Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халқымыз қандай тәлімгер

28 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Бұл жинақта оқушылардың тәрбие, білім, білік, дағдыларын дамыту негізінде, иманды, инабатты, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін халқымыздың ұлағатты, маржан сөздері мен айтқан нақылдары берілген.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
Мазмұны:
Кіріспе................................................................ 3
Халық тағылымы – тәрбие бастауы................. 4
Халық даналығы. Мақал мәтелдер................. 9
Маржан сөздер............................................... 12
Адамгершілік – ата мұра................................. 13
Қорытынды...................................................... 17
Әдебиеттер...................................................... 18

Кіріспе
Бұл жинақ оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу; білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру, оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулып, ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу мақсатымен жасалған.
Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді сыйлау, тыңдау, оның сөздерін еске түсіру, құрметтеу керек.

Жүсіп Баласағұни айтқандай,
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеңе білім қолды жеткізер,
Білімменен аспанға жол салынар,
- дегендей, білімділік пен ізгілікті, имандылық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыта білейік.
Осы құрал ата – аналарға, мұғалімдерге сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндерін оқытуда, тәрбие жұмыстарында көмекші болады.
3
Халық тағылымы – тәрбие бастауы
Мақсаты: а) Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу; білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
ә) Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, үнтаспа, Абай портреті, т. б.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы, білім, ғылым туралы білу. Халқымыз жан - жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыра біледі. Міне, осы туралы өз ойларыңды ортаға саласыңдар.

Халық тағылымы – тәрбие бастауы.
І. Аталы сөз білімді болуға бастайды.
- Қандай аталы сөздерді білесіңдер?
- Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
- Білім туралы қандай заң білесіңдер?
- Жалпыға бірдей білім алу, тегін оқу, т. б.
4
ІІ. Аталы сөз білімді болуға бастайды.
- Қандай аталы сөздерді білесіңдер?
1 - оқушы: Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
2 - оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
3 - оқушы: Кісі бірге туыспау керек,
Туысқаннан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
4 - оқушы: Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайраны болмаса.
5 - оқушы: Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақыттысы жеткенде
Қурамайтын қуат жоқ.

5
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Балдырған» журналдары 2006 – 2008 жж.
2. «Ұлан» газеттері 2001 – 2002ж. ж.
3. «Мақал – мәтелдер» кітабы. Алматы, 1989

Қорытынды
«Сіз» деген сыпайылық,
«біз» деген көмек»
Соншалықты мейірімін, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзімділік, ептілік, шеберлік, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй ішілік қарым – қатынаста, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген.
Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Бала тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінуіне ғана ұлттың қасиет, салт – сана, дәстүр ерекшелігін, психологияны игереді екен.
Ана тілін түсінген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтын болады.

Оқушы: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.

ІІ бөлім. Біліммен қаруланған қор болмайды.
1) Білім туралы қандай заңдар білесіңдер? Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының жобасы шықты. Бұл жобада білім жүйесін ынталандыру, таланттылыққа, біліктілікке, өзін - өзі дамыту, ынталандыру туралы айтылған. Әрбір заңды біліп жүру – басты парызымыз.
2) Абайдың білім туралы айтқан ойлары.

Оқушы: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Оқушы: Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар, қалан.

Оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 983
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2019 - 2020 оқу жылындағы 2 сыныбының тәрбие жұмысының І жартыжылдықтағы есебі
2019 - 2020 оқу жылындағы 2 сыныбының тәрбие жұмысының І жартыжылдықтағы есебі
Тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді.
Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі - бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір - қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез -
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
1 сынып оқушыларына арналған "Шешендік сөздер" бағдарламасы
Екібастұз қаласының №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Арынова Гүлбану Серікқызы
Жадыңда жүрсін жақсы әдет
Жадыңда жүрсін жақсы әдет
Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы – бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындырып, сол сөздерден өнеге беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×