Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныппен қоштасу

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сыныппен қоштасу.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін қуанышты да, қызықты күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған бөбектер міне бүгінде бойлары да, ақыл - ойлары да өскен бастауыш мектепті бітіріп, орта буынға аттағалы отыр.
Шаттық шеңберіне тұру
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын,
Деніміз сау болсын,
Еліміз аман болсын.

- Бүгін 4жыл бойы алған білімімізді ата - аналарымызға, ұстаздарға көрсетеміз. Бүгінгі ойын сабағымызда болашақта Қазақстанның туын биікке көтеретін балаларды анықтаймыз. Жарыс сабағы болғандықтан топқа бөлініп аламыз. Осы жарыстың жеңімпаздары болашақта биік шыңнан көрінеді деп сенемін.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік болса сол алар.
1 айналым «Біліміңді мықта»

Тапқырлар -------------- Алғырлар
324*5 --------------------- 512*3
615*3 --------------------- 610*5
232*4 --------------------- 224*2
«Кім шапшаң?»
1т 65 -(27 - 34: 2)*3
(415+814)*(48 - 37)
2т 12*(53 - 48)- 84: 7
2147 - 314*5+618
1топ ----------------------- 2топ
Х*12=15*4 -------------- х+10=564
5*х=7+28 ---------------- 18: х=81: 9
« Кім жылдам?»
Ара қашықтығы 48км екі ауылдан бір мезгілде бір - біріне қарама - қарсы велосипедші мен жаяу адам шықты да, олар 2сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 20км/сағ, жаяу адамның жылдамдығы қанша?
Қызықты сұрақтар
1. Дайындауға болады, жеуге болмайды (сабақ)
2. Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын.(мамық)
3. Қалайша жұмыртқа үш метр ұшып жарылмауы мүмкін.(одан алысқа лақтырса)

Сұрақтар.
І 1. Ұзындығы 9см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 11см, ені 8см периметрін тап.
3. Бірдей 9ыдыста 45кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
4. х*6=18 х нешеге тең?
5. 1ғасырда неше жыл бар?
6. 1 тәуліктің 6/1 нешеге тең?
ІІ 1. Шаршының ұзындығы 8см, ауданы нешеге тең?
2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 6см, ені 4см периметрін тап.
3. Әлібек 1айда 7қызықты ертегі оқыды. Осы қарқынымен 1жылда қанша кітап оқыды?
4. 2700: х=9 нешеге тең?
5. 1 айдың 1/3 бөлігі нешеге тең?
6. Айжан 1айда 5қызықты әңгіме оқыды. Осы қарқынмен 1жылда неше кітап оқыды?

ІІ айналым «Тапқыр болсаң, талас жоқ.»(ана тілі б/ш)
а) Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды.)
ә) Бірлігі жоқ ел тозады,
(Бірлігі күшті ел озады.)
б) Өнер алды - бірлік,(ырыс алды тірлік)
в) Білекті бірді алады, (білімді мыңды алады
г) Еңбексіз өмір -(сөнген көмір)
д) Білімсіз адамның сөзі білектей,
(Білімді адамның сөзі жібектей)
ж) Жаман аттан аяғым артық,
(Жаман жолдастан таяғым артық)

Сұрақтар
1. «Қаздың тұзаққа түсуі» бұл қай ертегіде кездеседі?(Ұр, тоқпақ)
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген жолдар кім туралы?(ана)
3. Жырды айтушы адамды қалай атайды?
4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?
5. Құрманғазының анасының аты кім?
6. «Енді қайттім? Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылу керек»деген жолдар сөйлесудің қай түріне жатады?

ІІІ айналым «Тіл өнері»
1. Денсаулық зор (байлық - богатство)
2. Аттан тай озады, атадан кім озады?(бала - ребёнок)
3. Не оттан да, ыстық?(Отан - Родина)
4. Сөзі дана, үйі жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.(кітап)
5. Қыймылдаса қос шебер
Қыруар қыруар іс өнер.(қол - рука)
6. Ашу дұшпан болса,
Ақыл не? (дос - друг)
7. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық - рыба)
Қазақстан (Сөз мерген)

ІV айналым Қызықты сұрақтар
Дүниетану
1. Суда туып, құрғақта өмір сүреді. (бақа)
2. Қалталы аң. (Кенгуру)
3. Бұғы көктем сайын несін жоғалтады?(мүйіз)
4. Пингвин құс па, аң ба?(құс)
5. Не арқасымен алма жинайды?(кірпі)
6. Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді?(тасбақа)
7. Қай жануар қыста ұйықтайды?
8. Ақ жолағы бар талды ата.(ақ қайың)
9. Басын төмен қаратып не ұйықтайды?
10. Ара біреуді шаққаннан кейін несін жоғалтады?(инесін)
Сен білесің бе?
1. Қай кірпінің тікені кірмейді?(жаңа туған)
2. Шайдың Отаны (Үндістан)
3. Дүниежүзіндегі халықтың саны ең көп мемлекетті ата.
4. Дүниедегі ең кішкене жылқы.(пони)
5. Ең кішкене құс.(колибри)
6. Ең үлкен балық.(кит)
7. Ең үлкен құс.(түйеқұс)
8. Ең алып құс.(самұрық)
9. Ең салмақты жануар.(піл)
10. Ең ауыр жануар.(кит)
11. Суыққа ең төзімді құс.(қаз)

V айналым «Ұшқыр ой»
1Топ
1. «Балама хат» өлеңінің авторы кім?
2. 1 т неше центнер?
3. І жақтың тәуелділік жалғауы.
4. Исатайдың баласы.
5. 7 нешеге тең
6. О: 1 нешеге тең?
7. «Алпамыс батыр» шығарманың қай түріне жатады?
8. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2 топ
1.«Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?
2. 1ц неше кг бар?
3. ІІІ жақтың тәуелдік жалғауы.
4. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты.
5. 8 нешеге тең?
6. Кез келген санды нөлге көбейткенде не шығады?
7.«Ғажайып бақ» әңгімесі шығарманың қай түріне жатады?
8. Қашықтықты қалай табамыз?

Жеңімпаз топты табамыз. Марапаттау.
Білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштаса отырып өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз.
Монтаж
8 871
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×