Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 санынан азайту

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру.
а) Қосу кестесі туралы білімдерін есептерді шығару дағдыларын бекіту. Сәйкес теңдіктерді, теңсіздіктерді жазуды, оқуды меңгерту.
ә) Шығармашылық қабілеттерін арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Оқушыларды саналылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар. «Жанглер» суреті, салдар жазулы доптар, слайдтар
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, математика, музыка.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Өзін - тану сабағынан адам бойындағы 5 асыл 5 жаман қасиет бар екенін білдік. Жалпы бойымызға 10 қасиеттің 5 – еуін дарытып, 5 – еуінен аулақ болуымыз керек. Математика сабағынан 10 санына тоқталамыз. Олай болса сабағымыз 10 - саннан азайту. Бүгінгі сабақта 10 көлемдегі сандарды қосып, азайтуға есептер шығарып түрлі жұмыстар жүргіземіз. Бүгін наурыздың 1 – і көктемнің алғашқы күні. Жер беті босап ағаштар бүршік атып, жапырағын жаяды. Ендеше мына бұтақтағы жапырақтарға көз жіберейік, осы жапырақтың сыңарын табайық.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 84 қоңырауды ашайық. 1 – мысалды қарайық. Бұл айтылып тұрған қосудың компоненті ме, азайтудың компоненті ме? Нені табамыз. Енді балалар, осыны тақта да орындайық. (оқушылар айырманың мәнін табады?.)
Тақтадағы суретке қарайық. «Жанглер» ойыны.
Яғни біздер «сайқымазаққа» көмектесейік. Мына берілген шариктерден өрнек құрайық. Алдымен қосуға екі өрнек жазайық
3 + 7 = 10
7 + 3 = 10
Бұл өрнектен не байқадық?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
- Кәне кім айтады?
- Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
- Бұдан қандай анықтама айтуға болады?
- Енді азайту түріндегі өрнек құрастырайық
10 – 2 = 8
10 – 8 = 2
- Бұл өрнектерге қарап қандай қорытынды жасаймыз.
- Қосу мен азайту бір – біріне кері амалдар.
Дәптермен жұмыс.
Ендеше, дәптерлерімізді ашамыз.
1 – мысалды орнымызда шығарайық. Өзін – өзі бағалау.
8 + 2 =
4 + 6=
4 + 3 =
2 + 8 =
+ 4 =
- 8 =
- 4 =
- 2 =
- 6 =
Тақтаға қарай отырып, өзімізді бағалайық.
Жақсы, балалар, 3 есепті іштей оқиық
1. Есепті дауыстап 1 оқушы оқиды.
2. Есепті талдау.
- Есепте не туралы?
- Гүлдер туралы.
- Есепте не белгілі?
- Барлығы 10 гүл, оның 3 – еуі қызыл.
- Есепте не белгісіз?
- Ақ гүл.
- Қалай табамыз?
- Қандай амал қолдандық?
- Азайту.
- Неліктен?
- Қалағаның табу үшін қандай амал қолданамыз?
- Енді дәптердегі гүлдерді санайық?
- 10 гүл
- Есепте нешеуі қызыл еді?
- 3 – еуі.
Алғашқы 3 – еуін бояйық. Сурет арқылы құрастырдық енді. Дәптерге шешуі мен жауабын жазамыз (1 оқушы тақтада орындайды)
Шешуі: 10 – 3 = 7
Жауабы: 7 ақ гүл бар.
Кәне бәріміз бері қарайық, кімнің ойы ұшқыр екен?
1. Тал басында
Тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де
Ілініп
Жапырақтың нешеуі.
(5 - уі)
2. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады
(7 - уі)
3. Алшаға кеп күнара Қонушы еді бір ара
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
(10 - ы)
4. Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?
(6 - ы)

Топтық жұмыс.
І – топ ---------ІІ топ--------- ІІІ топ
Алдымен азайтуға қатысты 2 өрнек.
Азайтқыштың астын сыз.
10 – 6 = 4
10 – 8 = 2
10 – 7 = 3
10 – 4 = 6
10 – 2 = 8
10 – 3 = 7
Кеспе қағазбен жұмыс.
0 + 5 = 5 + 0
10 – 5 9 – 9
8 – 8 < 5 – 1
Танымдық жұмыс.
Бос орынға қойылуы тиіс фигураны табу.
Сабақты қорыту.
- Не үйрендік?
- 0 санынан азайтуды.
Бағалау. (оқушыларды мадақтап ауызша бағалау).
Үйге тапсырма. 81 қоңырау № 2.
6 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
10 санынан азайту
10 санынан азайту
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы, Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қ. Нұржанова
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Бастауыш класс мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×