиелі ауданы — 19. 9. 1981 жылы қайтыс болды) — әйгілі күріш өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы “Қызыл Ту” (кейінгі Ы. Жақаев атында) кеңшарының звено жетекшісі болған. Ол бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды.

Ыбырай Жақаев
Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді түсініп іштей оқу.
2. Мәтіннің негізгі ойын кластерге түсіру, қорғау.
3. Мәтіннің әр бөлігі қай түріне жатады?(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
4. Оқушыларға сұрақтар қою. Күріш неге Қызылорда облысында өсіріледі?

Дәптермен жұмыс: «Толықтырып көр» Оқушылар дәптерге өсімдік мүшелері туралы оқулықтан алған мағлұматтарын дәптерлеріне жазады.
Сабақтары..............
Жапырақтары............
Гүлдеуі..........
Пісуі.....................
Сөздік жұмыс:
Қызылорда - облыс орталығы
Сырдария - өзен
Күріш - дәнді дақыл сөздерін жаздыру.
Қызылорда халқы немен айналысады?

күріш ---------- қаракөл қойы ---------- Сырдария
тамақ ---------- тері ------------------------ балық
Сабақты бекіту:
Күріш тобы - 5 жолды өлең құрастыру.
Бидай тобы - Эссе «Бағалы астық»
Жүгері тобы - «Мен күріштен не жасар едім» (аспаз рөлінде)
Күнбағыс тобы - күнбағыс дәнінен кірпік шешен даярлау.

Қорытынды: а) сабақты қорыту.
Үйге тапсырма:
Рефлексия: топта бағалау.
19 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлері, ерекшеліктері, көбеюі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Алтын күз (ашық сабақ)
Алтын күз (ашық сабақ)
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әйел - Ана
Әйел - Ана
Әйел - Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру; Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту;
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
Ақ күрішті аймақ
Ақ күрішті аймақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы
"Алтын күз" ертеңгілік
"Алтын күз" ертеңгілік
Алтын күз мерекесін өткізу. 2) Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×