Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар
557 - 561 жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 1. Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар (мен, бен, пен, да, де, та, те) туралы білімдерін, олардың жазылуы туралы білімдерін пысықтау.
2. Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар туралы білім - біліктерін дамыту, сөздік қорларын молайту, сауаттылықтарын арттыру
3. Елімізді, тілімізді, салт - дәстүрімізді, тарихымызды білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: 1. Тақырыпқа арналған ережелер
2. Суреттер, үлестірме кеспе қағаздары, сызбалар

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық
Хормен: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) 555 - жаттығу (дәптерден оқыту)
Шылаулардың қай сөз табынан кейін келгенін айту.
ә) Сұрақ - жауап әдісі бойынша шылаулардың түрлерін сұрау
Үй тапсырмасын қорыту
(слайд)
Шылау
мен (бен, пен) және
да (де), та (те)
ма, ме, ба, бе, па, пе
үшін, туралы, дейін, шейін
қана, ғана, қой, ғой, - ақ

3. Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар. Біз оқулықтағы 557 - жаттығуды орындау барысында мен, бен, пен шылауларының шылау тұлғалы қосымшалар екенін байқаймыз.
- Қосымша дегеніміз не?
- Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Қосымша жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінеді.
- Жұрнақ пен жалғау дегеніміз не?
- Жұрнақ сөзден сөз тудыратын қосымша. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
Мен (бен, пен) шылау болса, бірыңғай екі сөзді байланыстырады да, екеуінің ортасында бөлек жазылады: Алтай қағаз бен қалам сұрады.
557 - жаттығуды (салыстыра отырып талдау)
(слайд)
1. Құлын мен тай жарысты. -------------------- Құлын таймен жарысты.
2. Бөрібасар мен бөтен ит таласты. --------- Бөрібасар бөтен итпен таласты.
3. Атам мен әжем бірге келді. ---------------- Атам әжеммен бірге келді.

Көркем жазу
4. Сабақты бекіту. Дәптермен жұмыс
558 - жаттығу
Қой қорада. ---------------------- Қора да ескірді.
Жылқы өрісте. ------------------- Өріс те кеңейді.
Әлия ауылда. -------------------- Ауыл да өзгерді.
Оқушылар мектепте. ---------- Мектеп те жақын.

5. Сергіту жаттығуы. М. Шаханов «Төрт ана» тыңдату

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы айдыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айбыны.
Жан байлығы салт - дәстүрі тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз сана қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған,
Тамырсыздың басы қайда қалмаған
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы.
а) Өлеңнен шылауларды табу.

ә) Ақын төрт анаға нелерді жатқызады?
559 - жаттығу
Тоғайда құс көп. ----------------- Тоғай да гүлдеді.
Тоғанда су мол. ------------------ Тоған да биіктеді.
Көлде балық бар. --------------- Көл де толқыды.
Құста, ұшақта қанат бар. ------ Құс та, ұшақ та самғады.

Баяндауыш сөйлемнің соңында болады. Ол қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді. (Сөйлемнің соңындағы сөздерге назар аударту).
а) Жатыс септігінің жалғаулары мен шылауларды ажырату.
ә) Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

Жұмбақ шеше отырып, шылауларды табу.
1. Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін. (ауа)

2. Елдер мен қаласы,
Ойпаты мен даласы,
Теп - тегіс тақтайды,
Өзені де ақпайды.
Тоғайы мен тауы бар.
Бұл не өзің тауып ал. (карта)

3. Биікке салған ағаш үй,
Сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ,
Қыста алысқа кетеді. (қараторғай)

4. Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың
Айтады кәне, кім атын? (ата, апа, ана, аға, іні)

6. Сабақты қорыту.
Венн диаграммасы

Шылаулар ---------------------------------- Септік жалғау
мен, бен, пен ------------------------------ І. с. ның, нің, дың, дің, тың, тің
да, де, та, те -------------------------------- Б. с. ға, ге, қа, ке
ма, ме, ба, бе, па, пе -------------------- Т. с. ны, ні, ды, ді
үшін, туралы, дейін, шейін ----------- Ж. с. да, де, та, те
қана, ғана, қой, ғой, - ақ --------------- Ш. с нан, нен, дан, ден
------------------------------------------------- К. с. мен, бен, пен
Шылау тұлғалы қосымшалар (мен, бен, пен, да, де, та, те)

Мақал - мәтелмен жұмыс.
1. Сыйлап берген су да тәтті.
2. Ер ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
а) мақалдардан шылауларды табу.
ә) балалар арасындағы сыйластық және ұлдарымыздың отан сүйгіш, ұлтжанды болуын

7. Үйге тапсырма.
а) 561 - жаттығу
Өздерің тұрған жердің (қала, ауыл т. б.) көктемгі тіршілігін сипаттап, шығарма жаз.
Оған шылаулар мен тұрақты сөз тіркестерін қатыстыруға тырыс.
ә) Тақырып бойынша ережелерді түсініп жаттап, меңгеру.
8. Бағалау. (Балалардың жауаптарына мадақтаулар мен ескертулер)
15 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Септеулік шылау
Септеулік шылау
Шылау туралы алған білімдерін толықтыру, септеулік шылаудың өзіндік ерекшелігін таныту.
Шылаудың түрлерін қайталау
Шылаудың түрлерін қайталау
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Каденова Ж. Ж.
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×