Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әйел - Ана

17 қазан 2017, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Әйел - Ана
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Әйел - Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру;
2. Дамытушылығы: Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, ананы
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс

І. Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу
2) Психологиялық дайындық
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, достарым!
- Амансыз ба, ұстазым!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ана» туралы эссе жазып келгендерін тексеру.
2) Шығармашылық жұмыстарын тексеру
- Ана туралы мақал – мәтел сұрау.

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі
1) А. Сейдімбек туралы топтастыру арқылы мағлұмат беру
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген.
Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
2) А. Сейдімбектің «Әйел - Ана» әңгімесін сатылай кешенді талдау әдісі бойынша түсіндіру
Әйел - Ана
Күншуақ елі
Қапыда шапқан жау
Жау әміршісінің жарлығы
Тұтқындардың шешімі
Ақ шашты ананың ақылы
Жау әміршісінің алдануы
Қасиетті сөз

ІУ. Оқулықпен жұмыс
1) Мәтінді іштей оқыту
2) Мәтінді дауыстап оқыту
3) Мәтін мазмұнымен жұмыс
Ертегіден түсінгендерін сұрау.

У. Дәптермен жұмыс
1) Сөздік жұмыс
УІ. Шығармашылық жұмыс
1) Бес жол өлең құрастыру
І топ: Күншуақ елі
ІІ топ: Ана туралы

УІІ. Сергіту сәті
«Ана» туралы өлең айту
УІІІ. Поэзия минуты
1) «Ана» сөзін топтастыру

ІХ. Сабақты бекіту
- Сурет бойынша сабақ қорытындыланады
1) Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады?
2) Ер - азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел - Ана қандай тапқырлық жасады?
3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?
4) Ер - азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

Х. Үйге тапсырма: Ертегі бойынша түсінгендерін айту
ХІ. Бағалау

Балқаш қаласы, Қарағанды облысы
№4 мектеп - интернатының
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Жумашкина Аспет Кажикаримовна
3 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту. Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"
Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Эльмира Төлепқызы
Ақселеу Сейдімбек "Әйел - ана"
Ақселеу Сейдімбек "Әйел - ана"
Қарағанды қаласы, Приозерск қаласы №1 ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×