Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашудан өткізілген бұл сабақ дамыта оқудың тиімді әдіс - тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ғылыми ойлау жүйесін арттыру мақсатында жүргізілді.
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Б дыбысы мен әрпін таныту, сауатты оқуды жетілдіру
Еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, әділдікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сөздік қорларын молайту, байқағыштық қабілеттерін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, кеспе әріптер, магнитті суреттер т. б
Сабақтың принципі: көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық
Сабақтың мазмұны:

I. Психологиялық әзірлік:
Класымыз тап - таза
Бор да дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға

II. Өтілген материалдарға шолу
а) дыбыстар мен әріптерді қайталау
ә) сөздерді оқу
-------- на
ай ---- ран
------- ман
б) магнитті көрнекіліктердің атын жазу
торғай алма тарақ
в) сөйлемдер жазу
Айнаш, доп ал. Анау – торғай.
Марат, шана ал. Дала аппақ.

III. Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақ:
а) Қызығушылықты ояту: «Жұмбақ шешу»
Өзі біреу, көзі үшеу
Қанаты жоқ ұшпайды,
Су астында қыстайды
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған
- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайықшы!
Бағдаршам, балық, бор
- Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұрма? Ол қандай дыбыс?(Б б)
- Артикуляциясы: Б – еріннің бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс. Б – тек қана сөздің басы мен ортасында кездеседі. Мысалы:
- Бақа, бала, бор арба, дорба, барабан

V. Дидактикалық ойын:
Тақтада ілінген суреттердің ішінен тек қана «Б» дыбысынан басталатын суретті іріктеп алу
шырша, барыс, сағат, доп (суреттер)

VI. Оқулықпен жұмыс
Ба - ла ба - ба ба - ла - пан
Ба - та бо - та ба - ра - бан
Сөздерді оқып, мағынасын ашу
VII. Ертегі «Бес саусақ»
Ерте, ерте, ертеде, бір қарияның бес саусағымыздай бес ұлы болыпты. Күндердің күнінде қария қартая бастаған соң, өзіне бір ұлын мұрагері етіп тағайындамақшы болып ұлдарын шақыртып, былай депті:
Сен – бас бармақсың,
Сен – балалы үйрексің,
Сен – шылдыр шүмексің,
Сен – ортан терексің,
Сен – кішкентай бөбексің
- Мен болсам қартайдым, біреуің үй иесі болуларың керек. Кім ақылдылығын көрсетсе, сол мұрагерім болады,- дейді қария.
Бас бармақ: Алтын жүзік қолымда
Байлық менің жолымда
Мұрагерің болайын
Түсіңдер менің соңыма

Балалы үйрек: Күміс белбеу белімде Жалт - жұлт етеді көрдің бе?
Тең келмейсің менімен
Түсіңдер менің ізіме

Ортан терек: Асыл киім үстімде
Байлық менің жолымда
Мұрагерің болайын
Түсіңдер менің соңыма

Шылдыр шүмек: Құндыз бөрік басымда
Жүрейін әке қасыңда
Мұрагерің болайын
Түсіңдер менің соңыма

Кішкентай бөбек: Асыл жүзік менде жоқ
Асыл киім менде жоқ
Күміс белбеу менде жоқ
Екі қолым сенерім
Аянбай еңбек етермін
Қария кенже ұлының сөзіне риза болып, мұрагері етіп кенже ұлын қалдырыпты.

VIII. Сергіту сәті: Ботақаны нардың
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп
Секіре алмай қалдың

IX. Сабақты қорытындылау:
• Сөздік қорыңды молайт: бұлт, білезік, бөпе, бесік, бәйшешек
• Адам аттары: Берік, Бауыржан, Бердіғали, Бибінұр, Бекжан
• Адамның дене мүшелері: бас, бет, бел бүйрек, башпай

Сөз мағынасын ажырат:
ор -------------------ал
Б - ата --------Б - алға
X. Бата айту
XI. Бағалау:(мадақтау, «5» бағасын сыныпқа тапсыру)
4 919
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×