Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 21 ғасыр көшбасшысы
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»
Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отыра, ақыл – ой өрісін жан – жақты дамыту.
2. Оқушылардың ана тілін, сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан ұлт - өнеге алуға баулу.
3. Қазақстан патриотизмін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын
Көрнекіліктері: білімге байланысты мақал - мәтелдер, тұлғалар суреттері (жасырын), пән атаулары, т. б
Барысы:
- Сәлеметсіңдер құрметті оқушылар, әділқазылар алқасы, қонақтар!
- «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріне бірің еріңдер.
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
- Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән – күймен, өлеңдермен, мақал – мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік!
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.
Бүгінгі сайыс сабағымыздың ерекшелігі сыныбымыздың көшбасшысын анықтаймыз. Сендердің сабаққа жақсы қатысып отырғандарың, жақсы жауап берулерің Тәуелсіздікке қосқан өз үлестерің.
Сайыс: 4 кезеңнен тұрады. Сайысымыздың бөлімдері қазақтың ұлттық ойындарына сәйкес.
1 кезең: «Көкпар»
2 кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 кезең: «Тұлғалар»
4 кезең: «Бәйге»

Сайысты қадағалап, бақылап отыратын сарапшымыз бар. Бастауыш сынып мұғалімі Иманбекова Қ. А.

1 кезең: «Көкпар»
- Ендеше бірінші айналымды бастайық!
Ана тілі 10 20 30 40
Математика 10 20 30 40
Қазақ тілі 10 20 30 40
Дүниетану 10 20 30 40
Ана тілі
10 ұпай Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсететін мәтін түрі (сипаттау)
20 ұпай М. Дулатов «Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай ай туралы айтып отыр? (Шілде)
30 ұпай Ғ. Мүсіреповтың «Көлде» әңгімесін есіңе түсір. Сақалды бастарымен бозторғайдың жұмыртқасын нелер шағып жейді?(Қарға)
40 ұпай Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы нені білген? (Ауа райын)
Қазақ тілі
10 ұпай Үнді дауыссыз дыбыстарды ата (л, м, н, ң, р, й, у)
20 ұпай Сөздің құрамы неден тұрады (түбір жұрнақ)
30 ұпай Сөйлемнің ең негізгі мүшесі (бастауыш)
40 ұпай Бастауыш пен баяндауыш тың арасына қай кезде сызықша қойылады?(екеуі де бір сұраққа жауап берсе)
Математика
10 ұпай Көбейтудің компоненттерін ата
20 ұпай 63 пен 7 - нің бөліндісі
30 ұпай Ұзындығы 5 см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданы қанша?(35)
40 ұпай 5 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(26)
Дүниетану
10 ұпай Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесі қалай аталады?(карта)
20 ұпай Парламент қандай палатадан тұрады? (Мәжіліс сенат)
30ұпай Суда тіршілік ететін сүтқоректілерді ата (итбалық, кит дельфин)
40 ұпай Тыныс алу мүшелеріне не жатады (мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе)

ІІ айналым
Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - демекші келесі айналым «Жеті жұрттың тілін біл». Мұнда сіздер қазақша – орысша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз да тексеріледі.
Дұрыс жауап 20 ұпаймен есептеледі
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем – весна)
2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ. (мысық – кошка)
3. Жүз теңгең болғанша, жүз... болсын (дос – друг)
4. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп – мяч)
5. Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аптама (кітап – книга)
6. Жеті қазынаның бірі (ит – собака)
7. Әр адамның шағын отаны (отбасы – семья)

ІІІ айналым «Тұлғалар»
Яғни бұл айналымда елімізге еңбегі сіңген, өнерімен әлемді қаратқан халқымыздың танымал, атақты тұлғаларының есімдерін табу керексіздер. Дайын болсақ айналымды бастайық. Әр дұрыс жауап 10 ұпай
1. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі, желбіреген көк туымыздың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. ҚР Әнұранының әнін жазған белгілі композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
3. Музыкалық сұрақ
Мына әнді орындаған әншінің есімін білесің бе? (Р. Рымбаева)
4. Республика Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысы (Н. Назарбаев)
5. ҰОС қатысып ерлікпен қаза тапқан шығыстың қос жұлдыздары кімдер (Әлия мен Мәншүк)
6. Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда; өлеңінің авторы кім? (Абай)
7. 2012 ж Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. (С. Сәпиев)
8. Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті басқарған кім? (Абылай хан)

ІV айналым «Бәйге»
- Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайға ие боласыздар.
1 – сұрақ. ҚР – ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 желтоқсан)
2 – сұрақ. ҚР – ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
3 – сұрақ. Еліміздің Конституциямыздың нешінші бабында «ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілі деп көрсетілген? (7 - бап)
4 – сұрақ. ҚР – мемлекеттік рәміздері
5 – сұрақ. ҚР – ның тіл туралы заңы қашан қабылданды? (
6 – сұрақ. ҚР – тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
7 – сұрақ. ҚР – ның жер көлемі қанша? (2млн 724мың шаршы километр)
8 – сұрақ. ҚР – ның астанасы қай қала? (Астана)
9 – сұрақ. 16 желтоқсан қандай күн?
10 – сұрақ. ҚР – ның алғашқы президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)

Әділқазылар қорытынды жасайды.
- Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз». ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
5 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз мерген
Сөз мерген
Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тапқыр болсаң,тауып көр
Тапқыр болсаң,тауып көр
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Халқымыз қандай тәлімгер
Халқымыз қандай тәлімгер
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Сынып үздігі
Сынып үздігі
Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы
Білімді ұрпак- ел тірегі
Білімді ұрпак- ел тірегі
«Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Курмалова Асель Агисовна Педагогикалық өтілі: 20 жыл Білімді ұрпақ - ел тірегі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×